АСТАНА МОТОРС ЖШС-нің маркетинг ортасын талдау



«АСТАНА МОТОРС» ЖШС-нің маркетинг ортасын талдау

Біздің бүгінгі тіршілігімізді автомобильсіз көзге елестету қиын. Біреулер үшін автомобиль - жай ғана көлік, басқалар үшін - табыс көзі, ал тағы біреулер үшін - бүкіл ғұмырының құмары. Алысты жақындата отырып, автомобильдер біздің өмірімізді еркінірек әрі жайлылақ етеді. Армандаған жерлерге жетуімізге мүмкіндік бере отырып, олар біздің бос уақытымызды қызықты өткізуімізге көмектеседі. Біз Қазақстанның нарығында дүние жүзіне әйгілі бес автомобиль брендін ұсынамыз. Олардың ешқайсысы да бір біріне ұқсамайды - сәнді BMW, танымал Toyota, тамсандырған Subaru, көпшіліктің қалтасына сай Hyundai және мың құбылған Nissan. Жаңа автомобиль сатып алуды туралы шешім қабылдағанда, біз түрлі мәселелерді назарға аламыз: бағасы мен сапасының арақатынасы, маркасының танымалдығы, техникалық сипаттамалары, сервистік қызмет көрсетілуі, несиеге алу мүмкіндігі, тіпті қызметкерлердің қарым-қатынасы да рөл атқарады. «АСТАНА МОТОРС» - автомобиль үлгілерінің ауқымды қатары, шегерімдер мен жеңілдік шаралары, ең озық жабдықта іске асырылатын кепілді қызмет көрсету және жөндеу, несие беру бағдарламаларының болуы, республикамыздың 16 ірі қаласында орналасқан көркем де кең автоорталықтар. Еліміздің ресми автомобиль нарығының үштен бірі, «Жыл таңдауы» фестиваль-конкурсындағы «Қазақстандағы № 1 автодилер» деген беделді марапаттар, «Жылдың ең үздік автодилері» атағы және «Қазақстан тұтынушыларының лигасы» берген «Мінсіз» деген халықтық сапа белгісімен марапатталған.

1993 жылы Toyota автомобильдерін тікелей жеткізу туралы алғашқы келісімшарттарға қол қойылды. Тұңғыш арнайы автосалон ашылды.
1994 жылы ВАЗ, ГАЗ, КамАЗ, УАЗ автомобильдерін қамтамасыз етуге арналған қосалқы бөлшектер басқармасы құрылды. Жапон автомобильдеріне техникалық қызмет көрсету мен жөндеу бойынша тұңғыш арнайы сервистік станция ашылды.
1995 жылы Қазақстандағы тұңғыш TASS (Toyota Authorized Service Station) ашылды. «Mobil Oil» компаниясымен дистрибьюторлық келісімге қол қойылды.
1996 жылы «Стандарт Ойл» ЖШС - Қазақстан Республикасындағы «Mobil» ресми дистрибьюторы құрылды. «3-ші таксомоторлық парк» ААҚ акцияларының бақылау пакеті сатып алынды. Ғимараттың реконструкциясы.
1997 жылы Астана қаласында «Астана Моторс» ҚМК филиалы тіркелді. Автосалонның ашылуы. Оған ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың келуі. «3-ші таксомоторлық парк» ААҚ-на іске пайдалану үшін Tofas Sahin таксилерінің алғашқы партиясын жеткізу. «Toyota Vehicleavan» Мәскеу - Алматы бірінші автосайысына қатысу. Компанияның қызметі басталғаннан бері 5 000 автомобиль сатылды.
1998 жылы «Целин-Лада» ААҚ-ның (Астана қаласы) акцияларының бақылау пакеті сатып алынды. «Toyota Vehicleavan» Алматы- Тбилиси екінші автосайысына қатысу. «3-ші таксомоторлық парк» ААҚ-на іске пайдалану үшін 100 Hyundai Sonata III таксиін жеткізу.
1999 жылы «3-ші таксомоторлық парк» ААҚ-на қала маршруттарында іске пайдалану үшін 20 Hyundai County автобусын және 70 Hyundai H-100 микроавтобусын жеткізу.
2000 жылы Астана қаласында жаңа автоорталықтың ашылуы.
2001 жылы «Fuji Heavy Industries» (Жапония) компаниясымен Қазақстанға Subaru маркалы автомобильдерін тікелей жеткізу туралы келісімге қол қойылды.
2002 жылы «Subaru Center Kazakhstan» автоорталығының ашылуы.
2003 жылы «Hyundai Center Kazakhstan» ЖШС - «Hyundai Motor Company» компаниясының ресми дистрибьюторы құрылды. Hyundai маркалы автомобильдерін тікелей жеткізу және сату басталды. Қала маршруттарында пайдалану үшін 50 Hyundai County автобусының жеткізілуі.
«Арт-Центр Алматы» галереясының ашылуы. «Toyota Center Almaty» автоорталығының аумағында outdoor place ашылуы. Қостанай қаласында автосалон ашылды.

2004 жылы Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Өскемен және Шымкент қалаларындағы филиалдардың ашылуы. «Fuji Heavy Industries» компаниясы мен «Subaru» бөлімшесының арасында эксклюзивті дистрибьюторлық келісімнің жасалуы.
«Hyundai Motor Company» және «Hyundai Center Kazakhstan» компанияларының арасында эксклюзивті дистрибьюторлық келісімнің жасалуы. Қазіргі заманғы «Hyundai Center Kazakhstan» автосалонының тұсаукесері. «Subaru Kazakhstan» төтенше айдау мектебінің ашылуы. «Астана Моторс» спорт командасының құрылуы. «Жыл таңдауы» фестиваль-конкурсында жеңіске жету. «Қазақстандағы № 1 автодилер» атағына ие болу.
Қазақстандағы автомобиль компаниясының клиенттерінің тұңғыш ресми ұйымы - «Астана Моторс» клубының тұсаукесері. 2 400 Toyota, Subaru және Hyundai автомобилі сатылды. Осылайша, республиканың автомобиль нарығындағы компанияның үлесі 30%-дан асты.
Кәсіпорынның маркетингтік қызметі маңызды бөлімдердің бірі болып табылады. Өйткені онда қарама-қайшылығы көп әлеуметтік-экономикалық объектіні, яғни нарықты алдын-ала болжау элементі бар. Жағдайлық талдаудың мазмұны мен формалары шаруашылық құрылымға, ішкі және сыртқы жағдайларға тәуелді болады және маңызды түрде ерекшеленеді. Нарықтың ішкі және сыртқы жағдайларын, тауарды, тұтынушыларды, бәсекелестерді және басқаларын зерттегеннен кейін өндіруші кәсіпорынның және оның тауарының нарықтағы орнын жақсарта алады, нарықта нық тұра алады, сонымен бірге тұтынушылармен байланысты жақсартып, белгіленген мақсаттарға қол жеткізе алады. Табысты ұлғайту, пайда алу, өткізу көлемін және сәйкесінше өндіріс көлемін ұлғайту. Нәтижесінде ол нарық жағдайында өмір сүруге және кәсіпорынның маркетингтік стратегиясын дайындауға мүмкіндік береді.
Маркетинг қызметін функционалды сипатына таңдалып алынған тауар түрлері және нарық саны ең алдымен фабриканың өзіне тиімді болуы тиіс. Бұл ұйымдастыру түрінде тауарлар нарықтары бірқалыпты болады.

1 - сурет - «Астана Моторс» ЖШС-нің маркетинг бөлімінің құрылымы

Кәсіпорынның маркетинг бөлімінің құрылымына талдау жасасақ:
Маркетингті зерттеу бөлімінде - мұнда ең бастысы, ол әлеуетті тұтынушыларды анықтауы тиіс, олардың қажеттерін зерттеу,
нысаналы нарықты таңдап алу үшін тауарларға бүгінгі және болашақтағы сұранысты белгілеу, әсіресе нарыққа жаңа тауарларды дайындау, оны өңдеп шығаруда маңызды орын алады.
Баға бөлімінде - тұтынушының, тауардың, сату орнының ерекшелігіне қарай, түпкі бағаны белгілеп, оның деңгейін маркетингтік ортаның факторларына қарай анықтайды. Сонымен қатар тұтынушыларға баға арқылы жеңілдіктер жасайды.
Өткізу бөлімінде - өндірістің дамуына және тұтынушылардың қажеттіліктеріне байланысты, өткізу кезінде тұтынушының талғамы мен қалауына да көңіл бөледі. Сонымен қатар көзделген табысқа жету үшін қанша өткізу арналарын ұйымдастырады. Мысалы: көтерме сауда, бөлшек сауда, т. б.
Жарнама бөлімінде - өндірісті өткізу, тауарды сатып алушыларға қарай жылжыту, тауарды тартымды көрсету барысында жарнама тарату құралдырын пайдалану және оған көбірек көңіл бөлу. өнімдер туралы тұтынушыларға ақпараттар тарату үшін баспа, электронды ақпарат тарату құралдарын, сыртқы жарнама түрлерін қолданады.
Маркетингті бақылау бөлімінде - бұл бөлім арқылы өз мақсаттарына жету үшін маркетингтік іс-әрекеттердің барлығын бақылайды. Бұл бақылау үшін үш жағдай жүргізіледі: жылдық жоспардың орындалуы, пайда деңгейі және стратегиялық бақылаулар жүргізіледі. «Астана Моторс» ЖШС-нің қызмет көрсететін оның нарыққа ұсынған тауарларына, нарық жағдайына байланысты. Неғұрлым кәсіпорын жұмысы күрделі болса, соғұрлым құрамы да көп болып, тұтынушының қанағатын қанағаттандырады.
«Астана Моторс» компаниясының автокөліктері әлемдегі ең танымал брендтердің көліктерін осы Қазақстанда сатуда. Компания сататын автокөліктері жоғарғы категория қатарына жатқызуға болады. «автокөліктерді Мәскеумен салыстырғандағы сатылу бағасы» көрсетілген.

