Ұлттық Нейрохирургия орталығының президенті
Презентация қосу
Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Тақырыбы: Медицина ғылымының дамуына үлес қосқан
Ақтөбеліктер
Тобы: Медицина
Ақтөбе 2018
Серік Қуандықұлы Ақшолақов
• Серік Қуандықұлы Ақшолақов (3 шілде 1952 жылы,
Ақтөбе облысы Шалқарда туған) – қазақстандық
нейрохирург дәрігері, ғалым, медицина ғылымдарының
докторы, профессор. Қазақстанның Еңбек Ері.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. ҚР Мемлекеттік
сыйлығының иегері. Ұлттық Нейрохирургия
орталығының президенті.
• Ақтөбе медицина институтытын (қазіргі Батыс
Қазақстан медицина академиясы, М.Оспанов атындағы)
бітірген (1975 жылы). 1976 – 81 жылдары Ақтөбе облысы
ауруханасында нейрохирург, 1981 – 89 жылдары Москва
нейрохирургия ғылыми - зерттеу институтында
клиникалық ординатор, аспирант, 1989 – 92 жылдары
Алматыдағы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында
нейрохирург, 1996 жылдан сонда кафедра меңгерушісі.
Сонымен бірге 1992 жылдан Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау минстрлігінің бас нейрохирургі.
Ғылыми еңбектері мен марапаттары
• Негізгі ғылыми - зерттеу жұмыстары бас миы ішінен және
ми қабыршағынан болатын орталық жүйке жүйесі мен
жұлын ісіктерін, бас сүйек - ми жарақаттарын емдеу
мәселелеріне арналған. Ақшолақов нейрохирургиялық
ауруларға қатысты барлық хирургиялық әдістерді өз іс -
тәжірибесінде қолдана отырып, мидың ең күрделі саналатын
базальдік бөлімдеріне, ми бағанасына, қарынша жүйесіне,
ми тамырларына хирургиялық операция жасайды. 8 патент
пен авторлық куәліктің иегері, 150-ден астам ғылыми еңбегі
және 6 монографиясы жарық көрді. Ақшолақовтың
жетекшелігімен 15 клиникалық ординатор дайындалып, 2
докторлық және 18 кандидаттық диссертация қорғалды.
Марапаттары
• 1998 жылы «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызыметкері» құрметті атағы;
• 2001 жылы ҚР тұңғыш президенті - елбасының Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке алғыс хаты;
• 2005 жылы Тәуелсіз «Платинды Бас Тарлан» сыйлығының лауреаты;
• 2005 және 2007 жылдары ҚР тұңғыш президенті - елбасының Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
жеке алғыс хаты;
• 2008 жылы Дүниежүзі дәрігерлер ассоцасысының «Әлем дәрігері» құрметті атағымен марапаттады.
• 2008 жылы Ресейдің « Н.И.Пирогова» атындағы сыйлығының лауреаты;
• 2007 және 2009 жылдары «Жыл адамы – Алтын адам» сыйлығының иегері;
• 2010 жылы президент қолынан «Парасат ордені» мен марапатталды.
• 2011 жылы Республикалық нейрохирургтар конкурсының жеңілімпазы;
• 2012 жылы «Асқақ Азамат» құрметті атағы;
• 2013 жылы ғылым мен техника саласындағы Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
• 2015 жылы президент қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері » құрметті атағымен
марапатталды.
• 2016 жылы 13 желтоқаснда ҚР тұңғыш президенті - елбасының Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
жарлығымен өз қолынан денсаулық сақтау саласындағы ерен еңбектері үшін жоғарғы айрықша
белгідегі Қазақстанның Еңбек Ері алтын жұлдызды атағымен қосыла «Отан ордені» берілді.
• 2017 жылы Ақтөбе облысының құрметті азаматы
Жақсылық Ақмырзаұлы Досқалиев
• Жақсылық Ақмырзаұлы Досқалиев (30
қараша 1955 жыл, Ақтөбе облысы Алға
қаласында туған) - Қазақстан Республикасы
бұрынғы денсаулық сақтау министрi.
Медицина ғылымының докторы, профессор,
ҚР МҒА академигі. ҚР Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденімен,
М.Ломоносов орденімен және «Гипократ»
орденімен марапатталған. 200-ден астам
ғылыми еңбектің, 12 монографияның, 50-ден
астам өнертабыстың авторы.
• Білімі жоғары. Ақтөбе мемлекеттік медицина
институтын «емдеу ісі» мамандығы бойынша
үздік тәмамдаған. Кейіннен КСРО МҒА
Бүкілодақтық хирургия ғылыми орталығында
клиникалық ординатураны бітірген.
Қысқаша өмірбаяны
• 1955 жылдың қарашаның 30 Ақтөбе облысының Алға қаласында дүниеге келген.
• 1973 жылы Ақтөбе облысының Алға қаласындағы В.И.Пацаев атындағы №2 орта мектепті бітірген.
• 1979 жылы «емдеу ісі» мамандығы бойынша Ақтөбе Мемлекеттік Медициналық Институтын үздік бітірді.
• Еңбек қызметін Алға аудандық ауруханасында дәрігер-хирург болып бастап, содан бас дәрігердің орынбасары болып
қызмет істеді.
• 1988 жылы КСРО МҒА-ның Бүкілодақтық ғылыми хирургиялық орталығындағы клиникалық ординатураны бітірді.
• 1988 жылдан Ақтөбе Мемлекеттік Институтында аға лаборант, әрі қарай жалпы және госпитальдық хирургия
кафедрасында ассистент болып қызмет істеді. 1989 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады.
• 1993 жылдан 1995 жылдарда А.Н.Сызғанов атындағы Ғылыми-зерттеу институтындағы клиникалық және
эксперименттік хирургияда қызмет атқарды, аға, жетекші, бас ғылыми қызметкер жолын өтті, ал 1995 жылдан
эндоскопиялық хирургия бөлімін меңгерді.
• 1994 жылы докторлық диссертацияны қорғады.
• 1997 жылы оған профессор атағы берілді, 1999 жылы ҚР ҒМА мүшесі болып сайланды.
• 1998 жылдан 2000 жылдың тамыз айына дейін Ақтөбе Мемлекеттік Медициналық Академиясының Ректоры болып
қызмет атқарды.
• 2000 жылдың тамыз айында Денсаулық сақтау жөніндегі ҚР Агенттігінің Төрағасы болып тағайындалды.
• 2004 жылдың сәуір айынан 2007 жылдың қыркүйек айына дейін «Қазақ Мемлекеттік Медициналық Академиясы» РМҚМ-
нің Ректоры болып қызмет істеді.
• 2007 жылдың қыркүйегінен бастап – Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-
мәдениеттік дамыту жөніндегі Комитеттің Төрағасы.
• 2008 жылдың қараша айынан - 7 қазан 2010 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі.
• 2013 жылдан бастап Республикалық трансплантация орталығын басқарады.
Ербол Жасұланұлы Бекмұхамбетов
• Ербол Жасұланұлы Бекмұхамбетов 1974 жылы 4 маусымда Ақтөбе
қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина
академиясын тәмамдаған. 2001 жылы кандидаттық диссертация, 2007
жылы докторлық диссертация қорғады. Ал, 2009 жылы профессор ғылыми
дәрежесіне ие болды. 2001 – 2007 жылдар аралығында аға ғылыми
қызметкер дәрежесінен Онкология және радиология бойынша Қазақ
ғылыми зерттеу институты филиалының директоры дәрежесіне дейінгі
жолдардан өтті. 2008 жылдан бастап Марат Оспанов атындағы Батыс
Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің ректоры болып қызмет
атқарады.
•
Жоғары санатты дәрігер. 100-ден астам мақаланың, 10 монография және
оқу құралының, 5 авторлық куәліктің иегері.
•
Ақтөбе облыстық мәслихатының V шақырылым депутаты.
•
«Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» төс белгісімен,
«Ломоносов атындағы Орден», «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау
қызметкерлері кәсіподағының үздігі» белгісімен, «Қазақстан Республикасы
Қызыл Ай қоғамының құрмет белгісімен» марапатталған.
Аққағаз Досжанова
• Аққағаз Досжанова (1893 жыл, Торғай облысы, Ақтөбе уезі, Бөрті болысы, 5-ауыл - 1932,
Шымкент) - Қазақтың талантты да, ұлтшыл аяулы қызы,
• 1914 жылы Орынбордағы әйелдер гимназиясын бітіріп, медицина мамандығын алуға Мәскеуге
барып, медицина курсына қабылданады. Сол кезден бастап елдің жоғын жоқтаған,
қайраткерлігімен өз ортасынан суырылып алға шыққан.
• 1917 жылы қазақ зиялылары ұйымдастырған Мәскеудегі Татар слободасындағы медреседе
өткен бас қосуға қатысып, мұсылман елдерінің азат болуы туралы баяндама жасайды. Бұл
екінің бірінің қолынан келе бермейтін ерлік еді.
• 1917 жылы 1-8 мамырда Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар сиезіне қатысып,
мұсылман әйелдерінің мүң-мұқтажын жоқтап сөз сөйлейді. Осылай жұрт назарына ілігіп, елінің
сөзін сөйлеп, мұңын жоқтап жүргенде өзі ауруға шалдығып, Мәскеуде түра алмай, 1918 жылы
елге қайтады.
• Бірер жыл денсаулығын күтіп, аурудан айыққан соң 1920 жылы Томск
медициналық университетіне оқуға түседі
• 1921 жылы Ташкенттегі Түркістан халық университетінің медицина факультетіне ауысады.
• Оқи жүріп ординатор-дәрігер болып қызмет істейді.
• 1922 жылы оқуын бітіріп, жұмысқа араласады. Жастайынан ұлтының тағдырына күйініп, жаны
шырқырап жүрген аяулы қыздарын қазақтың сол кездегі ел ағалары қатты құрметтеген екен.
• Оның университетті бітіруі салтанатты түрде мемлекеттік деңгейде аталып өтіп, 1922 жылы 14
желтоқсанда Түркістандағы Орталық Азия университетінде оқып жүрген жергілікті ұлт
қыздарына А.Досжанова атындағы стипендия тағайындайды.
• 1928-1929 жылдары Ташкентте тұрақтайды
• 1930 жылы отбасымен Алматыға көшіп келіп, № 1 ауруханада гинеколог болып жүмыс істейді.
• 1932 жылы Шымкент қаласында өкпе туберкулезінен қайтыс болады.
Пайдаланылған әдебиеттер
• https://kk.wikipedia.org
• https://zkgmu.kz/ru/universitet/administratsiya
• http://pavlodarnews.kz/index.php?id=2429
• http://alashainasy.kz
• http://www.aktobegazeti.kz
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz