Басты себеп - қоршаған орта ахуалының нашарлығы


Slide 1

Студенттің өзіндік жұмысы Ерлер денсаулығын сақтау. Бедеулік

Slide 2

Еліміздегі ер-азаматтардың денсаулығы жылдан-жылға құлдырап барады. Бізде азамат­тардың орташа өмір сүру ұзақ­тығы 60-62 жасты құрайды. Бұл әйелдерге қарағанда 10-12 па­йызға төмен. Әлгіндей айыр­машылық өзге дамыған елдерде 5 пайыздан аспайтын көрінеді. Ал ерлер арасында обырға шалды­ғып қайтыс болу көрсет­кіші әйе­л­­дерге қарағанда екі есе жо­ға­ры екен. Бұған қоса, зерт­теу­лер ұл нәрестелердің өлім-жітімі сәби қыздардан үш есе артықтығын дәлелдеген. Соңғы бес жылда еркек жыныс безі обырынан қайтыс болушылар­дың саны сүт безі обырынан қайтыс болушылармен салыс­тырғанда екі есе артып отыр

Slide 3

Статистика мәліметтеріне сү­йенсек, бүгінде ерлердің өмір сү­ру ұзақтығы әйелдерге қара­ғанда 10 пайызға төмендеген. 75 жасқа қарай ерлер арасында қатерлі ісікке шалдығып, қайтыс болудың көрсеткіші әйелдерге қарағанда екі есе жоғары. Туыл­ған нәресте ұлдардың өлім-жі­ті­мі қыздарға қарағанда үш есе жоғары. 1950 жылдан 1990 жыл­ға дейін өзін-өзіне қол салу, қастандықпен және жазатайым оқиғадан қайтыс болған өлімнің 70-80 пайызы ерлердің үлесіне тисе, жыл сайын әлем бойынша 25000-нан аса ер адам өз-өзіне қол салатын көрінеді. Ерлер әйел­дерге қарағанда дәрігерлер­ге үш есе аз көрінетіндіктен, олар­дың арасында ауруды ерте кезеңінде анықтау көрсеткіші төмен болып отыр. Олар жү­рек­тің ишемиялық ауруына әйел­дерге қарағанда үш есе жиі, ал қант диабетіне алты есе жиі шал­дығады. Соңғы бес жылда жыныс безі обырынан қайтыс болу сүт безі обырынан қайтыс болуға қарағанда екі есе өскен

Slide 4

Бедеулік. Кейбір ерлер мен әйелдер бала сүю үшін қолдан келгендерінің бәрін істеп бақса да, нәтиже болмайды. Жүктілік басталмай қояды. Мұндай жағдайда не еркектің, не әйелдің бедеулік зардабына ұрынғаны анық. Көбіне мұндайда оларға ештеңе де көмектеспейтіні сөзсіз, әйтсе де кейбір себептерге байланысты жағдайдың оңғарылып кетуі де ғажап емес.

Slide 5

Уролог мамандар дабыл қағуда. Қазақстанда белсіздік белең алып барады.

Еліміздегі әрбір жүз отбасының 20-сы бір перзентке зар болып жүр. Басты себеп - қоршаған орта ахуалының нашарлығы.

Тағы бір себеп - дер кезінде дәрігерге көрінбейтіндер көп. "Демек, Қазақстан халқы санының соңғы он жылда көңілдегідей өспеуінің бір себебін осыдан іздеген жөн", - дейді, уролог мамандар.

Олар белсіздікке шалдығудың төрт себебі бар екендігін айтады. Бірінші суық тию, яғни простатит сынды аурулар

Slide 6

Бедеуліктің себептері

Ұрықсыздық. Кейбір адамның организмі өмір бойы бала жасай алмайтындай боп қалыптасады, яғни мұндай жандар тумысынан ұрықсыз болып жаралады.

Әлсіздік немесе тамақтанудың жетімсіздігі. Кейбір әйелдерде қаны аздық тамақтың аздығы немесе организмде иод қоспасының жетімсіздігі оны жүкті боп бала көтеру мүмкіндігінен айырады. Осындай себептерге байланысты әйел өзінің жүкті боп қалғанын сезініп үлгергенше, түсік тастайды. Бала көтере алмай жүрген және түсік тастауға бейім әйелдер дұрыс тамақтанып, иодталған түзды күнделікті аста көбірек пайдаланғаны жөн, ал мүлдем қан аздық жағдайында (анемия), темір қоспалы дәрілер ішу керек. Бұл оның екіқабат боп, дені сау бала көтеруіне қолайлы жағдай туғызады.

Slide 7

Созылмалы инфекция, бұл, әсіресе, жамбастың қабынып ісінуіне қатысты болады да, әйелдің бала көтере алмауына әкеп соқтырады. Егер ауру асқынып кете қоймаған жағдайда, оны емдеп жазуға болады. Соз бен хламидия ауруының алдын-алу және оны кешеуілдетпей емдеп, жазу әйелдің ұрықсыздығын болдырмаудың бірден-бір кепілі.

Ер адамдардың кейбірде әйелдерді ұрықтандыра алмайтын жағдайлары да кездеседі, мұның себебі олардың организмінен жасалып, жинақталып шығатын шәуһеттің (сперматозоидтың) көлемі тиісті мөлшерден аз болады. Мұндай еркектер бірқатар уақыт бойына, әйелінің етеккір цикліндегі ұрықтануға қолайлы сәті түскенше, яғни жүкті болу мүмкіндігінің алғашқы және соңғы уақыты аралығындағы мезетке шейін жыныстық қатынас жасаудан өзін тежей тұруы қажет.

