Қазақстанның қорықтары




Презентация қосу
Қазақстанның қорықтары
• Мемлекеттiк табиғи қорық — табиғат қорғау және
ғылыми мекеме мәртебесi бар
ерекше қорғалатын табиғи аумақ , оның қызметiнiң
мақсаты өзiнiң аумағындағы табиғи процестер мен
құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдiктер мен
жануарлар дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен
жануарлардың жекелеген түрлерi мен
қауымдастықтарын, әдеттегi және бiрегей
экологиялық жүйелердi сақтау мен зерделеу және
оларды қалпына келтiру болып табылады.
• Қазақстанда қазіргі уақытта 10 қорық
ұйымдастырылған.
Ақсу-жабағлы қорығы
• Ақсу-Жабағылы қорығы —
ЮНЕСКО-ның биосфера
қорығы дәрежесін алған
Қазақстан мен Орталық
Азияның алғашқы қорығы.
Қорықта құстардың 238 түрі,
аңдардың 42 түрі, өсімдіктердің
1300 түрі сақталған. Қорықта
кездесетін Грэйг қызғалдағы
қорықтың символына айналған.
Оның алқызыл күлтелері 12-15
сантиметр болып келеді,
сондықтан осы ерекше әсемдігі
үшін қызғалдақ экспортқа
шығарылады
Алматы қорығы
• Алматы қорығы —
Қазақстандағы ең бай
қорықтардың бірі. Іле
Алатауының орталығында
1931 жылы
ұйымдастырылды. Жер
көлемі — 71 мың гектар.
Қорықта бұғы, елік, арқар,
құлжа, тауешкі, таутеке,
жайран, қабан, жайра, суыр,
барыс, ілбісін, аю, түлкі,
борсық; құстан, ұлар, шіл,
кекілік, қырғауыл, тазқара,
бүркіт және басқалары бар.
Алакөл қорығы
Қорғалжын қорығы
• Қорғалжын қорығы. Қазақстанның
орталығындағы
Теңіз-Қорғалжын ойпатының
оңтүстік-батыс бөлігін алып жатыр.
Бұл – еліміздегі ең ірі табиғи қорық, ол
Астананың оңтүстік-батысынан 130
шақырым қашықтықта орналасқан.
Теңіз-Қорғалжын ойпаты дала мен
шөл даланың түйісінде,
Қазақ ұсақ шоқыларын
Көкшетау қыраттарынан бөле-жара
орналасқан. КСРО Министрлер
кеңесінің шешімімен бұл қорық суда
тіршілік ететін құстардың мекені
ретінде халықаралық маңыздағы
сулы-батпақты жерлер санатына
енгізілген болатын. Қазір қорыққа
дүниежүзілік табиғи мұра аймағы
мәртебесі берілген.
Марқакөл қорығы
• Марқакөл мемлекеттік табиғи
қорығы
Шығыс Қазақстан облысында,
Оңтүстік Алтайдың шығысында
Марқакөл қазаншұңқырында
орналасқан. Ол солтүстігінде
Күршім, оңтүстігінде Азутау
жоталарының арасында
орналасқан Алтайға тән
тектоникалық ойпатты алып
жатыр. Көл 1 449,3 метрлік
абсолюттік биіктікте жатыр.
Ең биік нүктесі — 3304,5 метр
(Ақсу-Бас тауы).
Наурызым қорығы
• Наурызым қорығы –
Қостанай облысының
Наурызым және Әулиекөл
аудандарында орналасқан
мемлекеттік қорық. 1931 ж.
ұйымдастырылды. 1966 ж.
ауданы ықшамдалып, қайта
құрылды. Оған Терсек,
Сыпсың және Наурызым
орман алқаптары мен
Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын
көлдері енеді. Олардың үлесіне
бетегелі-жусанды 5 мың га
тың жазық дала кіреді.

Ұқсас жұмыстар
Қорғалжың қорығы - Ақмола облысы, Қорғалжың ауданында орналасқан мемлекеттік қорық
Қорықтың аты
Жануарлар дүниесін қорғау
ГИАЦИНТ
Наурызым ормандары
Қазақстанның қорықтары. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді қорғау. Қоршаған ортаны қорғау және алдын алу жолдары. Ластауыш заттарды атмосфераға тастауды бақылау
Кішкентай Отанымының символы - Марқакөл қорығының пайдалы өсімдіктері мен ерекше жануарлар дүниесі
Қорғалжың қорығы
ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ
Қорықтардың ерекшеліктері
Пәндер