Жеке қорғаныс құралдары




Презентация қосу
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

“Механика және ауылшаруашылық техникасын құрылымдау” кафедрасы

Жеке қорғаныс құралдары

Алматы 2014 жыл
Жеке қорғаныс құралдары теріні және
тыныс алу органдарын радиоактивті, улы
заттар және биологиялық құралдардан
қорғау үшін пайдаланады. Осыған орай жеке
қорғаныс құралдары қызметіне байланысты
тыныс органдарын және теріні қорғау,
сонымен қатар медициналық қорғау
құралдарына бөлінеді.
Тыныс органдарын қорғау құралдарына:
газқағарлар, респираторлар, қарапайым қорғау
құралдары - мата таңғыштары, шаңнан қорғайтын
маскалар жатады.
Респераторлар тыныс алу логагын радиоактивті
шаңдардан қорғайды. Мата және маталы-дәке таңбалар
да тыныс алу жүйесін радиоактивті шаңдардан,
бактериялық заттардан қорғайды
Филтрлік газқағарлар ауадағы әр түрлі зиянды
қоспалардан фильтр арқылы тазалап қорғайды.
Фильтрлік газқағарлардың ГП-5, ГП-7(азаматтық),
РШ-4, ПМГ-2 (жалпыәскерлік), ДП-6, ДП-6М,
ПДФ-2Ш (балаларға арналған) және т.б. маркалары
пайдалануда.
Изоляциялық газқағарлар адамдарды ауа
құрамындағы зиянды заттардан қорғайды.
Изоляциялық газқағарлардың ИП-4, ИП-5,
*

КИП-5, КИП-7 және т.б. маркалары бар.
ИП-5 Изоляциялық газқағары
Азаматтық газқағарлар
Балаларға арналған газқағарлар
ПДФ-2Ш
Теріні қорғайтын құралдар қорғау киімдері
және қорғауға икемделген күнделікті
пайдаланатын киімдерден тұрады.

Қорғау киімдері изоляциялық (жалпы әскелік
қорғаныс комплекті, жеңіл бөлуші костюм Л-1
және т.б.) және фильтрлік (қорғаныс фильтрлі
киім ЗФО-52 және т.б.) болып бөлінеді.
Теріні қорғау принциптері бойынша киім оқшаулағыш және
сүзгіш болып бөлінеді.
Теріні оқшаулағыш қорғау әдісі бойынша костюм ауа
өткізбейтін материалдан, созылмалы және суыққа төзімді
резіңке тәрізді жасалады. Олар герметикалық және
герметикалық емес болады. Герметикалық қорғау құралдары
уландырғыш заттардың буынан және тамшысынан бүкіл денені
қорғаса, герметикалық емес тек уландырғыш заттардың
тамшысынан қорғап тұрады.
Қорғағыш комбинезон біртұтас тігілген күрте, шалбар мен
күлпарадан тұрады. Костюмнің комбинезоннан
айырмашылығы: күлпара мен күрте, шалбар бөлек
дайындалған. Комбинезон мен костюм жиынтығына сондай-ақ
касканың ішінен киетін жұмсақ бас киім, резіңке етік, қоғап
кіреді.
Қорғау комбинезоны мен костюмдер адамның биіктігіне қарай
үш мөлшерде дайындалады: 1-165см-ге дейінгі, 2-165-тен
172см-ге дейін, 3-172см-ден жоғары.
Жеңіл корғаныс костюмі копюшоны бар жейдеден,
шұлықпен бірге тігілген шалбар, екі саусақты қолғаптан,
касканың астынан киетін жылы бас киімнен тұрады.
Костюмнің мөлшері комбинезон мөлшерімен сәйкес келеді.
Азаматтық қорғаныс бөлімшелерінде барлау жұмыстары
кезінде қолданылады.
Теріні қорғаудың жаңа құралдары: обаға қарсы,
қышқылдар мен сілтілерге қарсы тұрақты, химиялық
оқшаулағыш КИХ-4, КИХ-5, костюмдер, қорғаныс шұлықтары,
резіңкеленген алжапқыштар, маска НБТ-1, қолғаптар-
бутилкаучукты, диэлектрді, қышқылға, сілтілеге төзімді,
хирургиялық, шыт матадан, полимерлі қабат пен шыт матадан
тігілген.

НТБ-1 КИХ-4
КИХ-5
Назарларыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
ЖЕКЕ ҚОРҒАНЫС ҚҰРАЛДАРЫ туралы
Қорғану құралдары
Тыныс органдарын қорғаудың қарапайым құралдары
Көз мүшелерін қорғау құралдары
Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен жолдары
Көзді қорғау құралдары - қорғағыш көзілдіріктер
Жеке қорғаныс құралдарының материалына қойылатын талаптар
Диаграмманы құру алгоритмі
Құтқару іздестіру жұмыстарын жүргізу
Қарапайым жайлар
Пәндер