Slide 8

қажет.

Еркек бедеулігінің себебі неде? Еркектің ұрығы клетка­лар­дан тұ­рады. Олардың бір мили­литрінде 60 миллиондай ұрық бо­луға тиіс. Егер ұрықтар саны одан кем болса, он­дай ұрықтың бала жасауға шамасы келе бермейді. Жыныс клетка­ла­рының кемдігі, яғни оның болмауы (азооспермия) кейбір ұзын бойлы, қыл мойын, жас жігіттерде жиі кездеседі. Бұл секілді жағдай олар­дағы уақытша құбылыстың, бол­маса тұрақты бедеуліктің белгісі болуы мүмкін.

Кейбір адамдардың жыныс қа­ты­насы мен ішімдікке құмарлығы, де­недегі қоректік заттардың алма­суы­ның бұзылуы немесе сульфа­ми­ды секілді дәрілерді дәрігердің ба­қы­лау­ынсыз өз бетімен ұзақ ішуі де ұрық­тың сапа­сын кемітеді, қасиетін жояды.

Slide 9

Ұрықтың тіршілігін, оның са­нын және қабілеттілігін тек лабо­ра­ториялық зерттеу арқылы ғана анық­тауға болады. Айталық, мик­ро­скоппен қарағанда, жыныс клет­калары шабан қозғалып жүрсе, олардың бала болуға шамасы келмейтіндігін аңғартады.

Әйелдердегідей еркек бедеул­і­гінің тағы бір себебі, жыныс ор­ган­да­рының қабынып ауруына бай­ла­нысты. Әсіресе, дұрыс емделмеген және асқынған соз ауруы еркекті бедеулікке жиі ұшыратады. Кейде бала кезде болған жыныс орга­ны­ның жарақаттануы да тіпті ол ас­қын­баса да, ұрық шығаратын жы­ныс бездерінің қабілетін нашар­ла­тады. Мұндай еркектің жыныс қа­тынасында өзгеріс болмаса да әйе­лінің бала көтермеуі ғажап емес. Сон­дықтан жастарды төбелестен және жыныс мүшесіне зиян кел­тіретін қимылдардан сақтай білу қажет болады.

Slide 10

Еркектердің бедеулігін анықтайтын ең тиімді де кең тараған тәсіл - олардың ұрығын тексеру болып табылады. Зерттеу нәтижесі мынадай төрт топқа бөлі­неді: барлық көрсеткіштер жақсы, азоос­пермия (шәуһеттің аздығы), бір көрсеткіш қалыптағыдан тысқары кеткен, көп көр­сеткіш қалыптағыдан ауыт­қыған жағдай болып табылады.

Slide 11

Егер екі рет тексерілген еркек шәуһеті қалыпты болып шықса, онда бала көтермеудің себептерін әйел денсаулығынан іздеу керек. Ал енді әйелді тексеру кезінде де ешқандай кінәрат табылмай, бірақ ол бала көтермесе, онда екі жақ ұрығының әрекеттесу қабілетін анықтау керек және мұндай жағдайда көбіне қолдан ұрықтандыру немесе ЭКО (денеден тыс ұрықтандыру) тәсілі қолданылады.

Slide 12

Ер азаматтың ең үлкен қасіреті. Оның басты себебі - ерлердің кездейсоқ жыныстық қатынасқа түсіп, жұқ­палы аурулар жұқтыруының, темекі шегу мен арақ-шарапты шамадан тыс көп тұтынуының, артық салмағының, тағы басқа келеңсіз жәйттердің салдарынан бо­латын­ жағдай екен. Соңғы 50 жыл ша­масында ерлер денсаулығының көр­сеткіші төмендеп кеткен. Мамандардың деректері бойынша, еліміздегі әрбір оныншы ер адам белсіздікке ұшыраған. Жастардың өз денсаулығына немқұрайды қарауы, жаздыкүні өзенге шомылған соң да су ішкиіммен жүре беруі көп жағдайда қуық пен жыныс бездерінің суықтауына әкеледі.

Slide 13

Белсіздікке көбіне ерлердің куық асты безінің қабынуы себеп болып отыр. Бұл без қуық асты несеп-жыныстық көк ет­тің арасында болады. Созылмалы проста­титтің дамуы мен асқынуына әсер ететін көптеген факторлар бар. Біріншіден, қуық ас­ты безінің ау­мағындағы және жамбас қуысындағы күре тамырларда қан ай­на­лымының бұзылуы. Екіншіден, қуық асты безіндегі секреттердің іркілісі. Үшіншіден, қуық асты безі­нің қабынуын дер кезінде емдемеуден созылмалы простатитке ұла­суы. Төр­тіншіден, адам ағзасының ерек­шеліктеріне және адам имму­нитетінің төмендеуіне байланыс­ты іргелес органдар­дағы іріңді ошақтардан гематогенді жолмен микроорганизм­дер­дің простата безіне өтуіне байланысты бездің қабынуына соқтыруы.

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Көздеген мақсатқа жету үшін өзін және басқаларды жұмысқа ынталандыру
Мотивация түрлері
Мотивация түсінігі
Мотив және мотивация
Сана және санасыздық
Жеке кәсіпкерлік бастамаларды көтеу саласында мемлекеттік саясат саласының негізгі бағыттарын анықтайтын
Мотивациялық ниет істің ішкі қозғаушы
Адамның экологиялық түрі ретінде эволюциялық ерекшеліктері
Ежелгі Қытай Ежелгі Үнді Сократқа дейінгі кезең
Эмоция және мотивация
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz