Отансүйгіштік пен азаматтық тәрбие: рухани-адамгершілік тәрбиенің мәселелері және шешу жолдары

Отансүйгіштік және азаматтық тәрбие беру:жағдайы мәселелері және шешу жолдары.
Жеке тұлғаға рухани - адамгершілік тәрбие беру.
Адамгершілік кімде болса, соны ер деп есепте. Ахмет Жүйнеки
Адамгершілік дегеніміз - шындық. В. М. Шукшин
Адамгершілігің пәс болса, әділетті бола алмайсың. Вовенарг
Адамзат тарихында адамгершілікке байланысты пайда болған категориялар: жомарттық, батырлық, ерлік, ар мен намыс, адалдық, шыншылдық, қарапайымдылық, кішіпейілділік.
Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды ұрпақтың орны мүлде бөлек.
Ұлы ғұлама ғалым Әл-Фараби айтқандай «тәрбиесіз білім-адамзат жинаған құндылыққа зиянын тигізеді». Ендеше, жас ұрпақты заман талабына сай тәрбиелі етіп дайындау-аса маңызды міндет.
Жастарымыз салт-дәстүрімізді көздің қарашығындай бағып жүретін, көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін, адамзаттың ой көгінде ағып жүретіндей болуы тиіс.
“Елімізге бойына ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай қызмет ететін, ой өрісі кең, алғыр да, жүректі, сауатты да, салауатты азаматтар қажет”