Депрессия: анықтамасы, себептері, исламдық көзқарас пен емдеу әдістері

Депрессия
Жоспар
Кіріспе
Мағлұматтар
Аурулар
Депрессия әрекеттері
Ислами көзқарас
Емі
Кіріспе
Депрессия (лат. depressio - көңілсіздак, жабыраңқылық) - жабығу, торығу, күйзелу секілді ұғымдарына балама ұғым.
Депрессия - көпке созылмайтын, бірақ созылып кетсе невроз немесе психоздың бастауына айналатын түнілу мен пессимизм арқылы бейнеленетін көніл-күи жағдайы.
Мағлұматтар
Заманауи зерттеулер бойынша қазір әлемде жүрек ауруынан кейінгі екінші орында депрессия дерті тұр. Яғни, адамзаттың жүйкесінің әлсіреуі жер бетіндегі барлық қоғамды қауіптендіруде. Әлемдік статистикаға сүйенсек, өз-өзіне қол жұмсайтындардың 25 пайызы психикалық аурулар болып келеді екен.
Гиппократ, ежелгі грек дәрігері егжей-тегжейлі сипаттағандай, «меланхолия» деп аталады, бұл біздің депрессиялық анықтамамызға өте ұқсас, тіпті ежелгі медицина мүмкіндіктерінің шегінде емдеуді ұсынды.
Мағлұматтар
Аурулар
Жалпы психикалық аурулар өз ішінде шартты түрде екіге бөлінеді: невроз және психоз.
Невроз (депрессия, стресс, дистимия, т. б) кез-келген адамда кездесуі мүмкін. Жақын адамнан айрылу, нашар бастық, ерлі-зайыптылардың ажырасуы, ауыр жұмыс, ақшаның жетіспеушілігі үрей тудырып, ауруға ұшыратады.
Психоз тұқым қуалау немесе аварияға ұшырап, бастан жарақат алу барысында, не инфекция әсер еткен соң туындайды.
Депрессия үш әрекеттен құралады:
редукция, бар нәрседен болмысқа қайта оралу
конструкция, немесе болмыс түсінігін қалыптастыру
деструкция, немесе дәстүрлі түсініктерді жаңаша түсінікке сәйкестендіру.
Ислами көзқарас
Қасиетті Құран Кәримде : «Аллаға әрі Елшісіне бой ұсыныңдар, өзара жанжалдаспаңдар, онда үрейленесіңдер де құттарың қашады және сабырлы болыңдар. Расында Алла, сабырлылармен бірге» делінген. («Әнфал» сүресі, 46-аят) .
Сондай-ақ: «Әй халқымыз! Алланың шақырушысын (Мұхамед ғ. с-ды) қабылдаңдар. Және Аллаға иман келтіріңдер. Күнәларыңды жарылқап, күйзелтуші азаптан қорғайды…» дейді. (Ахқаф сүресінде 31-аят) .
Тағы бір аятта «Сондай иман келтіргендер; Алланы еске алу арқылы көңілдері жай тапқандар. Естеріңде болсын; Алланы еске алумен жүректер орнығады» («Рағыд» сүресі, 28 аят) . Яғни Исламда Депрессияның алдын алу - сабырлыққа шақыру.
Ислами көзқарас
Емі
Депрессия - емі табылатын сырқаттың бір түрі.
Егер депрессия көлемі кішігірім, яғни қатты асқынбаған түрі болса, ондай жағдайда бұл күйден 2-3 күнде айығып кетуге болады. Алғашында, белгілері байқалып жатса бұл жағдайдан өзіңіз шығып кетуіңізді қадағалаңыз.
Емі
Депрессиядан екі тәсілмен емдейді:
біріншісі - психотерапия
екінші - медикаментоз
Психотерапиялық жолмен емдеу көбіне нәтижелі болады. Алайда бұл жолмен емдеу айлап, не жылдап жүргізуді талап етеді.