Сәулет өнері туралы түсінік




Презентация қосу
Ашық сабақ
Тақырыбы: Балабақшада
сәулет өнері өткізу әдістемесі
Сәулет өнері негіздері және әдістемесі
Сұрақтар:
1. Бейнелеу өнерінің ерекшеліктері
2. Графика өнері туралы түсінік
3. Жанды бейне туралы түсінік
4. Сәулет өнері туралы түсінік
5. Мүсін өнері туралы түсінік
6. Сәндік қолданбалы өнер туралы
түсінік
Жаңа сабақты баяндау:
Балалар бақшасында сәулет өнері іс-әрекетін
ұйымдастыру.
• Мектеп жасына дейінгі балаларға сәулет өнеріне оқыту мен
тәрбиелеудің негізгі міндеттері.
• Мектеп жасына дейінгі балаларға сәулет өнерінің құралдарын
жүйелі меңгерту арқылы айналадағы өмір шындығына
эстетикалық көзқарасты қалыптастыру.
• Өмір шындығы көріністеріндегі, табиғаттағы және өнердегі бояу
түстерін, оның сезімдік әсерін, балалардың кеңістік туралы
түсінігін, қиялын, елестету қабілетін жүйелі түрде дамыту.
• Көркем мәдениет және оның қоғамдағы алатын орны туралы
түсінікті дамыту.
• Балалардың бойында халықтың дәстүрлі өнерін, тарихи
ескерткіштерін эстетикалық тұрғыдан бағалай білуге баулитын
жүйелі білім, шығармашылық икемділік пен дағдыны
қалыптастыру.
• Сәулет өнері оқу қызметі барысында дамып қалыптасқан көркемдік
білімдерін, икемділік дағдыларын тұрмыс жағдайында, еңбек
процесінде, қоғамдық жұмыста пайдалана білуге баулу.
Сәулет өнеріне оқыту барысында балалардың ойлау
қабілеті, көргенін есте сақтау, шығармашылық қиялы,
көркемдік икемділігі, адамгершілік және сұлулық
сезімі дамиды, әрине бұл қасиеттер жеке тұлғаның
жан-жақты дамуына негіз болары сөзсіз.
Сәулет өнері дәстүрлі емес өнерінің түрлерімен,
жанрларымен бірге дизайн, оригами, коллаж т.б.
бейнелеу, жапсырмалау жұмыстарын да
қарастырады.
• Сәулет өнері іс әрекет барысында бірін-бірі толықтыра оқытылу негізі –
сәулет өнерін басқа пәндермен тығыз пәнаралық байланысты оқыту
қажеттілігін де туындатады. Заттан қарап сурет салу барысында
бейнелейтін заттардың көлемін талдап, зертттеуде
үшбұрыш,төртбұрыш,шаршы,шеңбер немесе цилиндр,куб,конус,шар
секілді математикалық ұғымдар, табиғат көріністерін бейнелеуде табиғи
құбылыстар,өсімдіктер, жануарлар туралы әңгімелер немесе табиғат
сұлулығын,көніл-күйін, жыл мезгілінің әсемдігін елестететін
поэтикалық өлеңдер,музыкалық, әуендер тындалуы пәнаралық
байланыстың негізі бола алады.
• Сөйтіп,сәулет өнері жалпы бала бақшадағы балалардың эстетикалық
дүниетанымын қалыптастыратын пәндердің құрамдас бірі ретінде
оқытылады.
• Әйтсе де балаларға эстетикалық тәрбие беру мен оқытудағы сәулет өнерінің
рөлі төмендегі көрсетілген талаптарға сай болғанда ғана тиімді болмақ.
• 1.Сәулет өнері іс әрекетінде оқыту мен тәрбие беру мақсат-міндеттерін
біртұтас шешу.
• 2. Балаларды сәулет өнеріне оқытуда дидактикалық принциптерді сақтау.
• 3. Сәулет өнері іс әрекетінде жаңа педагогикалық технологияларды
пайдалану.
• 4. Сәулет өнері іс әрекетінде көрнекіліктерді және техникалық құралдарды
кеңінен қолдану.
• 5. Балалардың шығармашылығын,өзі жасаған өнердегі образдарға
эмоционалды қөзқарасын, жалпы сабаққа қызығушылықтарын арттыру
мақсатында сәулет өнері іс әрекет барысында ойын, сайыс элементтерін
пайдалану.
• 6.Сәулет өнері оқыту бағдарламасының негізі тараулары бойынша оқыту
әдісімен үнемі жетілдіру.
• 7. Сәулет өнері іс әрекетінде балалардың жеке басының ерекшіліктері мен
шығармашылық мүмкіндіктерін ескерту.
• 8. Оқыту мен тәрбие барысында озық іс-тәжірибелерді пайдалану.
Жаңа сабақты пысықтау:
Шығармашылық жұмыс 10-15 мин
Мағынаны тану:

1.Дайын, қиылған мультфильм кейіпкерлерін А3 форматқа
көркемдеп орналастырып, жабыстыру.
4. Қиықталған сурет бөлшектерін жылдамдыққа құрастыру.
5. Киізден қиылған элементтерден панно жасау.
Жаңа сабақты бекіту:
1.Жаңа тақырып бойынша сұрақтар беру.
2.Балабақшадағы балаларды бейнелеу өнеріне
оқыту және тәрбиелеудің негізгі міндеттері.
3.Сәулет өнеріне оқыту барысында балалардың
қандай қабілеттері дамиды?
4.Сәулет өнері тағы қандай жұмыс түрлерін
қамтиды?
5.Сәулет өнерін басқа қандай пәндермен
байланыстыруға болады?
Ой ұшқырлығы ойыны: Қазақстан суретшілерінің
туындылары.
Мына картиналар қандай жанрға жатады.
Киізден қиылған
элементтерден панно жасау.
• Сабақты қортындылау мен бағалау:
Қызғалдақ және бәйшешек топтарын
жинаған гүл түстері арқылы бағалау.

Сабаққа жақсы қатысып өзін көрсете
білген балаларға жеке-жеке бағалау
Үй тапсырмасы:

А3 форматта «Наурыз мерекесі» тақырыбында
сурет салу.

Ұқсас жұмыстар
Сәулет өнері
Домалақ ана кесенесі
Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Өнердің түрлері
Рухани мәдениет
Мұсылмандық бейнелеу өнері, сәулет өнері және поэзиясы
Мүсін және сәулет өнері
Сәулет өнері деген қандай өнер
Тоқырау кезеңіндегі Грекия мәдениеті
Сәулет ескерткіштері
Пәндер