Қазақтелеком




Презентация қосу
Қазақтелеком – жергілікті тік – интеграцияға ұшыраған байланыс операторы,
Қазақстан және шет ел нарығында өз акционерлері үшін бағаны келесі жолмен
жасаушы:
1.Қазақстанның телеқатынас және ақпаратқатынас нарығының барлық негізгі
буындарында жетекші орындарды қалыптастыру және сақтау, оның ішіне ұялы
байланыс буыны да кіреді;
2.Өнімдер жинағын кеңейту;
3.бизнес географиясын кеңейту және хұзыр елдерінің телеқатынас нарықтарында
көшбасшы орнын басып алу;
4.байланыс және бизнес – процесс саласында үздіксіз даму және жетекшілік
кепілі ретінде ең жаңа әлемдік технологияларды енгізу;
5.өз компаниялары үшін басқару Холдингі құратын ының жалпқосымша құнды
пайдалану, оның ішінде қызмет көрсету тиімділігін арттыру және корпоративті
басқаруды жетілдіру саласына пайдалану.
Сапа саласындағы саясат
ҚР Үкіметімен «2001-2005жж. арналған сапа» (2001.05.02 күнгі №590)
бағдарламасы, салада бәсекелестікті дамытуға бағытталған байланыс
саласындағы мемлекеттік саясат өзгерісін қабылдауы «Қазақтелеком» АҚ
компаниясының басты стратегиялық мақсаттарының бірі - Қазақстан
Республикасының аумағында жалпы қолданыстағы телекоммуникация
желілерінің (ЖҚТЖ) тұтынушыларын сапа деңгейіне кепіл берілген
телекоммуникациялық қызметтердің кең шоғырымен қамтамасыз етуді таңдауға
себепші болды.
Орталық аппарат пен оның 21 филиалын қоса алғанда, «Қазақтелеком» АҚ-да,
сапа менеджмент жүйесі ойдағыдай әзірленді, енгізілді және сертификатталды,
ол телекоммуникациялық қызметтерді жобалау, әзірлеу, ұсыну және ұсынуды
ұйымдастыруға қолданылатын КР СТ ИСО 9001-2001 (ИСО 9001:2008) талаптарына
«Қазақтелеком» АҚ сапа менеджменті жүйесінің сәйкестік сертификатымен
расталды.
«Қазақтелеком» АҚ (одан әрі - Қоғам, компания) басшылығыға бірдей сапаны
басқару принциптерін қолдану ынтасын формализациялау мақсатында "Сапа
саласындағы саясат" бекітілді.
Негізгі стратегиялық мақсаты:

Телекоммуникациялық секторды ырықтандыру мен әлемдік
экономиканың жаһандану жағдайларында
және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілетті маркетингілік-
хабардар, инновациялық, технологиялық, ұйымдастырушы
лық және экономикалық жағынан тиімді компанияны салу .
Megaline Wi-Fi – Интернет желісіне сымсыз қосылыс
Wi-Fi артықшылықтары:
1.Сымдардың болмауы;
2.Ұтымдылық. Енді сіз база, электрондық пошта, әріптес және
достарыңызбен байланысты жоғалтпай отырып, өзіңіздің жұмыс
орныңызға байланбайсыз;
3.Интернет желісіне жоғары жылдамдықты қосылыс;
4.Кез келген ішкіжелілік ақпаратпен алмасу түрлері;
5.Сіздің ішкіжелілік қатынас ешнәрсемен шектелмеген, Сіз кез
келген файлдарды тапсыруыңызға, чатта араласу, желілік
ойындармен ойнауға және т.б. болады.
Интернет желісіне шығу үшін Megaline Wi-Fi қызметін қолдану
жөніндегі нұсқау:
1.Сіздің құрылғыңыздағы Wi-Fi қосылуды автивтендіріңіз.
2.Сымсыз желілердің тізімінен Megaline Wi-Fi таңдаңыз.
3.web-browser бағдарламасының адрестік қатарына кез келген
адресті енгізіп, Enter басыңыз.
4.Іске қосылған беттің пайда болған терезесіндегі Username
өрісіне Tarlan картаның сериялық нөмірін, Password өрісіне -
Tarlan картасының pin-кодын енгізіңіз. Одан әрі ОК түймесін
басыңыз.
5.Wi-Fi қосылуды ажырату үшін web-browser бағдарламасының
адрестік қатарына 10.255.21.21 адресін теріңіз, одан әрі Log out
түймесін басып, шығуды растаңыз.
Наталья БУЕНКО,«NT News Telеcom» журналының бас редакторы

Жаңа нәрсені жасау қиын да қызық. Бүгінгідей алмағайып заманда бұрынғыны
қайталамайтын әрі оқырманды жалық-тырмайтын ерекше бір мақсатты істі қолға
алғың келеді. Жаңа журналдың жобасын жасау кезінде басылым қандай болады
деген әртүрлі пікірталастар да болды. Біз журналдың дизайндік көрінісін айрықша
көрсетуге және жарияланған материалдардың мазмұндылығына ерекше мән бердік.
Міне, ізденіс пен ортақ көзқарастың негізінде туындаған журналдың бірінші нөмірі
қолдарыңызға тиіп отыр.
Біз ІТ-технология қызметін игеруге көмектесе отырып, оқырман қауымының үмітін
ақтай алатынымызға сенімдіміз. Өйткені қазіргідей телекоммуникация саласы біздің
өміріміздің бөлінбейтін бөлшегі іспетті. Күні кеше ғана емес пе еді, ұялы телефон мен
интернеттің дүниеге келгені. Ал бүгінде оның қызметін балалар да пайдаланады.
Қазір байланыстың үшінші буыны желісін және IP TV жүйесін енгізу қолға
алынбақшы. Сондықтан да жаңа технологияның мүмкіндігін жете білу бәріміздің
міндетіміз. Кім ақпаратты игерсе, сол әлемді де игереді деген ақиқат сөз бекер
айтылмаса керек.
Осы орайда біз телекоммуникация рыногында болып жататын оқиғаларға талдау
жасап, нақтылы баға беруге күш сала беретін боламыз. Журналдың алдағы
сандарына материалдарды әзірлеу кезінде Қазақстанның телекоммуникация
саласындағы жетекші мамандары мен сарапшыларын шақырамыз. Біз қашан да пікір
алмасуға дайынбыз. Демек, оқырмандар мен беделді мамандар өздерінің маңызды
ұсыныстарымен басылымды жақсартуға, оның қызықты да сапалы шығуына
көмектесіп жатса, ризашылығымызды білдіреміз.
Қазақстандық Интернет сегментін дамыту және
тәуелсіз провайдерлерді тарту мақсатында
«Қазақтелеком» АҚ-ның қатысуымен, Ұлттық
трафикпен алмасу орталығын (ҰТАО) ұйымдастыру
жөніндегі жоба жүзеге асырылды, ол Қазақстанның
тәуелсіз провайдерлері арасында бірыңғай трафикпен
алмасу орнын білдіреді. ҰТАО провайдерлер
арасындағы арналарды ұйымдастыру шығындарын
төмендету, жаңа «ойыншылар» үшін «нарыққа кіруді»
жеңілдету мүмкіндігін береді. ҰТАО-ға қосыла отырып,
оператор қосымша капиталдық шығындарсыз, оның
кез келген қатысушыларымен трафикпен алмаса
алады.
IP/TV жобасы
Кәбіл теледидарымен салыстырғанда ең кең
функционалы бар IP TV цифрлық теледидар қызметтерін
енгізу жобасы пайдаланушыларына бірнеше он
телеарнасына қосылудан басқа келесі бірегей
мүмкіншіліктерді ұсына отырып, келешегі бар
инновациялық жоба болып табылады:
Сұраныс-бойынша-бейне: DVD болмай, үйден
шықпастан ТВ – интерфейс арқылы кинофильмді таңдау
және көру мүмкіндігі. Бұл ретте, фильм бейнесінің
сапасы DVD-сапасына сәйкес келеді;
Телехабарды басқару мүмкіндігі: үзілісті «баса
отырып» хабарды тоқтату мүмкіндігі, бір уақытта бірнеше
арналардың телехабарын «виртуалды»
бейнеүнжазбасына жазу және оларды кешірек (бұл
ретте, тұтынушыға ешқандай қосымша жабдықтың бар
болуы керек емес) көру мүмкіндігі;
Виртуалды кинозал: үйден шықпастан кинопрокат
хиттарын көру мүмкіндігі;
• мынадай қосымша интерактивті сервистер
сияқты: ойындар, радиохабар тарату, анықтама
ақпаратын алу (телефон анықтамасы,
2008 жылы «Қазақтелеком» АҚ республика
астанасында осы жобаның бірінші кезең
жұмыстарын аяқтады. Бұдан басқа, 2008 жылы
Алматы және Атырау қалаларында IP TV желісін
салу жұмыстары басталды.
Жоба Қазақстанның барлық облыс
орталықтарында цифрлық теледидар қызметтерін
ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз етуді қарастырады.
2009 жылы жобаны жүзеге асыру жұмыстары
жалғасатын болады және абонент базасын
кеңейтуді орындау, орталық және аймақтық
тораптарды орналастыру, жаңа қызметтерді
дамыту жоспарланады.
Қазіргі мезетте Астана қ. қызметтің
пайдаланушыларында IP TV желісі арқылы 90
таратылатын арнаға, сондай-ақ келесі
қызметтерге қосылысы болуы мүмкін:
VoD – Қазіргі мезетте 346 лицензиялы фильм және
бейне бағдарлама бар;
nVoD (Үй кинотеатры – орнатылған репертуарға
сәйкес фильмдерді қарап шығу);
EPG (электрондық хабар бағдарламасы) – кейбір
арналар үшін қолжетімді;
Делдалдарға
Делдалдармен жұмыс істеу бүкіл республика тұрғыдан біздің компаниямыздың
қызметтерінің алға жылжуына көмектеседі.

"Қазақтелеком" АҚ Сізге коммерциялық негізде "Megaline" қызметінің делдалдық
жүйесін дамытуға қатысуыңызды ұсынады. Сіз, біздің серіктестеріміз ретінде
қосымша артықшылықтарға және Өз бизнесіңіздің қарқынды дамуына мүмкіндік
аласыз.

"Қазақтелеком" АҚ- бұл сенімділік, сапа және телекоммуникация саласындағы үлкен
жұмыс тәжірибе. Қазіргі уақытта 200-ден астам делдалдық келісімдер жасалынған.
Аймақтар бойынша ресми делдалдардың 283 сату орындары есептелінеді. "Megaline"
қызметіне барлық тартулардың 40%-дан көбі делдалдармен жүзеге асырылады.

Делдалдардың ресми сату орындары көмегімен Интернет желісіне қосылуға ниет
білдірген абоненттерге, «Megaline» қызметіне "бір орында" жедел және ыңғайлы
қосылу үшін кешенді шешім алуға болады.

Абоненттер хабарласқан кезде делдалдар «Megaline» қызметін көрсетудің
техникалық мүмкіндіктерін тексеруін және Web-dealer бағдарламалық модулі
көмегімен өтініштер тіркеуін жүзеге асырады. Сонымен қатар абоненттің өтініші
бойынша делдалдар «Megaline» қызметіне қосылу үшін инсталляция жұмыстарын
жүргізеді. Делдалдардың сату орындарында бірден қосылу мүмкіндігін тексеруге,
ADSL-модемін таңдауға, және қосылуға шарт жасауға болады.

2008 жылдың нәтижелері бойынша «Megaline» қызметінің үздік делдалдары
"MegaWay" ЖШС, "Alatau Distribution" ЖШС, ЖК Шадрина болып аталды.
«Қазақтелеком» АҚ-ның 51% акциясы «Самұрық-
Қазына» ұлттық әл-ауқаттылық қоры атынан
мемлекетке жатады. «Қазақтелеком» АҚ
компаниясы тобының құрылымына: «Алтел» АҚ
(100%), «Мабайл-Телеком Сервис» ЖШС (51%),
«GSM Казахстан» ЖШС - «Қазақтелеком» ААҚ (49%),
«Нұрсат» АҚ (95,68%), «Сигнум» ЖШК (100%),
«ШығысТелеком» ЖШС (100%), «Кептер телеком»
АҚ (100%), «Radio Tell» ЖШС (100%) жатады. Бүгінгі
күні «Қазақтелеком» АҚ компаниясының тобы
инфокоммуникациялық қызметті
тұтынушыларының барлық негізгі мақсатты
нарығын қамтиды.

Ұқсас жұмыстар
Базалық станция Базалық станция
Абсолютті көрсеткіш
Ұлар Үміт корпорациясы
Қазақтелеком туралы
Аймақтың өндірістік инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру бағыттары
Экономика түсінігі
Инфрақұрылым түрлері
ЖОО-да ұстаз болып бастаған Болат Жамитұлы
GSM Қазақстан компаниясы тарихы
Қазақстан Республикасының еңбек қорғауының құқықтық негіздері
Пәндер