Қазпочта АҚ



«Қазпочта» АҚ

Компания менеджменті
«Қазпочта» АҚ - кеңестік кезеңнен кейінгі серпінді дамып келе жатқан компаниялардың бірі, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағын қамтитын, қалалар мен ауылды аймақтарда пошталық, қаржылық және логистикалық сапалы толық қызметтер көрсететін, Қазақстан Республикасының пошта байланысының ұлттық операторы. 2003 жылы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының «Почта туралы» Заңына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес республикада пошта-жинақ жүйесін дамыту жөнінде мемлекеттік саясаттың жол басшысы болып Ұлттық пошта операторы - «Қазпочта» акционерлік қоғамы белгіленді. АҚ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» 2006 жылғы 7 маусымнан бастап «Қазпочта» АҚ жалғыз акционері болып табылады.

Тарихы
Қазақстан почтасының терең тамырлы тарихи дәстүрі бар. Патшалық Ресейдің почта-телеграф байланысының мұрағаттық қорларынан белгілі болғандай, 1860 жылы Верныйде (Алматы қаласы) бірінші почталық байланыс бөлімшесі ашылып, көп ұзамай ол почта-телеграф кеңсесі болып қайта құрылды. Ал 1883 жылы оған 14 почталық байланыс бөлімшесі бағынатын болды. Кейінірек Сырдария облысының Тәшкенттегі почта кеңсесіне бағынатын Перовск (Сырдария өзені бойында) қалалық почта бөлімшесі, Ростов телеграф округінің Нарынқұм теміржол бекетіндегі Нарынқұм (хан ордасы) почта бөлімшесі, Орал губерниялық почта-телеграф кеңсесі, Петропавл уезінің Петропавл почта бөлімшесі, және басқалар ашылды. Ұлы Отан соғысы почта алдына барлық жағдайда армияда, тылда, фронт пен тыл арасында сенімді және 1932 жылы Почта-телеграф Халық Комиссариаты Қазақ КСР Халық Комиссариаты Кеңесі жанындағы Байланыс Халық Комиссариаты деп қайта аталатын болды. 1940 жылы Қазақстандағы байланыс кәсіпорындарының саны 1987-ге жетті және 20 мың км почта даңғылы механикаландырылды. Сонымен қатар төңкеріске дейінгі ұлан-байтақ қазақстан аумағында барлығы 250 почта-телеграф кәсіпорны болды. Олардың өзінде шенеуліктер мен жандармерияға және жергілікті ақсүйектерге қызмет етті. Шалғай ауылдарда почта сирек кездесетін еді. Жергілікті жерлерде почта ашу үшін тұрғындар үш жыл бойы почтаны өздері тегін тасуға, баспанамен және керек-жарақтармен қамтамасыз етуге, көбіне почта қызметкерлерінің штатын өздері ұстауға міндеттеме алуы тиіс болатын1946 жылдың наурыз айында Қазақ КСР ХКК жанындағы КСРО Байланыс Халық Комиссариатының уәкілеттігі Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы КСРО Байланыс министрлігінің Уәкілеттігі деп қайта аталды. 1950 жылы республикада 2438 почта кәсіпорны (олардың 2083-і аулдық жерлерде) болды

Инвестициалық қызметтің 2020 жылғы мерзімге дейінгі негізгі бағыттары
«EMS Kazpost» курьерлік қызмет филиалын құру
«Жеделдетілген Postman» жобасы
Жобаның мақсаты - көрсетілетін қызметтердің сапасын әлемге аты әйгілі және жаһандық технологиялар қолданған, клиенттерге қолайлы бағалармен қызмет көрсететін шетелдік компаниялар деңгейіне дейін өсіру. Клиенттің осы қызметке қызығушылығын тудыру үшін курьерлік қызметтің бизнес үдерістерін жетілдіру бойынша сапалы жұмыстар жүргізу Шетелдік тәжірбиелер (Италия, Германия, Ресей, Әзербайжан және тағы басқалары) курьерлік қызмет филиалын құру қызмет көрсетудің тиімді дамуын және осы сегментте нарық үлесінің ұлғайуын көрсетеді.
Пошта және қаржылық кызметтерді үйлеріне және кеңселеріне барып көрсету, тек клиентке бағдарланған сипаттағы жоба. Бұдан басқа әлеуметтік осал тұрғындарға (зейнеткерлер, мүгедектер және тағы басқа) қызмет көрсетуге бағытталған. Жылжымалы коммуникаторларды қолданумен жаңа технологияны енгiзудің негiзгi нәтижесі мынандай болады:
- пошта жөнелтiлiмдерін жеткiзу және ақшалай операциялар сенiмдiлiгi түбегейлi жоғарлайды;
- операция қатарларының автоматтандыру деңгейi көтеріледі (ізбен жүру жүйесінде почта жөнелтiлiмдерiнiң тiркеу уақыты қысқарады, клиенттерге қызмет көрсету уақыты қысқарады) сәйкесiнше Қоғам қызметкерлерiнiң еңбек өнiмдiлiгi көтерiледi.

Компания активтері


Компанияның сыртқы аудиторы туралы ақпарат
«Қазпочта» АҚ 2008 жылдың шоғырланған қаржылық есептілігінің сыртқы аудиті «Эрнст энд Янг» ЖШС тәуелсіз аудиторлық ұйыммен жүргізілген. Сыртқы аудитор «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамымен және меншіктік немесе сенімді басқару құқығымен тиісті дауыс беруші акциялардың (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайыздары «Самұрық-Қазына» АҚ-на тікелей және жанама түрде жататын ұйымдармен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу туралы бірыңғай ережелерінің талаптарына сәйкес ашық тендердің қорытындылары бойынша (15. 01. 2009 жылғы 2008-120-L аудитті сатып алу туралы шарт) анықталған. «Эрнст энд Янг» ЖШС «Қазпочта» АҚ қаржылық есептілігіне аудитті 2006 жылдан бастап жүргізуде.

Директорлар Кеңесі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz