Жырау толғауларынан теңеулер жазу
Презентация қосу
Сабақтың тақырыбы:
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Қазақ әдебиеті 9 “Б” сынып
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі
Садықова Лаура Жұманқызы
Сабақтың мақсаты:
А) Бұқар жырау Қалқаманұлының өмірі жайлы әңгімелеу,
шығармаларына тән ел бірлігі мәселесіне тоқталу.
Хронологиялық кесте арқылы тарихи кезеңдерге
сипаттама беру. Ой қозғауға, өз пікірлерін ортаға
салуға дағдыландыру.
Ә) Оқушылардың қызығушылығын арттыру, өз ойларын
жүйелі сөзбен жеткізуге бейімдеу. Ауызекі сөйлеу тілін
дамыту, сөздік қорларын молайту.
Б) Туған жерін сүюге, Отанын қорғауға тәрбиелеу,
бірлікке, татулыққа шақыру. Адамгершілік қасиеттерді
әрқашан жадында ұстауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар жырау өмірі мен шығармашылығы туралы
біледі, пікірлерін жүйелі түрде жеткізеді, ойлау қабілеттері
артады, сөздік қорлары дамиды. Адамгершілік қасиеттері
жадында ұстай алады.
Сабақтың көрнекілігі:
Интерактивті тақта,слайдттар,суреттер,үлестірмелер
Сабақ бөлімдері:
1. Кіріспе бөлімі
2. Таныстырылым
3. Негізгі бөлім
А) “Жыр жұмбақ”
Ә) “Әдеби теориялық талдау”
Б) “Тілім барда айтылар сөз ойдағы”
В) “Шығармашылық жұмыс”
4. Қорытынды
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668—1781) — қазақтың ұлы жырауы,
18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының
бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның
ақылшысы.
Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы
сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі
бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен.Сырдария облысы
Қазалы уезі көшербай болысының 6 шы ауыл. "ҚараҚ" деген жер.
Бұқар Жырау қазақ халқының Жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің
болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып
замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білді.
Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты
басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына
топтастыруға күш салды. Өзінің саяси-әлеум. мәнді жыр-
толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналды. Осы
мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған
халық бірлігін сақтап қалатын көсем тұрғысында үлкен сенім артты.
Абылай хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын
болашағы үшін жан аямай қызмет етті. Жырау сол азаттық жолында
өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен
оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін
жасады. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр
кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлады:
“Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай, Қайырусыз жылқы
бақтырған, ханым-ай, Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай. Үш
жүзден үш кісіні құрбан қылсам, Сонда қалар ма екен қайран жаның-
ай!”.
Осы бір шумақ жырда халық пен ханның байланыс-бірлігін қиыннан
қиыстыра білген. Жыраудың “Абылай ханның қасында”, “Ал, тілімді
алмасаң”, “Ай, Абылай, Абылай”, “Қазақтың ханы Абылай”, “Ханға
жауап айтпасам”, “Басыңа біткен күніңіз”, “Ай, Абылай, сен он бір
жасыңда”, “Ал, айтамын, айтамын” атты толғауларында ханның сол
кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі
сипатталады.
Бұқар
толғауларын
үлкен 4 топқа
бөлуімізге
болады
Абылай
Өмір
Адам Ел Ханға
өмірінің
жайлы
кезеңдері бірлігі арнаған
толғаулары толғаулары
жайлы жайлы жайлы
“Жыр жұмбақ”
1-топ:
Бір жақсымен дос болсаң,
Азбас-тозбас күлкі етер
..........................................
2-топ:
Әділ туған жақсыға
Екі даугер жүгінер
......................................
3-топ:
Арғымаққа міндім деп
Артқы топтан адаспа
.............................................
Әдеби-теориялық талдау
р/с Көнерген сөздер Мағынасы
1 Дулыға
2 Ақберен
3 Алдаспан
4 Арғымақ
5 Желмая
6 Бидайық
7 Ебелек
8 Буыршын
9 Жабы
10 Қорамсақ
“Тілім барда айтылар сөз ойдағы”
1. Біздің қоғамда Бұқар жыраудай тұлғалар бар ма?
2. Өзің білетін қай тұлғаны Бұқар жыраумен қандай ісі
қоғамдық қызметі, елі үшін жасаған жұмысы
бойынша айрықша айтар едің?
3. Қазір “ел бірлігін” арман еткен Бұқар жырау тілегі
орындалған деп есептейсің бе?
4. Бұқар толғауларында хан Абылай бейнесі қалай
ашылған?
5. Абылай ханның ел басқарудағы қандай мінезін,
қандай істерін үлгі етер едің?
Мұхтар Әуезов
“Қазақтың дербес ел
болуына, әрі-беріден
соң қазақтың қазақ
болуына, басы
қосылып, бір жеңнен
қол, бір жағадан бас
шығаруына ерен
еңбек сіңірген
Абылайдан артық
адам болмас”.
Бұқар Қалқаманұлының
Абылай есімімен
байланысты өлендерінен
де ел бірлігін көздеген
ойымен қатар, ханға
айтқан ақылын, ханның
ел басқарудағы жақсы
істері мен кемшіліктерін
жырлағанын көреміз.
Абылай
Өмір сүрген Билік құрған
жылдары жылдары
1711-1781 жж 1771-1781 жж
Қолбасшы, саяси дипломат, реформатор, халық
мәдениетінің жанашыры
Ішкі саясаты- Сыртқы саясаты-
1. Бір орталықтан Ресей, Қытай, Орта Азия
басқаратын мемлекет
құрды. елдерімен экономикалық
және сауда байланысы.
2. Сот билігін күшейте түсті.
3. Қазақ рулары мен Қазақ жеріне ешкім қол суға
тайпаларының алмайтын тұтастығын
арасындағы қақтығыстар қамтамасыз етуге
мен барымта алуды
тоқтатты. бағыттады.
«Елбасымыз Н.Назарбаев
тұлғасында, ел басқару
ерекшелігінде хан
Абылаймен қандай
үйлесімдіктер, ұқсастықтар
не болмаса ерекшеліктер
бар?» деген тақырыпта пікір
алмасу жүргізу.
Рефлексия, бағалау: “Бес саусақ” әдісі
1. Қандай жетістікке
жеттім?
Не қиындық туғызды?
Көңіл-күйім?
Кімге көмектестім?
Өзіме берер бағам, әсерім.
Үй тапсырмасы
Жырау толғауларынан теңеулер жазу.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz