Алматы – әсем қала жайлы




Презентация қосу
Алматы – әсем қала!

Орындаған: Алтынбек ова Ақниет ЗР- 112
Тексерген:Чингенжинова Жұмақыз
Жалпы мәліметтер:
Әкімшілік-территориялық құрылымы: қала 7
ауданға бөлінген: Алмалы, Әуезов, Бостандық,
Жетісу, Медеу, Түрксіб, Алатау
Тілі: қазақ, орыс
Этникалық құрамы: қазақтар - 53%, орыстар -
33%, ұйғырлар - 5%, татарлар - 2%, кәрістер - 2%,
украиндықтар, немістер, қытайлар және т.б. - 5%
Діні: ислам (сүннет), христиан (православл,
католик, протесттант), иудеи және т.б.
Ақша бірлігі: теңге
Басты әуежайы: «Алматы» халықаралық әуежайы
Аумағы: 339,36 шаршы шақырым
Халық саны: 1 434 755 адам (2011 ж.)
Алматы
қаласының
көрікті
жерлері
Көктөбе және Алматы
телемұнарасы.

Теңіз деңгейінен 1130 метр биіктікте орналасқан
Көктөбеге фуникулер мен шағын автобустар арқылы
жетуге болады. 1967 жылы салынған фуникулер
жолдары Алматының ел аузында «компот» деп аталған
жер үйлер орналасқан аудан арқылы жүріп өтеді.
Көктөбеде мейрамханалар, «Beatles» ескерткіші,
хайуанаттар бағы, алтыбақан, атракцион орналасқан.
Көк төбеге шығып, Алматы қаласының толық көрінісіне
тамсануға болады. Биіктігі 372 метрге жететін Алматы
«Beatles» ескерткіші.

Әйгілі ливерпуль төрттігіне арналған ТМД елдерінің
аумағындағы алғашқы ескерткіш 2007 жылы қойылды.
Қола төрттігінің авторы Эдуард Казарян.
Республика Сарайы.

Достық және Абай даңғылының
қиылысында орналасқан ғимаратта мәдени
іс-шаралар, концерттер, фестивальдер
өткізіледі. Сарай алаңында ғұлама ақын
Абайдың ескерткіші орнатылған.
28 гвардияшы
панфиловшылар атындағы
саябақ
Медеу ауданында
орналасқан. Аумағы 18
гектарға жететін саябақ
ішінде Вознесенский
кафералық үлкен
шіркеуі, Офицерлер үйі,
Ықылас атындағы халық
аспаптар мұражайы,
даңқ мемориалы, И.В.
Панфилов пен Бауыржан
Момышұлы
ескерткіштері бар.
Офицерлер үйі

1978 жылы салынды. Жоба авторлары –
Ю.Г.Ратушный, О.Н. Балықбаев, Т.Е. Ералиев. 28
гвардияшы панфиловшылар атындағы
Ықылас атындағы халық аспаптар мұражайы

1980 жылдан бастап
жұмыс істейді.
Мұражайда қазақтың
барлық халық
аспаптары жиналған.
Мыңнан астам
жәдігер өнерсүйер
қауымның назарына
ұсынылады.
Орталық мешіт

1999 жылы шілде айында салынды. Мәрмәр тастардан
қашалған мешіт ислам дінінің нышанына айналды. Мешіттің
төбесіндегі көк күмбез жанында ұзындығы 47 метрге жететін
мұнара орналасқан.
Тәуелсіздік монументі.
Жаңа алаңда
орналасқан
монумент қазақ
халқының дамуы
мен қалыптасуын
аяндайтын
тарихи шежірені
бейнелейді.
Кешеннің
ортасында
тәуелсіздіктің
нышанына
айналған «Алтын
адам»
орналасқан.
Медеу
спорткешені
.
Қаладан 15 шақырым
жерде орналасқан
кешен 1972 жылы
Медеу шатқалында
салынды. Мұз айдыны
еш қоспасыз, тау
бұлағынан аққан су
мен табиғи аяздан
қатаяды. Медеу теңіз
деңгейінен 1,691 метр
биіктікте орналасқан.
Аумағы 10 500 шаршы
метр. Спорткешенде
«Медеу» қонақүйі,
сауықтыру орталығы,
баспасөз орталығы,
мейманхана, 2 жүзу
бассейні орналасқан.

Ұқсас жұмыстар
"Маған ұнайтын қала"
Қаланың көрікті орындары
Астана өлеңімен таныстыру, мазмұнын ашу
Астана
Алматы­әсем қала
Қазақстанның ірі қалалары
Батыстағы қалалар
Семей-Қазақстанның рухани астанасы
ҮЙРЕТУДЕ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ, ЛОГИКАЛЫҚ СӨЗДІК ТАПСЫРМАЛАР
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КҮЙІ, ТАБИҒАТ
Пәндер