Автокөліктердің моделі
Алматы қаласындағы1 автокөліктің құны $
Мәскеу қаласындағы1 автокөліктің құны $
2008-2009 жж ауытқу
2008-2009 жж ауытқу %
MICRA K12b
Micra 1. 2 3dr Comfort MT
13 390
16579
3189
124
Micra 1. 4 3 dr Luxury AT
18 630
19908
1278
107
NOTE
Note 1. 4 5 dr Comfort MT
15 790
17883
2093
113
Note 1. 6 5 dr Comfort MT
18 080
20383
2303
113
ALMERA Classic LVC07
Almera Classic PE MT
14 590
16579
1989
114
Tiida C11 LVC08
Tiida 1, 6 Comfort MT
19 290
21429
2139
111
TEANA LVC07
Teana 2. 3i AT Luxury
34 100
34938
838
102
Teana 3. 5i CVT Premium
44 990
46188
1198
103
Qashqai LVC07
1, 6l 2 WD 5 MT XE AA
21 900
25383
3483
116
2, 0l 2WD 6 MT XE AA
24 400
32317
7917
132
X-Trail 2. 0 Wagon Columbia MT
30 190
37133
6943
123
X-Trail 2. 5 Wagon Columbia Pack MT
37 170
41946
4776
113
NEW PATHFINDER R51C LVC07
Pathfinder 4. 0 G Wagon LE 5A/T FAE-G
58 550
65583
7033
112
Murano 3. 5 V6 Wagon CVT Z50C
57 490
64413
6923
112
PATROL
Patrol 4. 8 Wagon LE AT
65 690
73375
7685
112
Ескертпе: Кәсіпорын мәліметтері бойынша есептелген
1 - кесте - Алматы және Мәскеу қалалары автоорталықтарындағы Ниссан автокөлігін сатылу бағалары және түрлерге бөлінуін салыстыру

Осы кестеде көріп отырғанымыздай екі қаланын автокөліктерін маркетингтік зерттеу бойынша салыстыруда. Қазақстанның нарығында автокөлік біршама арзан екенін көруге болады. 2 - кесте - Алматы және Мәскеу қалалары автоорталықтарындағы Хюндай автокөлігін сатылу бағалары және түрлерге бөлінуін салыстыру
Автокөліктердің моделі
Алматы қаласындағы1 автокөліктің құны $
Мәскеу қаласындағы1 автокөліктің құны $
2008-2009 жж ауытқу
2008-2009 жж ауытқу %
Getz 1, 4 MT GL
13 100
13913
813
106
Getz 1, 6 MT GLS
15 500
17413
1913
112
NF 2, 4 MT
24 500
36871
12371
150
TG 3, 3 AT
36 000
51454
15454
141
Coupe 2, 7 MT GLS
25 000
40329
15329
161
Elantra 2, 0 MT GLS
20 100
28538
8438
142
Elantra 1, 6 MT GLS
17 000
20413
3413
120
Matrix 1, 6 MT GLS
17 500
18329
829
105
Matrix 1, 8 AT GLS
19 000
20954
1954
110
Santa Fe 2, 7 MT GLS
31 800
43746
11946
138
Tucson 2, 0 AT
24 900
26913
2013
108
Tucson 2, 7 AT
27 900
36288
8388
130
H-1 12 мест
28 000
42038
14038
150
Ескертпе: Кәсіпорын мәліметтері бойынша есептелген

