Ауруды анықтау
Презентация қосу
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы
Паразитология және жануарлардың
инвазиялық аурулары
АЛЬВЕОКОККОЗ
• Кіріспе. ЖОСПАР:
• Негізгі бөлім:
1) Альвеококкоз ауруына сипаттама.
2) Қоздырушысы. Жіктелуі. Орналасатын жері.
3) Даму айналымы.Індеттанулық деректер.
4) Ауруды анықтау.Емі.Алдын алу шаралары.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
АЛЬВЕОКОККОЗ
•(Қазақша баламасы жоқ, болса да кейде оны «бауыр
құрты», «инвазиялық ісік», «инвазионный рак» деп атайды)
•Бұл таспа құрттың ларвоцисталары қоздыратын,
созылмалы немесе жіті түрде өтетін, өте қауіпті немесе
өліммен аяқталатын антропозоонозды, табиғи ошақты
гельминтоз ауруы.
ЖІКТЕЛУІ:
• Тұқымдасы: Тaeniidae
• Туысы: Alveococcus
• Түрі: A. multilocularis
• Ларвоцистасы: Alveococcus multilocularis larva
ҚҰРЫЛЫСЫ
Тоғышардың 3 сатысы бар: имаго, жұмыртқа, балаң-көпіршік.
•1. Alveococcus multilocularis larva – бұл көптеген майда камералардан
құралған көпіршік. Сұйығы аздау, іші құрғақтау, араның ұясына немесе
өкпенің альвеоларына ұқсас болып келеді. Әрбір камераның ішінде өте
ұсақ, нүкте сияқты протосколекстер бар. Бұл көпіршік басқалармен
салыстырғанда, өте қауіпті, рак (ісік) сияқты шексіз, жан-жаққа өседі.
Дененің әр жерлеріне, әсіресе миға, көзге ауысып көшеді, метастаздарды
береді. Жаңа жерде жаңа ісік ошағы қалыптасады.
•Мекен-жайы – адам мен кеміргіштердің бауырында (алғашқы ошақ),
содан кейін басқа мүшелерді де зақымдайды. Өкпе, өт қалтасын, бездерді,
көк бауырды (талақ), бүйректі, жүректі, жүйке жүйесін, сүйекті т.б.
зақымдайды.
• 2. Имаго Alveococcus multilocularis – өте ұсақ таспа құрт, таспа
құрттардың ішінде ең майдасы боп саналады. Ұзындығы 3 - 4 мм-ге
дейін, сколекс қарулы, денесі 3-4 бунақтардан құрылған. Соңғы
пісіп-жетілген бунағы ұзынша, ішінде шар сияқты домаланған
жатыры бар.
• Имаго – түлкілердің, көгілдір түлкілердің, қасқырдың, қарсақтың,
сиректеу ит пен мысықтың ащы ішегінде мекендейді.
• 3. Жұмыртқа – майда, сопақтау, сыртқы қабатының көлденең
сызықтары бар, ішінде ұрығы – онкосфера бар.
ДАМУ АЙНАЛЫМЫ
Даму айналымы: Биогельминт, екі иесі бар.
Ақтық ие – көгілдір түлкі, түлкі, қасқыр, ит,
мысық.
Аралық иелері – адам және кеміргіштер:
құндыз, құмтышқан, суыр, сұр тышқан,
алақоржын.
Имаго 1,5-2 айда ет қоректілердің асқорыту
жүйесінде пісіп-жетіледі, 3-3,5 ай өмір сүреді.
Көпіршіктер аралық иесінің денесінде 41-45
күнде дамиды.
ІНДЕТТАНУЛЫҚ ДЕРЕКТЕР.
• Альвеококкоз табиғи ошақты ауру. Ол көбінесе Сібір жақта кездеседі,
әсіресе аңшылар арасында, терімен айналысатын, тері илейтін адамдар
арасында.
• Қазақстанда бұл ауру Алакөл мен Балқаш көлдерінің маңында көп
тараған.
• Ауруды қоздырушы - таратушылар негізінен аңдар болады. Үй жануарлар
бұл гельминтоздың эпизоотологиясында аса көп роль атқармайды. Иттерде
альвеококк таспа құрты сирек кездеседі. Кеміргіштердің арасынан ауру
барлық маусымда да байқалады.
• Адамның бұл дертке шалдығуына аңшылық, құсбегіліктің салдарынан
(аңдардың терілерінде тоғышар жұмыртқалары болады), сосын орман-
далада өсетін жеміс-жидектерді жумай жеудің әсерінен болатыны ақиқат.
АУРУДЫ АНЫҚТАУ
ЕМІ.
АЛДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫ.
• Ауруды анықтау. Тірі кезде диагнозды қою өте қиын. Адамдарда
аллергиялық реакцияны қолданады. Бірақта, көбінесе диагноз операцияда
немесе өлексені зерттегенде анықталады.
• Емі. Адамдарды хирургиялық жолмен ғана емдейді. Жануарларда емі жоқ.
• Алдын-алу шаралары.
• Аңдар терілерін сыпырғанда сақтандыру шаралары мықтап жүргізілу керек.
Тері сыпырғанда, терімен айналысып жұмыс істегенде темекі шегуге, тамақ
жеуге тыйым салынады.
• Иттермен, терісі бағалы аңдарға құндызды және т.б. кеміргіштерді шикідей
жегізуге болмайды. Қолды, жеміс-жидектерді міндетті түрде жуу керек, өйткені
олардың үстінде аңдардың нәжісімен түскен альвеококктардың жұмыртқалары
болуы мүмкін.
ҚОРЫТЫНДЫ.
•Ауруды қоздырушы таратушылар негізінен
аңдар болады. Үй жануарлар бұл гельминтоздың
эпизоотологиясында аса көп роль атқармайды.
Иттерде альвеококк таспа құрты сирек
кездеседі. Кеміргіштердің арасынан ауру барлық
маусымда да байқалады.
•Адамның бұл дертке шалдығуына аңшылық,
құсбегіліктің салдарынан (аңдардың терілерінде
тоғышар жұмыртқалары болады), сосын орман-
далада өсетін жеміс-жидектерді жумай жеудің
әсерінен болатыны ақиқат.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР:
•Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. Эпидемиология. Жалпы
эпидемиология. 1 том. Алматы, Жоғары аттестациялық
комиссияның баспа орталығы, 2000.
• Бөлекбаева Л.Т. инвазиялық аурулар. Астана, 2003.
•Дүйсембаев С.Т. Мал гельминтоздарындағы малдәрігерлік
санитарлық сараптау. Семей, 2001.
•Ерболатов Қ.М. Мал гельминтоздары. Алматы, Қайнар,
1966.
•Сабаншиев М.С., Сүлейменов Т.Т., Қарамендин Ө.С.,
Шабдарбаева Г.С., Жантөре М.Қ. Паразитология және
жануарлардың инвазиялық аурулары. Алматы,
ҚазҰлтАграрлық университет, 2003.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz