Өмірбаян


Slide 1

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

Тексерген: Егіншібаева М. Х.

Орындаған: ВР~304к

Аманов М. А.

Алматы 2011

Slide 2

Өмірбаян

Slide 3

Өмірбаян - жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат.

Slide 4

Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т. б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.

Slide 5

Тәжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады.

Бірі-адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс қағазына қоса тігілу үшін жазылады.

Slide 6

Онда адам өзінің аты-жөнін, туған күнін, толық көрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен санамалап жазады. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да, көлемі жағынан шағын болады.

Slide 7

Өмірбаянның екінші түрі - мемуарлар, яғни акын, жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы.

Slide 8

Мұндай өмірбаяндар көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар кай тілде болмасын өте көп және қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылған түрі кездеседі.

Slide 9

Мысалы, Қ. Байсейітовтың "Құштар көңіл"(1977) Ш. Жиенқұлованың «Өмірім менің - өнерім» (1983) кітаптары өмірбаянның осы түріне жатады.

Slide 10

Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан баяндалады.

Slide 11

Мәселен, ұлы жазушылар мен ақындар - Абай, Ш. Уәлиханов, А. С. Пушкин өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады. Мысалы, С. Мұқанов - «Аққан жүлдыз», М. Әуезов «Абай жолы». Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың әр түрлі жанрлары ыңғайында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді.

Slide 12

Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын құжаттың біріншісі - өмірбаян. Өмірбаян әркімнің өз қолымен, таза, жүйелі түрде, сиямен жазылады. Арнайы қағазға жазылуы да мүмкін.

Slide 13

Өмірбаян үлгісі.

Өмірбаян

Мен, Мақсат Ахметұлы Нүсіпбеков, 1983 жылы, 14 қаңтарда Алматы обылысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылында тудым. Менің ұлтым - қазақ. Алматы каласы, Бостандық ауданындағы №81 орта мектебін 2000 жылы бітірдім.

2004 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетінің 1 курсына оқуға түстім.

Ата-анам бар; әкем - Ахмет Абимолдаұлы Нүсіпбеков циркте жұмыс істейді. Анам - Салтанат1 Әріпжанқызы Алпысбекова, ауруханада жұмыс істейді. Мен үйленбегенмін.

Қазір осы жоғары оқу орнының 2-курсында оқып жүрмін. Мақсатым - жоғары білім алып, маман болып шығу.

Мекен жайым: Алматы қаласы, "Орбита-3" ықшамауданы, 26-үй, 48-пәтер, тел. 29-48-56

Slide 14

Пайдаланылған әдебиеттер:

http://kazreferat. kz/product_1468. html

http://kk. wikipedia. org/wiki/Өмірбаян

http://www. google. kz/search?um=1&hl=ru=suggest&biw

іс қағаздарын қазақшы жүргізу оқулығы

Slide 15

Көңіл бөлгендеріңізге

көп рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Өмірбаян қандай құжат
Азаматтық қарым-қатынасты реттейтін құжат Өмірбаян
Құжаттың атауы өмірбаян
Жеке құрам бойынша құжаттар
Алматы облысы ішкі істер
Іс-қ ағ аздар
Сәкен Сейфуллин Ақсақ киік
Азаматтық қарым қатынастарды реттейтін құжат талапарыз
Джон Локк Басқару туралы екі трактаты
Дулат Бабатайұлы Айтқызбасымды айтқыздың өлеңінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz