В. В. Докучаев - топырақтанудың негізін қалаушы: зерттеулері және ғылыми мұрасы

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Орман, жер және су ресурстары
факультеті
ВР-106 топ
Жетекші:Кекілбаева Гульнур
Студент: Талғат Шырын
Топырақтану ғылымының негізін салушы-
В. В. Докучаев
Ерікті экономикалық қоғам 1876 жылы арнайы қаратопырақ жөнінде комиссия құрды. Комиссия жұмысына геолог В. В. Докучаев шақырылды.
В. В. Докучаев қаратопырақ жөніндегі комиссиясының қаратопырақтың геология-географиялық және физика-химиялық зерттеу бағдарламасын жасады.
1877-1878 жылдары далалық геология-географиялық зерттеу жұмыстары В. В. Докучаевтың басқаруымен жүргізілді
1879 жылы Санкт-Петербургте болған табиғат зерттеушілері қоғамының геология және минералогия бөлімінің мәжілісінде В. В. Докучаев баяндама жасап, топыраққа бірнеше жаңа анықтама берді
1879-1881 жылдары химия-аналитикалық және ғылыми-өңдеу жұмыстары қолға алынды 1883 жылы В. В. Докучаевтың тарихта топырақтану жөніндегі әлемге әйгілі «Орыстың қаратопырағы» деген ғылыми еңбегі шықты.
қаратопырақтың пайда болуы ғана емес, сонымен қатар оның қасиеттері, кеңістіктегі өзгерістері, таралу заңдылықтары анықталды
қаратопырақтар тек дала зонасында шектелемейді
Топырақ жер бетінің жоғары көпжылдық топырақ түзуші факторларының үздіксіз әрекеттері нәтижесінде пайда болған дене
1888 жылы В. В. Докучаевтың басқаруымен арнайы Топырақ комиссиясы құрылды.
1891 жылы Ресейдің қаратопырақты зонасының негізгі жерінде қатты құрғақшылық болды.
1892-1895 жылдары В. В. Докучаев Ново-Александр ауылшаруашылық институтында директор болып қызмет атқарып, институтта әлемде бірінші болып топырақтану кафедрасын ұйымдастырды.
Докучаев терең ғылыми түсініктермен табиғат ландшафтары туралы ілімді қалыптастырды.