Автокөліктердің моделі
Алматы қаласындағы1 автокөліктің құны $
Мәскеу қаласындағы1 автокөліктің құны $
2008-2009 жж ауытқу
2008-2009 жж ауытқу %
Legacy 2. 0R 4D 4WD 4AT
30800
35738
4938
116
Legacy 3. 0R 4D 4WD 5AT
42500
57208
14708
135
Outback 2. 5i 4WD 4AT
37100
43063
5963
116
Impreza 1. 5 5D 4WD 4AT
25500
25375
-125
0, 99
Impreza 2. 0R 5D 4AT
28700
32058
3358
112
Impreza 2. 5WRX 5D 5MT
37000
61804
24804
167
Forester 2. 0 X 4AT
36000
38483
2483
107
Forester 2. 5XT 4AT
37100
44071
6971
119
Tribeca 3. 6 5AT-S 5 seater
56500
71333
14833
126
Tribeca 3. 6 5AT-S 7 seater
55100
73658
18558
134
Ескертпе: Кәсіпорын мәліметтері бойынша есептелген
3 - кесте - Алматы және Мәскеу қалалары автоорталықтарындағы Субару автокөлігін сатылу бағалары және түрлерге бөлінуін салыстыру

Ал мына кестеде автокөліктің ең арзан маркаларын көрсетілген. Хюндай Getz 1, 4 MT GL Алматы қаласында 13 100 АҚШ доллар болса, ал Мәскеу қаласында 13913 АҚШ доллары тұрады. Субару Legacy 2. 0R 4D 4WD 4AT автокөлігі Алматы қаласында 30800 АҚШ доллары тұрса, ал Мәскеу қаласындағы күрт қымбат тұрады Хюндай автокөлігіне қарағанда 4962 АҚШ доллары қымбаттырақ тұрады.
Осы кестеде көрсетілгендей тек БМВ автокөліктерінің екеуі ғана басқалар сияқты Алматы авто орталықтардағы бағаларынан жоғары, тек бір моделі ғана біздің Қазақстан нарығында қымбаттырақ болып отыр.
Автокөлік нарығында шетел автокөліктері Мәскеу қаласынан әлдеқайда арзан және тұтынушыларға тиімді болып келеді. Өйткені қызмет көрсететін кәсіпорындарға мемлекет тарапынан басқа мемлекеттерге қарағанда көмек көрсетіледі. Енді осы жылы Қазақстан, Ресей, Белоруссия мемлекеттері бір кедеңдік одаққа бірігуінің себебінен, Қазақстанда автокөлік нарығында күрт өзгерістер болуы мүмкін.


Автокөлік нарығында шетел автокөліктері Мәскеу қаласынан әлдеқайда арзан және тұтынушыларға тиімді болып келеді. Өйткені қызмет көрсететін кәсіпорындарға мемлекет тарапынан басқа мемлекеттерге қарағанда көмек көрсетіледі. Енді осы жылы Қазақстан, Ресей, Белоруссия мемлекеттері бір кедеңдік одаққа бірігуінің себебінен, Қазақстанда автокөлік нарығында күрт өзгерістер болуы мүмкін.
Қазақстанның автокөлік нарығының 2008 жылдан 37% -дан 2009 жылға қарағанда 52% -н «Астана Моторс» ЖШС-гі қызмет көрсеткенін алып отыр. Ал аса маңызды бәсәкелестері отандық автокөлік өндіруші зауыт «Азия Авто», және қызмет көрсетуде «Меркур Авто» орын алады.
«Астана Моторс» ЖШС-нің маркетингтік талдамаларына тоқталып өтпес бұрын, ішкі және сыртқы орталарын зерттеуіміз қажет.

Toyota бренді Қазақстандағы ресми диллерлер арасындағы лидері болып табылады. Екінші орынды Қазақстан автокөлік нарығында Mitsubishi бренді иеленіп отыр, ал үшінші орында 12% бен UZ-Daewoo маркасы, ал Nissan маркасы содан кейін тұр. Hyundai брендімен Skoda автокөлік маркалары қарапайым халыққа қолжетімді болып келген соң олар рейтингте ортасында болып тұр. Wolkswagen автокөлік маркалары және Chevrole Dat автокөлігі сапасы және бағасы жағынан тұрақты болған соң ол рейтинге автокөлік нарығының 5-6 % иеленіп жатыр. Ал неміс көліктеріне келсек Subaru, BMW, Mersedes, Audi сапасы жағынан автокөліктер нарығында ешкімге жол бермейді, бірақ өнімнің өткізу жағынан қарапайым халыққа қол жетімсіз болғандықтан артқы қатарларда орын алады. Peugeot, Ford, Scan Yong, Kia, Land Rover, Renault автокөлік маркаларына сұранысқа ие болмағаннан кейін олар ең соңғы орындарды иеленіп отыр.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz