Милет мектебінің өкілдері
Презентация қосу
Мектеп, бағыт Өкілдері
1 Милет мектебі Фалес, Анаксимен,
Анаксимандр
2 Пифагорейлік мектеп Пифагор және оның
шәкірттері
3 Элейлік мектеп Ксенофан, Парменид,
Зенон, Мелисс
4 Атомистер мектебі Левкипп, Демокрит
5 Софистер мектебі Протагор, Горгий, Гиппий,
Продик
6 Платондық мектеп немесе Платон және оның
академия шәкірттері
Мектеп, бағыт Өкілдері
7 Аристотель немесе Ликей Аристотель және
мектебі перипатетиктер: Теофраст,
Аристоксен, Дикеарх,
Стратон
8 Эпикурлік мектеп Эпикур, Метродор,
Гермарх, Лукреций Кар
9 Киниктер мектебі Антисфен, Диоген
10 Стоялықтар мектебі Зенон, Клеанф, Хрисипп,
Сенека, Эпиктет, Марк
Аврелий
11 Скептиктер мектебі Пиррон, Секст Эмпирик,
Энесидем
12 Эклектиктер мектебі Филон, Антиох, Боэций,
Посидоний, Цицерон
13 Неоплатондық мектеп Саккас, Плотин, Порфирий,
Ямвлих, Прокл
Милет мектебі
Өкілдері Өмір сүрген уақыты
Фалес Б.з.д 625-547
Анаксимандр Б.з.д 610-546
Анаксимен Б.з.д 588-525
Шәкірттері Парсылар Милетті жойғанға дейін-
б.з.д 496 жылға дейін тіршілік етті
Милет мектебі
Милет мектебі б.д.д VI ғ Ежелгі Грецияда-Кіші Азияның ірі
сауда кәсіптік-полисінде пайда болды. «Жеті дана» деп аталған
ойшылдар осы мектептің негізгі өкілдері болды.
Милет мектебінің өкілдері:
1.Материалистік позицияны ұстанды
2.Философиямен ғана емес,басқа да нақты жаратылыстық
ғылымдармен айналысты
3.Табиғат заңдарын түсіндіруге тырысты(сол үшін оларға
«физиктер»- «табиғатты зерттеушілер» деген екінші атпен
танылды)
4.Субстанцияны-дүние жаратылған бастапқы негізді іздеді
Пифогор және пифагориезм
Негізін қалаушысы - Пифогор.
Пифогореизмнің кейінгі дамуы- ежелгігрек
философиясының алғашқы кезеңінде пайда
болып, антикалық дүниенің соңына дейін
өмір сүрген пифагорейлік одақтың
әректімен байланысты болды.
Пифагорлік одақтың даму кезеңдері
№ Кезеңдері Уақыты Негізгі өкілдері
1 Алғашқы Б.з.д VI-IV ғ Гиппас, Алкмеон
аралығында
2 Орта (эллиндік) Б.з.д IV-I ғ Филолай
аралығында
3 Кейінгі (неопифагоризм) Б.з.д I-III ғ Нумений
аралығында
Пифагор мектебі
Пифагорлік Одаққа азат адамдар (ер адам болсын, әйел адам
болсын- айырмашылығы жоқ) бірақ көп жылдық дайындық пен
тексеруді (соның ішінде үнсіздік тексеруінен) сәтті өткендер ғана
қабылданған.Пифагорліктердің мүлкі ортақ саналып адам
бойындағы құштарлық пен нәпсіге жол бермеу мақсатында
өмірсалттық, талғамдық шектеулер қатаң сақталған (ішімдік ішпеу,
ет жемеу т.б). Достықты пифогорліктер бәрінен жоғары санаған.
Психотренинкке көп уақыт бөліп, ақыл-ес қабілеттерін дамытуға,
ғылыммен шұғылдануға үлкен мән берген.
Пифагорліктердің философиялық көзқарастары түрліше болып
келгенмен, олардың барлығына ортақ сипат- «санды дүниенің
негізі » деп санау,сан мимикасына сену.Орта және кейінгі кезеңдегі
пифагоризмге Платон философиясы үлкен әсер берді.Өз кезегінде
неопифагоризмде неоплатизмге көп ықпал жасады.
Элей Мектебі
Мектеп өзінің ірі өкілдері Ксенофан,Парменид, Зенондар өмір
сүріп, ілім насихаттаған Элей қаласының атымен аталды.
Өкілдері Өмір сүрген уақыты
1. Ксенофан Шамамен, б.д.д. 565-473 жылдар
аралығы.
2. Парменид Шамамен, б.д.д. 504-501 жылдарда
туылған, дүние салған уақыты
беймәлім.
3. Зенон Б.д.д. 490-430
4. Самостық Мелисс Б.д.д. V ғасыр.
Элеаттықтар бірінші болып дүниені рационалды түрде,
барынша жалпы “болмыс” “бейболмыс” “қозғалыс”-
философиялық үғымдарын қолдана отырып түсіндіруге
тырысты. Бұған дейінгі барлық философтар дүниеге деген өз
көзқарастарын ғана баян еткен болса,элеаттықтар (әсіресе
Перменид пен Зенон) алғаш болып дүниені рационалды
тұрғыдан негіздеп,өз тұжрымдарын дәлелдеуге бет
бұрды.Сезімдіктәндік дүниенің “елес” екендігі,ақиқат
еместігі туралы түсінік пен баға бірінші болып элеаттықтарда
туды. “Елес” дүниесіне-ақылмен ғана танылатын “ақиқат”
дүниесі қарсы қойылды.
Ілім тағдыры.Элеаттықтар ілімі Платон мен Аристотель
және олардан кейінгі бүкіл европалық философияға ықпал
етті, ал Зенон апориялары әлі кунге дейін толассыз
қызығушылық пен шешу жолдары туралы талпыныстарға
толы.
Атомизм(Левкипп, Демокрит)
Философиялық көзқарастары.Түпнегіз.
Демокрит пікірінше, болмыс түп негізі: Атом
және атомдар қозғалатын бос кеңістік. Әрбір
атом мәңгі және өзгеріссіз. Атомдар пайда
болмайды және жойылмайды. Атомдардың
саны шексіз, олар көлемі, формасы (шар
түрінде, пирамида түрінде, ирек формалы,
т.б.) және кеңістікте орналасуы бойынша
жіктеледі. Атомдар қозғалғыш, олар еркін
қозғалып, бос кеңістікте күн сәулесі түскенде
көрінетін шаң-тозаңы сияқты “билеп жүреді”.
Дүниеден бар заттардың барлығы атомдардан
және бос кеңістіктерден құралады,заттардың
пайда болуы мен бөлінуінің нәтижесі.
Космогониясы және космологиясы. Тұтас
алғанда дүние-атомдардан құралған сансыз
дүниелер тіршілік ететін шексіз бос кеңістік.
Атомдар бір-бірімен соқтығысып жататын бос
кеңістікте Ғарыштық құйын пайда болды.
Детирминизм. Демокрит механистік
детерминизмнің негізін қалады: дүниеде
болып жатқан құбылыстардың, процестердің
ешбірі себепсіз болмайды, барлығыда солай
қажет болғандықтан туады. Өйткені
дүниедегінің барлығы атомдар
қозғалысының соқтығысуының нәтижесі.
Кездейсоқтықты адамдар өз надандықтарын
ақтау үшін ойлап шығарған,
Софистік мектеп
«Софистика»және «софист» терминдері
ежелгі гректің «даналық» сөзінен бастау
алады. «Софист» сөзін дәлме-дәл аударғанда
«дана,шебер,білгір» мағынасын береді.
Софистер- б.д.д V ғ басымен IV ғ ғасырдың
бірінші жартысы аралығында өмір сүрген,
төлемақы үшін дәріс беретін «даналық
ұстаздарының» шартты атау . Софистік мектеп
өкілдері теоретик-философтар, скептиктер,
субьектевистер,, рационалистер, сенсуалистер
және анархисте р ретінде ғана емес, полис
азаматтары арнайы төлемақы үшін шешендік
өнерге, дау-таласта қарсыласты жеңе білуге
Софистік мектеп
Олар шындық,ақиқат шешімге ұмтылуды емес, жеңіске
жетуді ғана мақсат тұтты, пікір сайыстарда «кімге болмасын,
ненің болмасын дұрыстығын» дәлелдеу тәсілі ретінде
арнайы оқытылды. Сондықтан «софист» сөзі жағымсыз
мағынаға ие болды. Соған қарамастан софистер риторика
(шешендік өнер) мен тіл ғылымдары (лингвистика)
дамуында маңызды рөл атқарды:олар ашқан софизмдер
(парадокстер) логиканың қалыптасуына түрткі болды.
Софистерді мынадай топтарға жіктеу қабылданған:
1.Аға софистер (б.з.д V ғ. ) – Протогор, Горгий, Антифонт,
Критий, Гипий, Продик.
2.Кіші софистер – Ликофрон, Алкидамант, Трассимах.
Софистерге тән сипат
1. Қоршаған дүниеге сыни қатынас;
2. Барлық нәрсені, процесті іс жүзінде тексеруге ұмтылыс, қандайда болмасын
ойдың дұрыс не бұрыс тығын логикалық тұрғыда дәлелдеуге ұмтылыс;
3. Ескірген дәстүрді мәдениет негіздерін қабылдамау;
4. Сүйетінін негізі жеткіліксіз көне дәстүрлерді, дағдыларды ережелерді
терістемеу;
5. Мемлекет пен құқықтың шарттылығын, олардың жетілмегендігін
дәлелдеуге ұмтылыс,
6. Моральдық нормаларды абсолютті деп емес, сынау, жетілдіру объектісі
ретінде қабылдау;
7. Пікірлер мен баға берудегі субъективизм;
8. Объективті болмысты терістеу және барлық нәрсенің тек адам ойында
тіршілік етуге талпыныс.
Платон академиясы-толық б.д.д 307 ж.-б.д.
529ж.дейін тіршілік етуі. Плтон ашқан діни-
философиялық мектеп.
Акдемияның әйгілі түліктері:
1. Аристотель
2. Ксенокрит
3. Кратет
4. Аркесилай
5. Карфагендік Клитомах
6. Ларистік Филон
Академия б.д. 529ж. Император Юстинианның
бұйрығымен “Зиянды идеялардың орталығы ” деген
айыппен жабылды. Платон өзінен кейингі бүкіл
европалық философияға ықпал етті: оның идеялары
турулы ілімі белгілі дәрежеде идеалистік филасофия
негізіне айналды. Қайта өрлеу дәурінде, ал кейінрек
жаңа заманда Платон іліміне деген қызығушылық
қайта туды( Мысалы, Гегель философиясында, т.б.).
Аристотель немесе Ликей мектебі
Александр таққа отырған 335 ж 50жастағы
Аристотель Афинаға қайта оралып, өзінің
философиялық мектебін – Ликейді(лицейді)
ашады. Мектеп Ликейлік Апполонға арналған
шағын орманда орналасқандықтан Ликей
атанды. Ликейдегі дәрістер серуендей жүріп
өтілетін болғандықтан Аристотель шәкірттері
және оның жолын қуушылыр
«перипатетиктер» (серуендеушілер ) атанады.
Эпикурлік мектеп
Эпикуреизмді, тұтас алғанда, эллиндік дәуірдің атомизмі деп атауға болады.
(Алайда Эпикурдің өзі Демокрит ықпалын ешқашан мойындамаған). Негізін
қалаушы – Эпикур(б.д.д 342/341-270/271).
Философияның басты мақсаты бақытқа жету.
Эпикур ілімі-ежелгі Гректердің соңғы ілімі де, стоицизм- Ежелгі
римдіктердің басты ілімі. Эпикур ілімінің басты ерекшелігі – оның бұл
дүниелік игіліктерге қатынасында:Эпикур оларды қажетсінбейді емес және,
сонымен қатар, оларды алдыңғы орынға қоймайды да. «Бір сәттік рахат»,
«қазір болса болды, кейінгісін көре жатармыз» қағидасы емес Эпикурдің
қлайтыны –тұрақты, біркелкі таусылмас ләззат. «Ол оның ішкі жан дүниесінде
қатты қайраңға ұрған тынық теңіздей толқиды». Мұндай ләззат – тән саулығы
мен жан тыныштығынан тұрады. Сондықтан Эпикур түсінігіндегі бақыт-түкке
тұрғысыз наным-сенім мен үрей-қорқыныштан азат болу.
Ғылымдарды классификациялау.
Эпикур ғылымдарды физикаға, гносеологияға және этикаға бөледі.
«Жаратылыстанусыз мамыражай рахат –ләззат алу мүмкін емес» деп
тұжырымдайды Эпикур, «табиғатты зерттеудің қажеттілігі осыдан
туындайды»
Киниктер мектебі
Киниктер-ежелгі грек философиясының Сократтық
кезеңіндегі (б.д.д 4 ғ) мектептердің бірі.
Негізгі өкілдері: Антисфен, Синоптық («бөшкедегі»)
Диоген, Кратет
Мектептің атының шығу тегі екі түрлі:
1.Антисфеннің Афинадағы Киносар қыратында
орналасқан философиялық мектебінің орны.
2.Диогеннің лақап атының бірі(«кинос»- «ит»)
Киниктер өмір салты мен философиясының
жалпы сипаты
1. Шексіз, асоциалды-қоғамнан тыс бостандықты дәріптеу, сыртқы
дүниеге(қоғам, мемлекет, отбасы, үй-жай,дүние-байлық т.б) тәуелсіздікті
мақтаныш тұту
2. Әлеуметтік байланыстардан шектеу, ерікті жалғыздық: «Қауымсыз! Үйсіз!
Отансыз!» қағидасы бойынша тіршілік кешу(Синоптық Диоген)
3. Шектен шыққан аскетизм: тәндік жұтандықты, рухани жарлылықты
уағыздау
4. Бедел атаулыны мойындамау
5. Патриотизнің болмауы, кез-келген қоғамда сол қоғамның заңдарымен емес
әрбір адамның тек өз қағидаларымен өмір сүруі
6. «Әлем азаматы » болу(Космопотилизм)
7. Табиғат заңынан басқа ешбір заңды мойындамау
8. Радикализм, парадоксалдылық
Стоялық мектеп
Киниктер идеясының дамуына жауап
ретінде стоя философиялық мектебі (б.з.д
300 жыл) қалыптасты және дамыды.
«Стоя» - Афинада осы мектептің идеялары
насихатталатын орынның – портиктің (үй
алдында тіреуімен көтерілген, төбесі жабық,
қабырғасыз қалқа) аты.
Философиялық көзқарастар. Ғылымдар
классификациясы
Стоиктер ғылымды жұмытқамен немесе бақшамен салыстыра
отырып, барлық ғылымдарды үшке: логикаға,
физикаға(натурфилософияға) және этикаға бөледі.
Стоицизм философиясындағы ғылымдар классификациясы:
Логика Логика- бақшаның қақпасы, ал оның
ағашы- физика, ағаштардағы жеміс –
Физика этика. Немесе, жұмыртқаның қабығы-
локика, жұмыртқаның ағы-физика,
Этика сарысы-этика
Логика адасушылыққа жол бермей, философқа
лайық білім беріп, ойлауға үйретеді, сондықтан
логиканы білу қажет. Ал табиғатқа сәйкес өмір
сүру үшін физиканы білу қажет. Этика бізді
адамға лайықты тәртіпке үйретеді, сондықтан
Логика және гносеология
Стоиктер Аристотельдік логикаға сүйене отырып, оны өздерінің
тіл білім саласындағы зерттеулермен байытты. Түйсік-сезімдер-
кез келген білімнің көзі. Жадымызда жинақтала түйсік, сезімдер
мен қабылдаулар объектілердегі ұқсастықтар мен
айырмашылықтарды салыстырып, олардың басты белгілерін
анықтап, ұғымдар жасауға мүмкіндік береді. Демек ұғымдар
ақылдан дербес тіршілік етпейді, тек жеке заттар ғана реалды.
Космология және космогония
Дүниенің өзіндік дамуы циклді түрде іске асады. Әрбір цикл
Әлемдік Өртпен аяқталады-бүкіл тіршілік өртеніп, дүние өртке
айналады. Жаңа циклдің басында творчестволық от (барлық
заттардың ұрығы бар логос) өзінің боынан төрт стихияны, ал ол
төртеуінен- дүниедегі барлық денелерді жаратады.
Неоплатондық мектеп
Негізін қалаушы: Плотин немесе оның
ұстазы Аммоний деп саналады.
Көрнекті өкілдері; Аммоний Саккас 175-
242ж.ж
Плотин 205-270ж.ж
Порфирий 232-301ж.ж
Ямвлих 28/0-330ж.ж
Прокл 410-485ж.ж
Философиялық көзқарастары
Неоплатизмде Платонның тәндік-сезімдік дүние мен сезімнен жоғары әлемді
қарсы қоюы шегіне жеткізіле дамытылды. Басты назар ақылдан және болмыстан
жоғары түпнегіз туралы дүниеге бөлінеді. Платон сияқты неоплатинестер де
бастапқы түпнегіз.
Біртұтас-Игілік деп санады. Ол ақылмен танылмайды ақылдан жоғары жоғары
экстаз күйінде. Оның қандай екені туралы айту мүмкін емес – оның қандай
еместігі туралы айтып терістеуші анықтамалар арқылы сипаттауға ғана болады.
Біртұтастың – (Игіліктің), Плотин сөзімен айтқанда ешқандай кемшілік жоқ
ештеңені қажет етпейді. Біртұтас уақыттан тысқары, ол ештенеге ұмтылмайды,
әрдайым мәңгі тыныштық күйді. Ол өзін өзі таным процесінсіз-ақ таниды. Өйткені
ол үшін білімсіздіктен білімге көшу деген жоқ.
Біртұтас – Игілікті Плотин Күнмен салыстырады. Күннен сәуле тарағаны
сияқты, біртұтас- Игіліктен эмоция арқылы идеялары (ұғымдары) бар Болмыс –
Ақыл (Нус) туады. Осылайша бір жағынан, Ақыл – көптеген идеялары бар
жиынтық болса, екінші жағынан, Ақыл біреу-ақ. Ақыл уақыттан тыс тіршілік
етеді, өзін-өзі таниды және өз мазмұнын – идеяларды ойлай отырып, оларды
жаратады. Бұл процесс ең жалпы идеялардан (болмыс, қозғалыс пен тыныштық,
тепе-теңдік пен айырмашылық) басталып, олардан барлық басқа нәрселер туып
жатады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz