Қорқыт Ата: тарихи тұлға, әдеби мұра және тәлім-тәрбиелік өсиеттері


Slide 1

Қорқыт ата

Slide 2

Қорқыт ата - халық қамқоршысы, ақын, күйші, дарынды данышпан. Ол қазақ жерінде (Қызылорда облысында) ҮІІІ-ІХ ғасырда өмір сүріп, көптеген жырлар мен күйлер шығарып, тәлім-тәрбиелік мәні зор өсиет қалдырған. Ал, Қорқыт ата туралы ұзақ жылдар бойы зерттеген ғалым Ә. Марғұлан төмендегідей пікір айтады: "Қорқыт тарихи дәуірлерде Сырдария өлкесін қоныс еткен оғыз-қыпшақ тайпаларының ортасынан шыққан данышпан қария, ақылшы батагөй, асқан ақын (ұзан), болашақты болжап сөйлеген сәуегей кісі болған. Ол кісі туралы айтылатын қария сөз Азиядағы түрік тілдес елдердің көбінде бар. Бірақ қазақ халқы ескі оғыз-қыпшақ тайпаларының тарихи қонысына мирас болған, олардың түбегейлі ұрпағы болғандықтан, Қорқыт туралы айтылатын тарихи жырлар, аңыз-легендалар, ән-күйлер қазақ пен түркімендерде көбірек жолығады".

Slide 3

"Қорқыт Ата кітабы”- бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ аса көрнекті жазба ескерткіші. Бұл еңбекте тәлімдік мәні күшті афоризмдер, қанатты сөздер мен тағылымдық-танымдық идеяалар, өсиет сөздер көптеп кездеседі. Қорқыттың есімін көшпенді түркі тайпалары ежелден қастерлеген. Сондықтан да халық: "Жыраудың үлкен пірі - Қорқыт Ата, бата алған барлық ақын асқан ата, таңқалып жұрттың бәрі тұрады екен, қобызбен Қорқыт Ата күй тартқанда” - деп тегін жырламаған. Қандай ма қиын іс болмасын, Қорқыттың кеңесін алмай, ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған. Ел оның барлық өсиетін бұлжытпай орындаған.

Slide 4 Slide 5

НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ

Slide 6

"Тәңірге сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды. Тәңірі пендесінің маңдайына не жазса, сол болады”

Slide 7

Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардың өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді”.

Slide 8

Өзіңнен тумаса ұл өгей: қаншама бағып, қаққанмен ол саған ұл болмайды. Ер жетіп, ат жалын тартып мінген соң өз жөніне кетеді, бәлки ол тәрбиелеген адамға көрдім-білдім деген де сөзді айтпас

Slide 9

"Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басы құрап, үйінен дәм беруге де жарымайды”,


Ұқсас жұмыстар
Қорқыт Ата: өмірі, фольклоры және Қорқыт ата кітабының зерттеу тарихы
Қорқыт ата кітабы: өмірі, шығармашылығы және әдеби талдауы
Орта ғасыр ойшылдарының тәлім-тәрбиелік тұжырымдары
Қорқыт ата мен қобыз: қазақ музыкасы сабағының жоспары
М. Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасының әдеби-тарихи және тәрбиелік талдауы
Бауыржан Момышұлы: дара тұлға, ерлік мұрасы және тәлімдік өсиеттері
Ахмед Иүгінеки мен Ақиқат сыйы: тарихи-әдеби мұра және әлеуметтік-саяси көзқарастары
Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы: әдеби мұра және тәрбиелік маңызы
Жыраулар поэзиясының тәлім-тәрбиелік ілімдерін оқыту арқылы Мәңгілік Ел ұлттық идеясын жүзеге асыру мәселелері
Абайдың Ескендір поэмасындағы тұлға: тарихи негіз мен әдеби дәстүрлердің ықпалы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz