Қарым - қатынастың жақтары


Slide 1

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Медициналық психология негіздері және коммуникативтік дағдылар кафедрасы Пәні: Комуникативтік дағдылар СӨЖ №1: Қарым-қатынас түрлері, жақтары және деңгейі.

Дайындаған:

Тексерген: Мусабекова А. С.

Қарағанды

Slide 2

Жоспар:

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

1) Қарым - қатынас типтері.

2) Қарым - қатынас жақтары.

3) Қарым - қатынас формалары.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Slide 3

Қарым-қатынас

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС - адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуы, ортақ іс-әрекет қажеттілігі мен ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін күрделі көп жақты процесс.

Сөйлесу

Қабылдау

Түсіну

Бағалау

Мойындау

Ой алмасу

Ақпарат беру

Slide 4

Қарым-қатынас - тұлғаның қалыптасуының ең маңызды факторларының бірі болып табылады. Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде қарым - қатынас мәселесі шешендік өнер, эвристика және диалектика саласында зерттелді. И. А. Зимняяның айтуынша қарым - қатынас XX ғасырдағы жаңа мәселе. Қазіргі кезде қарым -қатынас мәселесі философия, әлеуметтану, әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, әлеуметтік психология, жалпы психология, педагогика, педагогикалық психология салаларында зерттелінуде. Қарым- қатынастың тұлғаның дамуындағы маңызды орнын психологтар В. Г. Ананьев, А. А. Бодалев, Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Б. Ф. Ломова, А. Р. Лурья, В. Н. Мясищев, А. В. Петровский зерттеген.

Қарым-қатынас мәселесінің зерттелу деңгейі.

Slide 5

Қарым - қатынастың келесі аспектілері болады:

Мазмұны

Мақсаты

Әдіс құралдары

Қарым - қатынастың мазмұны дегеніміз ол адамның ішкі мотивациялық немесе эмоционалдық күйі туралы мәліметтер болу мүмкіндігі.

Қарым - қатынастың мақсаты дегеніміз ол - адамда белгілі нәрсеге байланысты белсенділік түрінің пайда болуы.

Қарым - қатынастың әдіс - құралдарына мыналар жатады: тіл, суреттер, сызбалар, бейне таспалар, механикалық, магниттік, лазерлік жазба құралдар.

Slide 6

Манипулятивті қарым - қатынас - партнеріне өзінің іштей мақсаттарын жасырын түрде жүзеге асыру үшін жасалынатын қарым-қатынас түрі. Қарым-қатынастың бұл түрі, әсіресе, бизнес, іскерлік қарым-қатынаста әбден орынды болғанымен, достық, жолдастық, сүйіспеншілік саласында орынсыз.

Қарым - қатынастың типтері

Slide 7

Диалогты қарым - қатынас - біріккен таным мен партнер арасындағы өзіндік танымды мақсат еткен бірдей құқықты субъекті өзара әрекет. Диалогты қарым - қатынастың ерекшелігі - эгоцентризмнен, өзіндік ұстанымнан альтруизмге, өзгеге, басқаға бағытталған ұстанымға көшу.

Slide 8

Императивті қарым - қатынас -авторитарлы (әміршіл) форма, партнердің мінез - құлқын, ойын, пікірін бақылау, қатынастағы оны белгі әрекет пен шешімге күштеу мақсатымен жүзеге асырады.

Slide 9

Іскерлік қарым - қатынас - тұлға ерекшелігі, мінезі, жасы, көңіл - күйі ескеріледі, бірақ ең бастысы істің орындалуы.

Slide 10

Рухани - жеке тұлғааралық - бұл достардың, туыстардың қарым-қатынасы. Әр түрлі тақырып қозғалады.

Slide 11

Қарым-қатынастың жақтары:

Коммуникативті

-ақпарат алмасу

-ақпарат беру

-ақпарат тарату

Интерактивті

-ынтымақтастық

-қарысылық

-бұйыру

-тығыз қарым-қатынас

-компромисс

Перцептивті

-идентификация

-эмпатия

-аттракция

-рефлексия

Slide 12

Тікелей;

Жанама;

Тұлғааралық;

Вербальды;

Вербалды емес.

Қарым - қатынас формалары:

Slide 13

Тікелей

Жанама

Тұлғааралық

Бір адамнан екінші

адамға ақпарат алмасуы

Адамдардың бір - бірінің

индивидуальды ерекшеліктерін

білумен, жаңашырлықтың, түсінушіліктің,

өзара әрекеттесушіліктің

болуымен сипатталады.

Ақпаратты жеткізіп отыратын қосымша

делдалдың қатысуымен ерекшеленеді.

Slide 14

Вербалды қарым - қатынас тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Тіл - сөз жүйесі, сөздерді дұрыс құрастыру, ойды сөзбен толық жеткізу, дыбыстың, интонацияның, сөздің нақтылығы. Тілдік дыбыстық құбылыс - сөз темпі, дауыс ырғағы, ритм, тембор, дикция. Біз бір - бірімізбен жазбаша немесе ауызша қарым - қатынас жасай аламыз. Тілдік қызметті бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады: айту - тыңдау, жазу - оқу.

Вербалды емес қарым - қатынас - «дене тілі», «ым - шара тілі» деген ұғымдармен байланысты. Бұл қарым-қатынас құралына - поза, ым-шара, мимика, визуалды қатынас, тұлға аралық дистанция.

Slide 15

Зерттеу жұмыстарына сүйенетін болсақ, адам қарым-қатынасының күнделікті актісіндегі сөздер оның 7% құрса, дыбыстар мен дауыс ырғағы 38%, сөйлеу тілінің қатысынсыз жүрген әсер 55% құрайды екен.


Ұқсас жұмыстар
Қарым - қатынас стильдері
Адам қарым - қатынасының маңызды құралы
Қарым - қатынас топтары
Вербалды және вербалды емес қарым - қатынас
Мұғалім қарым - қатынас стилдері
Ақпаратты жеткізіп
Қарым қатынас құрылымы
Оқушылар қарым - қатынаста тең дәрежелі
Тұлғаның танымдық іс-әрекетін қарым – қатынас арқылы дамыту
Ақпаратты коммуникативтік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz