ҚАРАПАЙЫМ АЙҚАСПА


Slide 1

Жоспары:

1. Кіріспе

Маталар

2. Негізгі бөлім

2. 1. Матаның негізгі қасиеттері.

2. 2. Мата құрылымы.

3. Қорытынды.

Slide 2

Мата

Мата (лат. textile - мата, материя) - химиялық талшықтар мен жіптерден жасалған. Химиялық талшықтар мен жіптер табиғи синтетикалық жоғары молекулярлық қосылыстарды химиялық өңдеу нәтижесінде алынады. Бастапқы шикізатқа байланысты химиялық талшықтар, жіптерді жасанды және синтетикалық деп бөлінеді.

Slide 3 Slide 4 Slide 5 Slide 6 Slide 7 Slide 8 Slide 9

Мата құрылымы

Күрделілігіне байланысты тоқыманың айқаспалары төрт класқа бөлінеді: қарапайым (тегіс), майда өрнекті, күрделі және ірі өрнекті.

Тоқыма айқаспа түрлері торкөз қағазға салғанда тордың тік қатарын негізнің жібі көлденең арқаудың жібі деп шартты түрде қабылданады. Әр көз екі жіптің (негіз және арқау) қиылысы болады және жапқыш деп аталынады. Егер матаның оң жағына арқау жіп шықса - арқау жапқыш деп аталынады.

Slide 10

Қарапайым айқаспа

Қарапайым айқаспалар түрлері: жаймалық, саржалық, атлас- сәтендік. Барлық тегіс айқаспалардың ерекшеліктері мынандай: рап- портта әр негіз жіп арқау жіппен бірақ рет айқасады, негіз бойынша раппортқа тең.

Slide 11

Жаймалық

Жаймалық - тоқыма айқаспаларының ішіндегі ең көп тарағаны. Жаймалық айқасуда негіз және арқаудың жіптері біреуден кейін айқасып отырады: матаның бет жағына негіз жіп (н) және арқау (жіптер бойынша жайма) жіп (а) кезекпен шығып отырады. Негіз және арқау жіптер бойынша жаймалық айқасудың раппорты екі жіпке тең.

Жаймалық айқаспа матасы оң және астыңғы жағынан бірдей тегіс, күңгірт болып келеді. Жаймалық айқаспалармен шыт, бөз, миткаль, маркизет, бәтес, майя мақта маталары тоқылады.

Жаймалық айқаспа матаға барынша мықтылық береді және тығыздығы жоғары болса, мата қатты болады.

Slide 12 Slide 13

саржалық

Саржалық айқаспа маталардың ерекшелігі оның бетіндегі сызықтар диагоналі бойымен орналасады (саржа, кашемир, шотланд- ка) . Саржалық матаның бетіндегі сызықтар әдетте төменнен жоғары солдан оңға қарай, кейде оңнан солға қарай кетеді. Саржаны жасандағы өзіне тән белгісі: раппорттағы жіптер саны ең аз - 3; арқау жіпті әр салған сайын тоқыманың өрнегі шекпен өрнектейді: алымына раппорттың әр қатарындағы негіз жапқыш саны н, ал бөлгішіне - арқаулық жапқыш санына қойылады

Slide 14 Slide 15

майда өрнекті айқаспа

Майда өрнекті айқаспалардың класы екі топқа бөлінеді: қарапайым айқаспаларды өзгерту, күрделендіру арқылы алынатын туынды айқаспалар, қарапайым айқаспаларды алмастыру және құрастыру арқылы алынатын құрама айқаспалар. Қарапайымға қарағанда майда өрнекті айқаспаларда негіз мен арқаудың раппорты әртүрлі болады

Slide 16 Slide 17

Күрделі айқаспа

Күрделі айқаспалар үш немесе одан да көп жіптердің жүйесінен түзіледі. Оған қос бетті, қос қабатты, пике, түкті, ілмекті, қайта өрілетін түрлері жатады.

Қос бетті және қос қабатты айқаспалар мақта маталарын (сәтен, трико, бәйке) шығарғанда пайдаланылады. Түкті айқаспаның маталарының бет жағында тік тұрған түктері болады. Түк жалпы не- месе жалпақтығы әртүрлі суретті жолақ немесе түктен салынған ою- өрнекті болуы мүмкін.

Slide 18 Slide 19

Ірі өрнекті айқаспа

Ірі өрнекті айқаспа беттік машинасы бар тоқыма станогында тоқылады. Мұнда өрнектің мөлшері мен формасы әртүрлі болуы мүмкін: өсімдік бейнелі және геометриялық оюлар мен композициялар, сюжетті және тақырыптық суреттер. Ірі өрнекті айқаспалармен әртүрлі маталар, сондай-ақ портреттер, суреттер, кілемдер, гобелен- дер, жапқыштар және дастарқандар тоқылады.

Ірі өрнекті айқаспалар қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Ірі өрнекті айқаспалар үлкен рапортты болады және жаккардты станоктарында өндіріледі. Ірі өрнекті айқаспалардың суреттері; өлшемі, фор- масы, колориті бойынша әр түрлі: геометриялық, өсімдік текті өрнек, гүлді өрнекті болады. Ірі өрнекті айқаспалар қарапайым және күрделі болып бөлінеді.

Slide 20 Slide 21

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Тоқыма айқаспаларының түрлері
Қазіргі заманғы маталардың сипаттамалары
Жасушалардың бөлінуі
Кілем тоқу өнері
Телофаза митоздың ақырғы сатысы
Жасушалардың бөлінуы
Сабынданатын және сабынданбайтын липидтер
Модельдеу объектісі
Логикалық негіздер. Логикалық амалдарды іске асыру
Симметрия топтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz