Қазақстандағы бірлік пен ұлтаралық келісімді нығайту


Slide 1 Slide 2 Slide 3 Slide 4

Жаңа сөздер: татулық, достық - дружба тыныштық - спокойствие тұрақтылық - стабильность бейбітшілік - мир түсіністік - понимание келісім - согласие сыйластық - уважение біртұтас - единый

Slide 5

Қазақстан - татулығы, достығы, бірлігі (жарасу) мемлекет. Елдің тұрақтылығы (нығаю), ұлтаралық келісімі (даму) . Елбасы жаһандану заманында тыныштықты алға (қою) . Осы бірлігіміздің арқасында біз өзге мемлкеттермен терезесі тең (түсу) елдердің біріміз.

Slide 6

Қазақстан - (қандай?) мемлекет. Елдің бейбіт өмірінің басты тірегі - (неде?) . Бірлік дегеніміз - бұл (не?) . Бірлік біздің - (қандай?) құндылығымыз. Бірлікті (не істеуіміз?) керек.

Slide 7

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдегі ұлтаралық келісімді жақсарту мақсатында 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.

Ассамблеяның мақсаты - Республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларды болжау. Ол салт-дәстүрлерді насихаттау, ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту істерімен айналысады.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында 140-қа жуық этностар мен этникалық топ өкілдері бейбіт және өзара түсіністікте өмір сүріп жатыр Сондай-ақ Қазақстанды мекен еткен этнос өкілдері арасында достық қарым-қатынастарды дамыту Ассамблеяның негізгі мақсаты болып есептеледі. Ассамблеяның 350-ге жуық мүшесі бар. Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы - Қазақстан Республикасының Президенті.

Slide 8

Қазақстан - көпұлтты мемлекет. Мұнда 140-қа жуық этнос өкілдері мен 17 конфессия мүшелері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Елбасы Тәуелсіздік алған жылдардан бастап елдегі бірлікті сақтау, нығайту мақсатында түрлі іс-шаралардың ұйытқысы болып келеді. Мәселен 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. Ассамблеяның негізгі мақсаты - Қазақстанды мекен еткен этнос өкілдері арасында достық қарым-қатынастарды дамыту. 2003 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының үлкен форумын өткізді. Соның нәтижесінде Астана қаласында Бейбітшілік пен Келісім сарайы бой көтерді. Сонымен қатар еліміздегі татулық пен келісімнің тұрақтылығына қазақ халқының кеңпейілдігі, дархандығы, бауырмалдығы бірден-бір негіз болып табылады. Сонау соғыс жылдарынан айдалып келген түрлі халық өкілдерін жатсынбай, құшақ жая қарсы алып, әлі күнге дейін достықта өмір сүріп келеді. Бірлік - біздің басты байлығымыз. Оны сақтау, нығайту - біздің міндетіміз. Қазақстан - діні, тілі, ұлты бөлек болғанмен, жүрегі, тілегі, мүддесі бір халықтың Мәңгілік Елі.

Slide 9 Slide 10

Бірлік бар жерде тағы не бар?

Slide 11

Үй жұмысы: «Біртұтас Қазақстан» тақырыбында эссе жазып келу.

Slide 12

Рефлексия: Бір-бір тілекпен күн көзінің шуақтарын толтыру

Әлемде бірлік болсын!


Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы ұлтаралық келісімді нығайту: тіл саясаты, заңнамалық негіздер және Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі
Қазақстандағы ұлтаралық қатынас мәдениеті: ұлттық тәрбие мен азаматтық келісімнің рөлі
Этноәлеуметтану: этнос, этногенез және Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар
Этносоциология, этногенез және Қазақстандағы этникалық құрылым мен ұлтаралық қатынастар
Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық келісімді қалыптастырудағы институттық рөлі
Ынтымақ: мектеп оқушылары арасындағы бірлік пен достықты насихаттаушы мәнерлеп оқу сайысы
Көпұлтты мемлекеттегі ұлтаралық қатынастар және ұлттық біртұтастық: Қазақстан тәжірибесі
Тәрбие сағаты: Менің отбасым - отбасы құндылықтары мен мектеп пен ата-ананың ынтымақтастығын нығайту
Ортақ еңбек, бірлік және сыйластық құндылықтарын қалыптастыру
Ұлтаралық қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық негіздері және психологиядағы зерттеу кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz