Хаттар


Slide 1

Тақырыбы: Хаттар

Орындағандар: Жамаладин Д. Қ

НиязбаевС. Е.

Қабылдаған : Ахантаева Г.

Slide 2

Мазмұны

www. themegallery. com

Company Name

Slide 3

АКТ

Акт - бұл фактіні, оқиғаны, іс әрекетті растайтын бірнеше тұлға жасайтын құжат.

Көп жағдайларда құжаттың бұл түрі, деректің нақтылығын жазу мақсатында бірнеше адамдармен құрастырылады. Кейбір жағдайларда актіні бір ғана уәкілді тұлға қарастырылады ( ревизор, инспектор) .

Ревизия нәтижелері бойынша төмендегідей актілер дайындалады :

- істерді қабылдау- тапсыру;

- жаңа сынақтар жүргізу;

- объектілерді пайдалануға қабылдау;

- құжаттарды жоюға тапсыру;

- кейбір жағдайларда актілер жоғарғы тұрған ұйымдармен бектіледі.

Актінің мәтіні басқа құжаттар мәтіндерінен ерекше жазылады, яғни жазылатын деректің қорытындысы мен сол дерек бойынша ұсыныстардан тұрады. Онда қарастырушы тұлғалардың уәкілдігін анықтайтын құжаттарға нұсқау жасалады. Актінің даналар саны нормативті құжаттар немесе тәжірибелік қажетіліктеріне қарай анықталады.

www. themegallery. com

Company Name

Slide 4

АКТ

Егер актідегі қорытындылар мен ұсыныстарды орындалу мерзімі көрсетіліп және олар өкімдік түрде берілген болса, бұл жағдайда акт ұйым басшысына оның мазмұнымен танысуға және танысқаны туралы қол қою үшін ұсынылады.

Акт ұйым әкімшіліктерінің өкімді құжаттар шығаруларына негізгі болып табылады.

Акт мерзімі, актіленген дерек, оқиға күнімен сәйкес болу керек.

Актіге тиісті негізгі деректер:

- құжат түрінің аталуы;

- мерзімі, индексі;

- мәтін;

- қосымшалар

- тақырыпша, бекіт грифі, мәтін, қосымшалардың бар екендігі туралы белгі, төраға, комиссия мүшелерінің қолдары, келісілді, бақылауға алу, орындалғаны және іске жіберілгені туралы белгі.

Актінің мәтін құрылымы өте күрделі, ол екі бөлімнен тұрады: кіріспе және негізгі

Кіріспе бөлім құрылымы:

- негіз;

- комиссия құрамы мына құрамда құралды;

- қатысқандар.

Негізгі бөлімде жұмыстың жүргізілуіне негіз болған құжатқа сілтеме, комиссия мен жүргізілген жұмыстардың негізі, мақсаты, есебі және бекітілген деректер жазылады.

Сондай-ақ қажетілігіне қарай, бұл бөлімде қорытындылар мен ұсыныстар жазылады.

www. themegallery. com

Company Name

Slide 5

Үлгі

Бекітемін

« Алтын дән» кеңшарының шаруашылық

бөлімінің жетекшісі Нұртазаева Ақерке ханымға

Акт

Біз төменде қол коюшылар, « Алтын дән» кеңшарының шаруашылық ісін басқарушы Катекова Асемгүл күріш егесінің звено жетекшісі Сапашова Жанерке

Себебі, кеңшарға жәрдем беруге келген студенттерге құрылған шатырларға тіреу, үстел орындықтар жасап пайдалану үшін 3(үш) текшеметр тақтайы пайдаланылды.

Бұл көрсетілген 3 (үш) текшеметр тақтайды есептеп шығарып, оның орнына шатырдың үлкен 20 (жиырма) тіреуін және 5 ( бес) үстел, 8 (сегіз) орындықты есепке енгізу үшін толтырылды.

Акт екі дана етіп дайындалды.

«Алтын дән» кеңшарының шаруашылық бөлімінің бастығы

қолы . . . . . . . .

Күріш егісінің звено жетекшісі

қолы . . . . . .

Студент

Қолы . . . . . . .

www. themegallery. com

Company Name

Slide 6

Телефонхат

Телефонхат- телефон я радио арқылы телефонхат, радиограмма ретінде жеткізілетін жедел сипаттағы құжат.

Телефонхаттың жеделхаттан айырмашылығы сіз үшінші бір мекеме қызметіне жүгінбей өз ақпаратыңызды телефон я радио арқылы алушыға тікелей мәлімдей аласыз. Ол байланыстың келесі бетінде тұрып сіз айткан ақпаратты жазып алады. Телефонхат мәтіні аса күрделі болмау керек.

Телефонхат формуляры: жіберілген хабардың аты, нөмері, жіберілген күні және қабылданған уақыты жөніндегі мәлімет, байланыс жүйесін іске асырған адамның аты-жөні, телефон я рация нөмірі.

Телефонхат, радиограмма мәтіні арнаулы бланкке немесе таза қағазға жазылады, оған мекеме бастығы немесе жауапты қызметкер қол қояды.

Бұл құжаттың ерекшелігі оның мекемеге бірден келіп түсетіндігі. Телефонхаттар басқа қызметтік құжаттар сияқты есептеледі, қабылданады, сақталады.

Телефон, радио байланысы арқылы құжаттарды жіберіп қабылдаудың әлсіз жағы Қазақстандағы телефон, радио байланысының әлі де талапқа сай құрылмағандығы, техникалық құралдардың нашарлығы.

Телефонхатпен жұмыс істейтін қызметкер епті, мәтінді тез жазып алуға қабілетті, даусы анық, дикциясы жақсы болуы керек. Есту қабілетінің жақсы, қолы ширақ болуы да міндетті. Кеңсе қағаздарына қатысты жұмысты да, телефон байланысын да жақсы меңгерген адам болғаны жөн.

Мекемеде жіберілген, келген телефонхатты тіркеп отыратын арнайы журнал болуы керек. «телефонхаттар журналы » екі бөлікке бөлінеді. Бірінші бөлікте мекемеге келіп түскен телефонхаттар жазылады, екінші бөлігі жіберілген телефонхаттар мәтіндерін жазуға арналады.

Телефонхат құрылымының жеделхат құрылымынан көп айырмашылығы жоқ. Телефонхат құрылымында:

- адресаттың толық аты-жөні жазылады. Ақпарат телефон я радио арқылы бірден мекеменің өзіне келіп түсетіндіктен мекен-жайы көрсетілмейді;

- негізгі мәтін (1000 белгінің шегінде болуы керек. 9-12 сөйлем) ;

- ақпаратты телефон арқылы жеткізуші адамның аты-жөі, телефонхат жіберілген телефонның нөмірі;

- телефонхат жіберіліп болған уақыт және айы, күні, жылы.

;

www. themegallery. com

Company Name

Slide 7

Телефонхатты жіберуші қызметкер мәтінді «Телефонхат журналында» жазылған мәтінмен салыстыра отырып тексеруге, дұрыс жазылғандығына көз жеткізу үшін қайталап беруге міндетті. Телефонхатты қабылдап алған адам ақпарат кімге жіберілсе сол адамға телефонхаттың келгені туралы бірден мәлімдеуі керек.

Телефонхатты жіберуші адам қабылдап алған адамның аты-жөнін журналға жазып қоюы керек.

Қызметтік телефонды пайдаланудың кейбір қарапайым ережелері:

-өте қажет жағдайда болмаса қызметтік телефонды бөгде әңгіме үшін қолданудың қажеті жоқ;

- қызмет бабында телефонмен сөйлескен кезде төңіректегі басқа адамдар тыныштық сақтауы керек;

- маңызды қызметтік мәліметтерді телефон арқылы жеткізу барысында бөгде адамның болуы, жіберуші адамға да, бұл хабардың еріксіз куәгері болып тұрған бөгде тыңдаушыға да ыңғайсыздық туғызады;

- әдеттегі қызметтік сұхбатты жүргізу 2-3минуттан артық уақытқа созылмауы керек. Жер алыстығы мен уақыт тығыздығы болмаса көлемді, күрделі мәселелерді жеке кездесу кезінде шещкен абзал;

- телефон арқылы сөйлесіп отырған адамыңызды жақсы ести алмаған жағдайда, оған қайта телефон соғатыныңызды ескертіңіз де, қайтадан байланысыңыз. Телефон байланысы үзіліп кеткен жағдайда ең бірінші хабарласқан адам қайталап телефон соғуы керек. Телефон арқылы жүргізілген сұхбатты да бірінші аяқтаушы телефон соққан адам болуы керек;

- телефон арқылы құпия ақпарат алудан бас тартыңыз;

www. themegallery. com

Company Name

Slide 8

Үлгі

29. 10. 2011ж

Жастар үйымның жетекшілеріне.

1қараша күні сағат 14. 00де Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің бас ғимаратында жастар ұйымының жетекшілерінің «Тәуелсіздікке 20 жыл» атты конкурсқа қатысушыларды дайындау жөнінде бас қосу жиналысы болады.

Қол қойған:

Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің жастар ұйымының бірлестік бастығы . . . . . . . . . . . .

Жіберген: хатшы . . . . . . . . .

29. 10. 2011күні сағат 10. 00де қабылдап алған . . . . . . . . .

www. themegallery. com

Company Name

Slide 9

Жеделхат

Жеделхат- телеграф (телетайп) арқылы берілетін жедел сипатты құжат.

Күнделікті қызмет барысында ақпарат немесе мәліметтің кейбірін екінші адамға, я мекемеге жедел жеткізу қажет болатын жағдай жиі кездеседі. Қазіргі заманда ақпаратты жедел жеткізудің факс, интернет сияқты түрлері де болғаны мен жеделхаттар да өз маңызын жойған жоқ. Себебі, хат ұзақ жүреді, интернет пен факс қызметі қымбаттау, оның үстіне біз сызба, я фотография жібермейтін болсақ факсті қолдану міндетті емес. Телефон арқылы әңгімені іске тігіп қоя алмайсың, сондықтан ең ыңғайлысы жедел хат болып табылады. Жеделхаттың тағы мынадай артықшылықтары бар:

- мекеменің кез келген қызметкері жеделхат мәтінін құрастырып жібере алады;

- виза қою, келісу редакциялау сияқты жұмыстардың қажеттігі болмайды;

- жеделхат қолмен жазылғанына қарамастан әр кез жіберушімен алушы туралы мәліметті қамтиды;

- қажет болған жағдайда жеделхат мәтіні мен онда берілген мәліметті растауға болады;

- жеделхаттар қалай тез жіберілсе, солай тез жеткізіледі;

Телеграф байланысы басқа байланыс түрлерімен салыстырғанда арзан және сенімді. Жеделхат жібере отырып оның белгіленген жеріне ең ұзақ дегенде 10-12 сағаттан соң, қажет болса 1 сағаттан соң да жеткізетіндігіне 100% сенімді болуға болады.

Жеделхатты дұрыс жазу үшін мына жайттарды есте сақтаған жөн :

- жеделхаттың мәтіні қысқа, дәл, анық, ең ұзақ дегенде 300 сөзден аспау керек. Қысқа жеделхаттың бағасы да төмен болатыны есте сақтаған жөн;

- жеделхат мәтінінде кіріспе сөз, шылау сөздер қолданылмайды;

- кейбір сөздерді қысқартып жазуға болады, керісінше шатасып кетпес үшін цифрлар жазбаша беріледі;

- мынадай ретпен жазылады алушы мекен -жайы, мәтін, жіберуші мекен-жайы;

- жеделхат мәтіні анық оқылатындай болып жазылу керек және ешбір түзетулер болмағаны жөн;

www. themegallery. com

Company Name

Slide 10

Жеделхаттар ішкі және халықаралық болып бөлінеді.

Ішкі жеделхаттарға мемлекет ішінде жіберіліп қабылданатындар, ал халықаралық жеделхаттарға шет елдерге жіберілген немесе шет елдерден келген дері жатады. Ішкі жеделхаттарға «өкіметтік», «жедел»және «жай» болып үшке бөлінеді. Жедел белгісімен жіберілетіндерге өкіметтік және жедел жеткізілу ушін арнайы жоғары тарифпен төленген жеделхаттар жатады.

Қызметтік жеделхат мәтіні 2 дана етіп дайындалады. Аралығы -1, 5 жоларалық. Жеделхат мәтінінің басы ғана азат жолдан басталады. Екінші азатжол тек қол қойылғанда ғана беріледі. Басқа құжаттар сияқты жеделхаттың да өз деректемелері болады. Олар: жеделхаттың категориясы мен түрі, нөмері, күні, жіберілген уақыты, алушының аты мен мекен -жайы, мәтін, қол. Бұл деректемелер сызықтың жоғарғы жағына жеделхаттың формуляр деп аталатын бөлігінде жазылады. Сызықтың сыртына төленбейтін жеделхаттар, яғни жеделхатқа қол қоюшы адамның қызметі, күні, автордың мекен -жайы.

www. themegallery. com

Company Name

Slide 11

Үлгі

041314. Алматы,

Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті.

Ректор: Т. И. Есполовқа .

Студенттердің жазғы құрылыс науқаны сәтті аяқталды. Өткізілген шаралардың есебін күтемін. Ақпаратты мына мекен- жайға жіберіңіз; Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті, Абай көшесі, 8а.

Қалалық жазғы құрылыс жұмысына жауапты Аяшов Н. . . . . . . . . . . . . . .

www. themegallery. com

Company Name

Slide 12

Талапарыз

Талапарыз - даулы құқықтық қарым- қатынасты шешу мақсатында аудандақ я болмаса қалалық сот төрағасының аты жеке азаматтардың немесе заңды тұлғалардың атынан жазылатын іс қағазының бір түрі.


Ұқсас жұмыстар
Ресми хаттар
Ұсыныс хаттар
Қызметтік хат
ҰСЫНЫС ХАТ
Хат алмасу мәдениеті
Құжат түрлері және оларды жіктеу
Буллингті тоқтатуға көмектесу
Іскерлік этикет
БАНКТІК ССУДАЛАРДЫҢ ҚАЙТАРЫЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ
Мембраналы органоид. Гольджи жиынтығы мен лизосома
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz