Ақша төлеу және оны төлеушілер




Презентация қосу
Слайд-шоу

Ақша төлеу және оны төлеушілер
Ақша төлеу дегеніміз- белгілі бір қызмет түрін

пайдаланған кезде төленетін міндетті төлем.

• Ақша төлеудің 9 түрі бар.
2005 жылы төлемақыға
өзгерістер енгізілді.
Радиожиілік спектрін
пайдаланғаны үшін ақша
төлеуге қосымша ретінде
қалааралық және
халықаралық телефон
байланысын бергені үшін
төлемақы енгізілді.
• Мемлекеттің жер
учаскелерін өтемін төлеп
уақытша жер пайдалануға
бергені үшін жер
учаскелерін пайдалану
төлемақысы аланынады.
Жер учаскелерін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға беру
тәртібі Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленеді.
Жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық
бөлімшелері тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың он
бесінен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық
органына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша
мәліметтер табыс етеді.
Жер учаскесін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға алған
жеке және заңды тұлғалар ақшаны төлеушілер болып табылады.
Жер үсті көздерінің су ресурстарын
пайдаланғаны үшін ақша төлеу

• Жер үсті көздерінің су ресурстарын
пайдаланғаны үшін ақша төлеу жер үсті
көздерінен суды ала отырып немесе
оны алмай арнайы су пайдаланудың
барлық түрлері үшін алынады. Арнайы
су пайдалану су ресурстарын басқару
жөніндегі уәкілетті орган беретін рұқсат
негізінде жүзеге асырылады. Су
пайдаланудың арнаулы түрлері
Қазақстан Республикасының су
заңдары белгіленеді. Құрылыстарды,
техникалық құралдарды немесе
құрылғыларды қолдана отырып, жер
үсті көздерінің су ресурстарын
пайдалануды жүзеге асырушы жеке
және заңды тұлғалар ақша төлеушілер
болып табылады.
Ақша төлеуге
салынатын
обьектілерге
жататындар

Балық аулау көлемі
Жер үсті су Өндірілген злектр
Су көлігімен және су
көзінен алынған энергиясының
тасымалдау көлемі пайдаланудың
судың көлемі көлемі
басқа да көлемдері
Қоршаған ортаны ластағаны үшін ақша төлеу

Қоршаған ортаны ластағаны үшін ақша төлеу - Қазақстан Республикасының
заң актілерінде белгіленген арнайы табиғат пайдалану тәртібімен Қазақстан
Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғаны үшін алынады.
Қоршаған ортаны белгіленген тәртіппен ресімделген рұқсат бойынша
ластау белгіленген лимиттерден тыс ластау ретіндеде қаралады.
Арнайы табиғат пайдалану тәртібімен Қазақстан Республикасының
аумағында қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар ақша
төлеушілер болып табылады.
Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін ақша төлеу

Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін ақша төлеу табиғи еркін
жағдайда мекендейтін жануарларды табиғи ортадан айырғаны үшін
алынады.
Жануарларды ен салу және сақина салу мақсаттары үшін ұстап
алып, кейіннен табиғи ортаға жіберген кезде төлемақы алынбайды.
Аңшылық және балық аулау обьектілері болып табылатын
жануарлар түрлерінің санаттары үшін ақша төлеу осы
хайуанаттардың бағалы түрлеріне ғана белгіленеді.
Жануарлар дүниесін пайдаланушы жеке және заңды тұлғалар ақша
төлеушілер болып табылады.
Жануарлар дүниесінің мынандай санаттары үшін ақша төлеу
белгіленеді:
► Аңшылық обьектілері болып табылатын жануарлар түрлері
► Балық аулау обьектілері болып табылатын жануарлар түрлері
► Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар
түрлері
► Өзгеде шаруашылық мақсаттарда пайдаланатын жануарлар түрлері
Орманды пайдаланғаны үшін ақша төлеу.

Орманды пайдаланғаны үшін ақша төлеу
орманды пайдаланудың мынандай:
• түрлері үшін алынады.
• ағаш дайындау
• шайыр және ағаш шырындарын дайындау
• екінші дәрежелі ағаш ресурстарын ( қабықтарды,
бұтақтарды, томарларды, тамырларды, жапырақтарды,
ағаш бүршіктері мен бұталарды ) дайындау.
• Орманды жанама пайдалану
• Мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени сауықтыру
мақсатында және рекреациялық, туристік және спорт
мақсаттарында пайдалану.
• Мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық
шаруашылығы қажеттері үшін пайдалану.
• Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми зерттеу
мақсаттарында пайдалану.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны

үшін ақша төлеу

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны
үшін ақша төлеу Қазақстан Республикасының ерекше
қорғалатын табиғи аймақтарын ғылыми оқыту,
туристтік, рекреациялық мақсаттарда пайдаланғаны
үшін алынады
Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін ақша

төлеу
Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы
байланыс саласындағы уәкілетті орган бөлген
радиожиілік спектрінің номиналдары үшін алынады.
Радиожиілік спектрін пайдалану құқығы байланыс
саласындағы уәкілетті орган Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
берген рұқсат құжаттармен куәландырады.
Өздеріне жүктелген негізгі функционалдық міндеттерін
орындау үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат
алған мемлекеттік мекемелер ақша төлеуден бекітіледі.
Қалааралық және халықаралық телефон байланысын
бергені үшін ақша төлеу.
Қалааралық және халықаралық телефон байланысын
бергені үшін ақша төлеу ортақ пайдаланатын
телекоммуникация желісінде қалааралық және
халықаралық телефон байланысын беру құқығы үшін
алынады.
Қалааралық және халықаралық телефон байланысын
беру құқығы байланыс саласындағы уәкілетті орган
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
тәртіппен берген рұқсат құжаттарымен куәландырады.
Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін ақша төлеу

• Қазақстан Республикасының
кеме жүзетін су жолдарын
пайдалану құқығы көліктік
пайдалану құқығы көліктік
бақылау мәселелері
жөніндегі уәкілетті орган
беретін рұқсат құжатымен
әрбір күнтізбелік жылға
беріледі. Тиісті рұқсат
құжаты болмаған жағдайда,
Қазақстан Республикасының
кеме жүзетін су жолдарын
нақты пайдалану төлемақы
сомасын өндіріп алу және
бюджетке енгізу үшін негіз
бола алады
Сыртқы жарнамалар орналастырғаны үшін ақша төлеу

Сыртқы жарнамалар
орналастырғаны үшін ақша
төлеу жалпы пайдаланудағы
автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде және
Қазақстан Республикасы
аумағындағы елді
мекендерде плакаттар,
стенділер, жарық түсіретін
табло, транспорттар,
афишалар түрінде сыртқы
жарнамалар обьектілерін
орналастыруға және басқа да
тұрақты жарнамалар
орналастыру обьектілеріне
құқық үшін алынады.

Ұқсас жұмыстар
САЛЫҚТАР ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛУ
Салық салынатын табыс
АРНАУЛЫ САЛЫҚ
Зейнетақы төлемдері
Салықтың экономикалық мазмұны және рөлі
Корпоративтік салық
Меншікке салынатын салықтар
Жергілікті бюджет кірістерін қалыптастыруда мүлік салығының алатын орны
Мүлікке салық
Әлеуметтік салық
Пәндер