Алтын күз бізге нұр төгіп
Презентация қосу
Алтын күз ел байлығы
Мақсаты : табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың
білімдерін кеңейту. Күз мезгілінің берекелі екенін айтып түсінік беру
ойлау қабілетін дамыту
( Ән-әуез бөлмесі күзгі мерекеге байланысты безендірілген)
Жүргізуші:Қарсы алайық бәріміз
Жасымыз бен кәріміз
Қырдан кепті қыдырып
Алтын күз бізге нұр төгіп
Тілегім аман болсын ел ергесі
Алтын күз қайта келді берекесі
Молшылықтың жаршысы бола білді
Алтын күз - ырыс, береке, бірлік ала келді.
Армысыздар құрметті қонақтар!
" Алтын күз ел байлығы" атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Бүгінгі
"Алтын күз ел байлығы" атты ертеңгілігімізді ашу үшін сөз кезегі № 19
"Балдәурен" ясли бақшасының меңгерушісі Жайлханова Райхан апайға
беріледі.
Ел байлығын арттырған берекеліде мерекелі күз мерекесі құтты болсын.
Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін
сыйласын.
Әуелі жұмбақ жасырам
Қулығымды асырам
Таба алсаңдар, шешімін
Қонағымды шақырам
Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін
Бұл не болар ( КҮЗ)
( Осы кезде ішке сары киім киген, түрлі түсті жапрақтар тағынған алтын күз
келеді)
Күз ханшайымы:
Сәлем, өрен достарым
Алақанды тос бәрің
Қызығыма қоныңдар
Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Кел күз тойын тойлайық
Би билейік ойнайық!
Балалар: Сәлем, сәлем Алтын күз
Жаны жомарт жарқын күз!
Қош келдің Алтын күз! Өзіңмен бірге береке, байлық ,мол ырыс әкелгеніңе
бізде қуаныштымыз. Енді балалардың өзіңізге арнаған әндері,билері
тақпақтары, ойындары да бар. Балалардың өнерін тамашалаймыз.
Хор: "Күз жомарт"
Алақай, алақай
Шаттанды балақай
Күз түсті, дән пісті
Айтамыз алғысты- деп келесі кезекті бүлдіршіндеріміздің өлең шумақтарына
береміз.
Гүлсезім:Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Мансур: Мен алмұртпын алмұртпын
Аузындамын бар жұрттың
Гүлайым:Алатаудың етегі
Алма деген жетеді
Алма дейді неге оны?
Алғым келіп кетеді
Нурислам:Қып қызыл боп таңқурай
Бізді қайран қалдырды ай!
Бүйірім шығып бір тойдым
Құмарымды қандырды ай
Жібек: Уылжығын бүлдірген
Әбден пісіп үлгерген
Бірақ, оның көйлекті
Былқайтынын кім білген
Альфия: Дәні қандай қатты еді
Дәмі қандай тәтті еді
Үйіріп ап тілімді
Таңдайымнан кетпеді.
Дильназ: Бақ ішінде көрікті
Көрдім өскен өрікті
Жемістерін аямай
Балаларға беріпті
Нұрила: Албырыған шиені
Қыздар сондай сүйеді
Жасаймыз деп моншақты
Орамалға түйеді.
Сезім: Жинап едім жүзімді
Сабағынан үзілді
Қатар-қатар қойған ем
Маржандай боп түзілді
Нәзік гүлдер әніміз
Жайнап өскен бауымыз
Өсе берсін гүл қыздар
Жарасады жырымыз- деп келесі кезекте " Қолшатыр" биін тамашалаңыздар
Орындайтын: Айзалия, Толғанай, Гүлайым, Сезім, Жібек, Нұрбибі
Әсем әуен салдырған
Сәбилер де алғыр жан
Балдәуреннің қызығын
Есте қалар болдырған- деп кезегімізді өлең шумақтарына береміз
Айзалия: Бақшамызда көкөніс
Тағы берді көп өніс
Жинау керек тез енді
Болмау керек бөгеліс
Аяна: Сабағында ырғалып
Күндей болып тұр жанып
Дәні піскен кезінде
Кетеді екен нұрланып
Нұрмұхаммед: Қабат- қабат тоны бар
Тіл үйірер сөлі бар
Суы өмірі кетпейді
Аздап тұзы жетпейді
Даниял: Тығылам деп тереңге
Бұғып жатқан төменде
Ұзын мұрын тәрізді
Тауып алдым сәбізді
Сұлтанбек:Картоп біздің атымыз
Жер астында жатырмыз
Бір тамырдан тараған
Ағайынбы бәріміз
Нұрхан: Қос батырдай түйілген
Тоғыс қабат киінген
Аршимын деп мен оны
Жылап шықтым үйімнен
Толғанай: Түсі сондай қып-қызыл
Сабағы да тіпті ұзын
Алмаға аздап ұқсайды
Ел абайлап ұстайды
Ислам: Жас өскінін қиярдың
Жаз бойы мен суардым
Түйнектерін көргенде
"Бес" алғандай қуандым
Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық
Би билейік ойнайық
Ән: " Жау-жау жаңбыр"
Орындайтындар: Гүлайым, Даниял, Жібек
Балалар келесі кезекте Дастан мен Рүстемнің өлең шумақтарына береміз:
Дастан: Жинап досты,бауырды
Ортаға алдық қауынды
Жарып едік қауынды
Қарық қылды ауылды
Рүстем: Қарбыз деген қой сойдық
Ой, бәріміз бір тойдық
Сусап тұр ек көбіміз
Қанып қалды шөліміз
Жүргізуші: Бүлдіршінмен бәріміз
Отбасындай бір ұямыз
Береміз ендеше
Би өнеріне кезегін
Ортада бір топ бүлдіршіндеріміздің орындауында "Жаңбыр" биі. Қарсы
алыңыздар.
Келесі кезекте "Кім жылдам" ойынына береміз
Ойын шарты: Ортаға 3 қолшатыр қойылады 4 бала шығады.Музыка әуенімен
балалар билей жүріп, муыка тоқтаған сәтте қолшатырды алып үлгеруі тиіс.
Алып үлгере алмай қалған бала ойыннан шыға береді.
Күз ханшайымы: Айналайын балаларым өнерлерің көп екен. Риза болып
қалдым.Мен қайтатын кез болды.Аман есен болыңдар.
Еңбек етіп ойнап-күліп, шырқап әнге салыңдар. Қош болыңдар
Балалар: Рахмет саған Алтын күз
- Қош, қош Алтын күз
Жүргізуші: Балалар осымен біздің күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз
аяқталды.
Қош сау болыңыздар.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz