Тісжегі қуысын егеп - тазалау


Slide 1

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университеті

Мамандығы: Стоматология

Дисциплина: Терапиялық стоматология

Группа: 304

Орындаған: Бахит. С

Тексерген: Исбулатов. Е. С

Студенттің өзіндік жұмысы

Slide 2

Тақырыбы:Жегі қуысын егеу принциптері мен ерекшеліктері: 1. тоннельді егеу 2. атипиялық қуыстар

Slide 3

ЖОСПАРЫ:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

Тіс жегі туралы сипаттама

Емдеу тәсілдері

Тісжегі қуысын егеп-тазалау

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

V. Бағалау критерийі

Slide 4

Тісжегі - тістерді шыққаннан кейін жарақаттайтын, қатты тіндердің минералды заттарының еруі, органикалық құрамының ыдырауы нәтижесінде тістің бүтіндігінің бұзылып, ақаулардың немесе қуыстардың пайда болуымен сиппаталатын патологиялық үрдіс.

Slide 5 Slide 6

Тістің қатты тіндерінде тісжегі үрдісінің тереңдеуіне байланысты оның төрт сатысын ажыратады: - Бастапқы тісжегі немесе тісжегі дағы - Жоғарғы тісжегі немесе кіреуке тісжегісі - Орта тісжегі - Терең тісжегі

Slide 7

Тісжегісін емдеу шараларын екі топқа бөлуге болады: жалпылай және жергілікті емдеу.

Жалпылай емдеу организмнің қорғаныш қасиеті мен тістің қатты тіндерінің төзімділігің жоғарылатуға бағытталған. Осы мақсатта витаминдер жиынтығын, микро- және макроэлементтер қоспаларын тағайындау қажет.

Жергілікті емдеу әдістері тіс тіндеріндегі өзгерістерге байланысты жүргізіледі. Тісжегінің дақты кезеңінде немесе кіреукенің ошақты минералсыздану сатысында дәрі-дәрмектер қолданып емдейді, ал қуыс құрылу сатысында бұзылған қатты тіндерді егеп-тазалап алып, ақауды пломбылық материалдармен бітеу немесе пломбылау әдісі қолданылады.

Slide 8

Тісжегі қуысын егеп-тазалау - тісжегіні жергілікті емдеу шараларының біпден-бір жауапты кезеңі болып табылады. Себебі, оның дұрыс орындалуы - тістің қатты тіндерінің әрі қарай бұзылмауының және қойылған пломбының ұзақ тұруының кепілі. Егеп-тазалау кезіндегі негізгі міндет - тістердің өзгеріске ұшырап бұзылған қатты тіндерін толық алып тастап, тазаланған қуыса пломбы ұзақ бекіп тұратныдай тиімді пішін бері. Стоматологияның даму барысында Г. В. Блэк тісжегі қуысын егеп-тазалаудың қағидасын ұсынды.

Slide 9

Блэктің негізгі қағидалары:

Сынып кету қаупінің алдын алу үшін тірегі жоқ кіреукенің салбырап тұрған шеттерін алу;

Тісжегілі дентинді толығымен, мұқият тазалау;

Алдын алу үшін кеңейту - тісжегінің рецидивін болдырмау мақсатымен тістің иммундық аймағына дейін қуысты профилактикалық кеңейту;

Қорап тәрізді пішінді қуысты жасау, ол шайнау кезінде түсетін жүктемеге тіс пен пломбаның төзімділігін қамтамасыз етеді.

Осыған сәйкес тістердің қатты тіндерін егеп-тазалау төрт кезеңнен тұрады.

Slide 10

Бірінші кезең - тісжегі қуысын ашу. Бұл кезеңді орындау мақсаты - тісегі қуысы аузындағы астындағы тірек дентин бұзылысқа ұшыраған жабынды кіреукені егеп немесе бұрғылап алып тастау. Астында қалыпты дентин қабаты сақталмаған кіреукені тісжегі қуысы жиегінде қалдырмау керек. Себебі, дентин арқылы жүретін зат алмасу үрдісінен айрылған кіреуке механикалық әсерлерге төзімсіз және тез сынғыш болғандықтан, қойылғанпломбаның жиегінде ақаулар пайда болып, тісжегі үрдісінің әры қарай дамуына мүмкіндің туындайды.

Slide 11

Тісжегі қуысын ашу көбінесе шарға немесе цилиндрге ұқсас беттері алмас үгінділерімен жабылған борлар көмегімен орындалады. Борлардың көлемі ауыз қуысының көлемінен кішірек және қуысқа еркін енулері керек. Шарға ұқсас борды тісжегі қуысына енгізгеннен кейін оны іштен сыртқа қарай айналдыра отырып, жабынды кіреукені егеп алып тастайды. Цилиндрге ұқсас немесе фиссурлы жүлгелі борлармен жұмыс істегенде олардың бүйір беттерін кіреукеге жанастыра отырып айналдырады және жабынды кіреуке толық алынғанға дейін егеп-тазалауды жалғастырады.

Slide 12

Екінші кезең - ыдыраған және жұмсарған дентинді алып тастау. Алдымен тісжегі қуысындағы ас қалдықтары мен ыдыраған және жұмсарған дентинді аршығыштың көмегімен алады, ал жұмсарған бірақ қаттылау және пигменттелген дентинді шарға ұқсас бормен бұрғылап алады.

Slide 13

Үшінші кезең - тісжегі қуысына белгілі бір оңтайлы пішін беру. Осы кезеңді орындау кезінде қойылатын мақсат - тісжегі қуысын егеп-тазалай отырып, оған шартты талаптарға сай келетін пішін беріп, пломбаның қуыс қабырғаларына жақсы бекіп, ұзақ тұруына ыңғайлы жағдай туғызу. Бұл кезеңді орындау ерекшеліктері тісжегі қуыстарының орналасу ерекшеліктеріне, көлеміне, патологиялық үрдістің даму жылдамдығына, тісжегі қуысына қойылатын пломбылық материалдардың физико-химиялық қасиетіне байланысьты.

Slide 14

Төртінші кезең - тісжегі қуысының жиегін тегістеу немесе кіреуке жиегін өңдеу. Тісжегі қуысын ашу кезінде металдан жасалған борларды қолданған кезде кіреуке призмаларының сынуы нәтижесінде кіреуке жиегі ойлы-қырлы болып қалады және әртүрлә тереңдікте саңылаулар пайда болады. Мұның өзі пломбылық материалдың тісжегі қуысының жиегін жабысуын нашарлатып, екіншілік тісжегінің дамуына жағдай туғызады. Пломбының тұрақтылығын арттыру және жиектік жанасуын жақсарту үшін кіреуке жиегін карборунд тастармен, өте ұсақ алмас үгінділерімен жабылған, қатты құймдан жасалған карбид-вольфрамды борлармен және финирлермен мұқият тегістейді.

Slide 15

Егеп-тазаланған тісжегі қуысында төмендегі элементтер қалыптасады:жиегі, қабырғалары, бұрышатыр және табаны. Табаныдеп қуыстың ұлпаға қараған қабырғасын айтады.

Slide 16

Барлық тісжегі қуыстарын егеп-тазалаған кезде ұстанатын ережелер:

Қуыстың табаны мен бүйір қабырғалары арасындағы бұрыш тік (90%) болуы қажет;

Көрші қабырғалар арасындағы бұрыш тік (90%) немесе доғал (120%), толығырақ айтқанда өте анықболу керек;

Қабырғалары мен жиегі және табаны тегісжәне жазық болу керек.

Slide 17

I-кластық тістегі қуыстарының пішіндерін әртүрлі етіп қалыптастырады:төртбұрышты, кубқа, цилиндрге, трапецияға, үшбұрышқа ұқсас.

II-кластық тісте қуысын төртбұрышты етіп қалыптастырады. Қажет болса, тістің шайнау бетіне шығарып қосымша алаң жасайды.

III-кластық тісжегі қуыстарына үшбұрыш пішін береді. Қажет болса, тістің ауыз жақ бетіне шығарып, осы бетте қосымша алаң жасайды.

IV-кластық тісжегі қуысына үшбұрыш пішін беріп, қосымша алаңды тістеу қырында, ауыз жақ бетінде қалыптастырады. Тістің ерін-жақ беті бұзылса, қуысты ерін-жақ бетіне шығарып егеп-тазалайды.

III-IV-кластық қуыстардың ерін-жақ қабырғаларын мүмкіндігінше сақтап қалған тиімді.

V-кластық тісжегі қуысына cопақ немесе жарты ай пішінін беріп егеп-тазалайды.

Slide 18

Егеп тазаланған І-кластық тісжегі қуыстары

а- тістің шайнау бетінде

б- бүйір күрек тістің тұйық тесігінде;

в- төменгі үлкен азу тістің ұрт жақ бетінде;

г- төменгі үлкен азу тістің шайнау және ұрт жақ бетіндегі қуыстар біріктіріле егеп тазаланған;

I-кластық тістегі қуыстарының пішіндерін әртүрлі етіп қалыптастырады:төртбұрышт,

кубқа, цилиндрге, трапецияға, үшбұрышқа ұқсас.

Slide 19

Егеп тазаланған ІІ-кластық тісжегі қуыстары

а- тісжегі қуысының орналасуы;

б- егеп-тазалау кезеңі;

в- егеп-тазаланған қуыстың пішіні

II-кластық тісте қуысын төртбұрышты етіп қалыптастырады. Қажет болса, тістің шайнау бетіне шығарып қосымша алаң жасайды.

Slide 20

Кіші азу тістің жанасу және шайнау беттері қатар жарақаттанған кезде тісжегі қуыстарын егеп-тазалау

а- тісжегі қуысының орналасуы;

б- тісжегі қуысын егеп-тазалау;

в- егеп тазаланған тісжегі қуысы

Slide 21

Егеп тазаланған ІІІ -кластық тісжегі қуыстарының көрінісі

а- жанасу беті жарақаттанған кезде;

б- жанасу және тіл жақ беттері жарақаттанған;

в- жанасу, тіл жақ және ерін жақ беттері жарақаттанған кезде.

III-кластық тісжегі қуыстарына үшбұрыш пішін береді. Қажет болса, тістің ауыз жақ бетіне шығарып, осы бетте қосымша алаң жасайды.

Slide 22

ІV -кластық тісжегі қуысының орналасуы және егеп тазаланғаннан кейінгі қуыстардың көрінісі


Ұқсас жұмыстар
Тіс жегі қуыстарын реставрациялау ерекшеліктері
Уақытша пломба
Пневмо - кинетикалық әдіс
Стоматология мектебі
Күміс амальгамасы
ҰЛПА ҚАБЫНУЫН ЕМДЕУДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАСЫ
Тіс бетін кептіру
Түбір өзектерін өңдеу
Уақытша материалдар
Сілекей құрамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz