Балалардың көз қуанышы




Презентация қосу
Қуаныш-жан
шуағы
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: Қамқорлық, бірлік

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға «қуаныш», «қуаныш сыйлау»
ұғымдары туралы түсінік бере отырып, қиянат жасамау
құндылығының мәнін ашу
Сабақтың міндеттері:
Қуаныш сезімінің адам өміріндегі мәні туралы түсініктерін
кеңейту;
Өзара жағымды қарым-қатынас жасау, қамқорлық,
бірлікқасиеттеріндамыту;
Өзгелерге қамқорлық жасауға,қуаныш сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастырукезеңі
Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»
Үй тапсырмасын тексеру
Ж. Дәуренбеков «Сурет» әңгімесі
Саматқа Азамат неліктен ренжіді?
Азаматтың ашуының басылуына не себеп
болды?
Мұғалім
Азаматтың салған суретін қалай
мақтады?
Дәйексөз
Қуаныш –өмір шаттығы
Халық нақылы
Қуаныш дегеніміз не?
Ата-анамызбен мұғалімдерімізге қалай
қуаныш сыйлауға болады?
Дәйексөзді дәптерге жаздыру
Оқиға айту
(Мұғалімнің сыйлығы)

В. А. Сухомлинский
Советтік атақты
жаңашыл педагог, жазушы.
«Балалардың көз қуанышы»
Көктемнің жайма-шуақ жылы күнінде айнала түгел қуанышқа бөленген еді. Бақтар
гүлдеп,құстар сайрады. Көгілдір көк күмбезінде тыраулап тырналар ұшып барады. Алыстан
сылдырлап аққан бұлақтың үні естіледі.
Ал биік қайыңның түбінде кішкентай балақай жылап тұрды. Ол сол мезетте бақтардың
қалай гүлдегенін көрмеді. Ол құстардың қалай сайрағанын естімеді. Көгілдір аспан оған қара
болып, ал тырналардың сынадай тізілген қатары оның көзінен тамған жас секілді елестеді.
Қасынан өтіп бара жатқан жандар кішкентай баланың өзін де, оның жылап тұрғанын да
байқамады. Тек бір қарт ана баланы байқап, оның қасына келіп, басынан сипады. Қарт балаға
көптеген сөздер айтып, әлденелерді жеткізген болды.
Олар осылай бір сағатқа жуық әңгімелесті. Әңгіменің ақырында бала күлім қақта. Ол енді
айналасында бақтардың гүлдеп тұрғанын көрді. Ол құстардың қалай сайрағанын естіді. Көз
алдына көгілдір аспандағы тырналардың қанатын әсем қаққаны келді. «Міне, қазір көктем
екен», -деп ойлады бала.

Біреудің көзіндегі жасты тыйып, жүзінде күлкі ойнату қандай
қуаныш!
Айтылған оқиғаны талдау

Кішкентай бала табиғаттың сұлулығын
неліктен байқамады?
Сендердің ойларыңша қарт балаға не
айтты?
Айналасындағы әсемдікке көңіл
аударуына не әсер етті?
Шығармашылық жұмыс

Топ бойынша «Қуаныш сыйлау»
тақырыбында постер салу және
қорғау
Топпен ән айту
Балдәурен
Балдәурен көктем, асығып жеткен шағала күндер
Базарлы маусым, шырқалған даусым, тамсанып әсем
Балауса балғын, көк майса шалғын, барады күндер
Тербеліп биге, жайқалып билеп, ән салып әсем.

Қайырмасы:

Балдаурен, бақытты ән дәурен,
Келеді қанатын самғаумен.
Көңілідің ұшырып аққуын,
Балауса, балбұлақ балдәурен.

Жаныңа жылы, жүрекке ыстық, көңілге сұлу.
Ұялы көзің, балдәурен кезің бақыт, ау бақыт
Даламдай дархан, тауымдай биік, өмірге сұлу.
Тоя ма көзің, айтшы сен өзің уақыт-ау уақыт.
Үй тапсырмасы

Е.Ашықбаевтың «Қуаныш» өлеңін
жаттау.
59-60 беттер
Сабақтың қорытынды сәті

Бүгінгі
сабағымыздан қандай әсер
алдыңыздар?
Назарларыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы ойынның психологиялық - педагогикалық ерекшелігі
МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ АЛҒЫСӨЗ
Мектеп жасына дейінгі балалық шақта ойынның балаға басты әрекеті
Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті - оқу
Глен Домен әдістемесі
Ерте және мектеп жасына дейінгі, балалар дене тәрбиесінің негіздері
ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
МЫҢДАҒАН ЖЫЛДАР БОЙЫ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫМЕН КӨШПЕЛІЛЕР
Оқулықтан Пифагор теоремасы тақырыбын оқу
Жаңашыл педагог идеялары. Шалва Александрович Амонашвили
Пәндер