Алматы кондитерлік фабрикасы АК РАХАТ




Презентация қосу
ТАРИХИ КЕЗЕҢДЕР

• 2007-2009 жылдар
Кельн қаласындағы (Германия) ISM кондитер және бисквит
өнімдерінің Халықаралық арнайы көрмесіне қатысуы.

• 2003-2009 жылдар
№ 3 Корпусты қайта жабдықтау және игеру жұмыстары
жүргізілді.
Европалық сапа деңгейіндегі жоғары технологиялық өнімдер –
салмасы бар шоколад кәмпиттер, жоғары сұрыпты
карамельдер, «One shot» және басқа технологиялар бойынша
шоколад кәмпиттер өндіру ісі жолға қойылды.
• 2001 жыл
Шымкент қаласындағы еншілес кәсіпорында өндірістің
ұйымдастырылуы және алғашқы өнімнің өндірілуі.

• 1992 жыл
Мемлекеттік кәсіпорынның «Рахат» акционерлік қоғамы болып қайта
құрылуы; «Рахат» сауда белгісінің тіркелуі.

• 1978-1979 жылдар
Цехтардың жұмыскерлеріне арналған асхана, дәрігерлік санитарлық
бөлім, кеңейтілген тұрмыстық орынжайлары бар әкімшілік-тұрмыстық
корпустың құрылысы.

• 1964 жыл
Шоколад және кәмпит цехтарын орналастыруға арналған жаңа өндіріс
корпусының құрылысы.

• 1942 жыл, наурыз
Көшіріліп әкелінген жабдықтар негізінде балалар үйлерін, госпитальдар,
майданды қамтамасыз ету үшін Алматыда кондитер өнімдерін
өндірудің басталуы
• Біздің мақсатымыз – өзіміздің дәмді өнімдерімізбен адамдарға
қуаныш сыйлау. Біздің қызметіміз көне дәстүрді сақтай отырып,
қазіргі заманның талабына сай барынша көп адамның
қажеттілігін жоғары сапалы кондитер өнімдерімен жоғары
деңгейде қанағаттандыруға бағытталған. Біз керемет кондитер
өнімдерін қалай шығаруды білеміз және сол мақсатта қорды
арттырамыз. Қазақстан мен оның шет аймақтарындағы әр
адамға өз еліміздің байлығы пен қонақжайлылығын бейнелей
отырып, Қазақстандағы және Орталық Азия нарығындағы № 1
компания болуға ұмтыламыз.
• Біз өз қызметкерлерімізге серіктес болғымыз келеді, сол себепті
әр қызметкерімізді бағалаймыз, жұмысқа әлеуметтік бағытта
жағдайлар жасаймыз, компанияның толық қанағаттанарлық әрі
беделді жұмыс орны болуын қалаймыз.
• Тұтынушыларға: қазақстандық және шетелдік
тұтынушылардың кең шоғырының қажеттілігін сапалы
тауарлармен (көтерме, бөлшек) қанағаттандыру.

• Акционерлерге: бизнестің тұрақты, ашық түрде дамуын
қамтамасыз ету және табыс табу үшін компанияны бірлесіп
және қаржылық басқарудың тиімді механизмін құру.

• Қызметкерлерге: нақты қойылған міндеттер мен
жауапкершілікті бөліп беру арқылы қызметкерлердің жұмыс
тиімділігін арттыру. Қызметкерлердің алға қойған міндеттерін
орындауы мен компанияның жұмыс нәтижесіне байланысты
оларға ынталандыру жүйесін енгізу. Бірыңғай мәдениет
қалыптастыру.
• «Рахат» АҚ ИСО 9000 сериясының стандарттары
негізінде сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) әзірленіп,
енгізілді. 2010 жылы сараптама және сертификаттау
Ұлттық орталығы сапа менеджменті жүйесінің ҚР ИСО
9001-2009 СТ талаптарына сәйкестігін растаған қайта
сертификаттау аудитін өткізді.
Сапа менеджменті жүйесі – кәсіпорын процестерін
басқару жүйесі.
Қазіргі заманғы тұтынушы тауарға ғана емес, оны
өндіретін компанияға да назар аударады. Ол тауарды
таңдар кезде «Ұтымды ұйымдастырылып, дұрыс
басқарылған компанияның өнімі де жақсы» деген
қағиданы жиі ұстанады.
Ісі жолға қойылып, өз қызметін жүзеге асыруда СМЖ:
• өнім сапасының тұрақтылығына;
• компаниядағы процестердің басқарылуына;
• компания қызметінің сапаны қамтамасыз етуге
бағытталуына
кепілдік береді.
Сапа менеджменті жүйесі тек өнім сапасына қатысты
емес, ол кәсіпорын тіршілігінің барлық саласын
қамтиды. Бұл - жабдықтар мен техниканы дұрыс
пайдалану, өндіріс мәдениеті, кәсіпорынның әр
жұмыскерінің өз міндетін сапалы орындауы,
тұтынушының сұранысы мен пікірін ескеру, шикізатты
кіргізу мен дайын өнімді шығару сапасын үнемі әрі
үздіксіз бақылау.
Марапаттары

• 2011 жыл
Компания өнімдері «Мінсіз»
сапа куәлігі мен халық
белгісін алды.

Алматы қаласындағы
«Тәттілер-2011» ХIII
Қазақстан Халықаралық
көрмесі.
• 2010 жыл Компания өнімдері «Мінсіз» сапа куәлігі мен халық
белгісін алды.
• Компания «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауында
«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында бірінші орын алды.
Мәскеу қаласында өткен «Продэкспо 2010»
көрмесіндегі «Үздік өнім-2010» конкурсында компания
өнімдері диплом мен алтын медаль алды.
2008 жыл
Компания өнімі «Тәттілер - 2008» көрмесінде «Тұтынушылар
қалауының жүлдесі» атауы бойынша кубок пен диплом иеленді.

Компания өнімі «Мінсіз» сапалық халық белгісін алды.
Компания өнімі «Тәттілер - 2007»
көрмесінде «Тұтынушылар қалауының
жүлдесі» атауы бойынша кубок пен
диплом иеленді.

Компания өнімі «Мінсіз» сапалық халық

белгісін алды.
2006 жыл

«Алтын сапа» республикалық байқауында компания екінші орын алды.

Продукция компании получила
народный знак качества
"Безупречно"
2005 жыл
Компания өнімі «Тәттілер - 2005»
көрмесінде «Тұтынушылар
қалауының жүлдесі» атауы
бойынша кубок пен диплом
иеленді.
Компания өнімі «Мінсіз»
халықтық сапа белгісін алды.
2004 жыл
Компания өнімі «Тәттілер - 2004» көрмесінде «Тұтынушылар қалауының
жүлдесі» атауы бойынша кубок пен диплом иеленді.

2003 жыл
«Қазақстанның іскер адамы - 2003» Үкіметтік байқау барысында тамақ
өнеркәсібі кәсіпорындары арасындағы жоғары сапалы өнімі үшін жүлде

берілді.

2002 жыл

Компания өнімі «Қазақстан мақтанышы» Құрметті
атағын және «Тәттілер - 2002» көрмесінің
марапаттау белгісін алды.

Компания өнімі «Қырғызстан - 2002» Халықаралық
көрме-жәрмеңкесінде алтын медаль жеңіп алды.
2001 жыл «Рахат» ААҚ
«Жылдың үздік салық
төлеушісі»құрметті атағын және
Қазақстан Республикасы
мемлекеттік кіріс Министрлігінің

марапаттау белгісі;
«Жыл таңдауы» республикалық
байқауы барысында
«Казахстанский» шоколады
«Жылдың № 1 шоколады»

Құрметті атағын алды.
Назарыңызға рақмет)

Ұқсас жұмыстар
Рахат кондитер фабрикасы
Қантты түріне карамель
Рахат акционерлік қоғам
Кәсіпорынның маркетингтік қызметі
Рахат кондитерлік фабрикасының маркетингтік ортасын талдау
Сенім Банк
Кондитерлік өнімдер
Ұнды кондитер өнімдерінің технологиясы
Тамақ және жеңіл өнеркәсібі
Кондитер өнімдері - әдетте, құрамында қанты көп тағамдық өнімдер
Пәндер