Демографиялық саясат


Slide 1

Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзі халқының саны және ұдайы өсуі, демографиялық саясат.

Slide 2 Slide 3 Slide 4

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - Дүние жүзі халқының саны мен демографиялық көрсеткіштер, халық санының ұдайы өсуі мен демографиялық саясат түсініктерін ашу, халықтың жастық-жыныстық құрамы, еңбек ресурстары туралы білімдерін одан әрі жетілду.

Дамытушылық - өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты - жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, адамгершілік қасиеті мен өз пікірін ашық жеткізуге деген қызығушылығын қалыптастыру.

Slide 5

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын қайталау.

- Өткен тақырыптардан қайталау сұрақтары қойылады.

Slide 6

Литосфера тарауы бойынша:

Бұл химиялық элементтік ыдырауы 4, 51*109 жылға созылады. Тау жыныстарының абсолюттік жасын анықтайды.

Адамдар пайда болған эра?

Slide 7

Атмосфера тарауы бойынша:

Күннен келетін радиацияның неше түрі бар. Оларды атаңдар?

Ауаның құрамындағы газдарды ата?

Slide 8

Гидросфера тарауы бойынша:

Судың тұздылығын қандай өлшем бірлікпен өлшейміз?

Бұл өзен қытай тілінен аударғанда «сары өзен» дегенді білдіреді?

Slide 9

Биосфера тарауы бойынша:

Биосфераны құрайтын тірі организмдер қандай екі үлкен топқа біріктіріледі?

Биосфера терминін ғылымға кім енгізді

Slide 10

ІІІ. Жаңа сабақ.

Дүниежүзі халқының саны

және ұдайы өсуі,

демографиялық саясат.

Slide 11

Адамзаттың шығу тегі мен Жер шарындағы таралуы әлі күнге дейін талас тудырып келе жатқан сұрақтардың бірі. Жалпы адамның шығу тегі мен даму ерекшеліктерін зерттейтін антопология ғылымы екенін білеміз. Яғни антропос - адам деген сөзден шыққан. Көпшілік антрополог ғалымдардың пікірінше, алғашқы адамдар Шығыс Африкадағы Ұлы жарықтар маңында пайда болған. Жалпы саналы адам (Homo sapiens) осыдан шамамен 50-100 мың жылдай бұрын пайда болған. Кейін алғашқы адамдар Африкадан алдымен Еуропа мен Азияға, одан әрі Азиядан Америка мен Аустралияға, ең соңында Мұхит аралдарына тараған деп есептейді.

Slide 12

Алғашқы халық санақтары б. з. д. ІІІ мыңжылдықта Ежелгі Қытайда және Египетте мемлекеттің әскери және салық саясаты үшін жүргізілген. Ал ХХ ғасырда барлық елдерде халық санағы жүргізілді. Кейбір мешеу елдерде халық санағын жүргізуге халықаралық ұйымдар қаржы бөлді. Мысалы: алғашқы халық санағы Ауғанстанда 1979 жылы, ал Оман мемлекетінде 1993 жылы жүргізілген. Жалпы халық санағы БҰҰ-ның ұсынысы бойынша әрбір 10 жыл сайын жүргізуі керек.

Slide 13

Қазақстанда халық санағы Кеңес дәуірінде әрбір он жылда жүргізілді. Ал тәуелсіздігімізді алғаннан кейін 1999 жылы халық санағы болды. Кезекті халық санағы 2009 жылы жүргізіліп халық саны 16 млн 196 мың 800 адамға жеткенін көрсетті.

Slide 14

Демографиялық жарылыс

Жалпы Жер шары халық алғашында өте баяу өскен. Табиғи апаттар, жиі болатын соғыстар және әртүрлі жұқпалы аурулар т. б. Халық саны ХХ ғасырда күрт артты. Мысалы, 1930ж - 2млрд адам, 1962ж - 3 млрд, 1976ж - 4 млрд, 1987ж - 5 млрд, 1999ж - 6 млрд, 2011 жылдың қазан айында 7 млрд жетті. Халық санының мұндай күрт өсуін демографиялық жарылыс деп аталады.

Slide 15

Дүниежүзі бойынша халық санының өсу көрсеткіші

Slide 16

Енді жеке елдердегі демографиялық жағдайды сипаттау үшін абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштер пайдаланылады.

1) Абсолютті көрсеткіш табиғи өсу (туу мен өлімнің ара қатынасы) мен механикалық өсу (иммигранттар мен эмигранттар)

2) Салыстырмалы, яғни 1000 адамға шаққандағы промилле 0/00 есебімен өлшенетін коэффициент

Slide 17

Адамның өмір жасының орташа ұзақтығына экономикалық көрсеткіш, әлеуметтік тұрақтылық, экологиялық жағдай және денсаулық сақтау жүйесінің қызметі тікелей әсер етеді. Мысалы Ежелгі Рим және Грекия тұрғындары орташа есеппен 25-30 жас өмір сүрсе, ХХ ғасырдың орта шенінде 46 жас, ал 2012 жылы 70 жасқа жетті.

Slide 18

Халықтың ұдайы өсуі типтері:

Халықтың ұдайы өсуінің типтері

Көрсеткіштер

Аймақтар

Туу

Өлу

Табиғи өсу

Дәстүрлі

Өте жоғары

Жоғары

Өте жоғары

Африка мен Азияның мешеу елдері

Өтпелі

Жоғары

Төмен

Өте жоғары

Латын Америкасы, Азия, Мұхит аралдары

Қазіргі

Өте төмен

Төмен

Өте төмен

Еуропа елдері, АҚШ; аустралия Одағы, Канада

Slide 19

Демографиялық саясат

Демографиялық саясат - елдің демографиялық проблемаларын шешу мақсатында мемлекет тарапынан табиғи өсуді реттеуге бағытталып, жүргізілетін шаралардың жиынтығы. Мысалы Қытай, Үндістан және Бангладеш елдері.

Slide 20

ІV. Сабақты бекіту.

Жұмбақтың жауабын тап

Slide 21

Бөлінген екі елге, Халық бар Азиялық шетелде.

Slide 22

Жауабы:

Солтүстік, Оңтүстік Корея

Slide 23

Жер бетінде халқы көп, Кім айтады елді дөп.

Slide 24

Жауабы:

Қытай

Slide 25

Өзі - қала, ел - өзі, дамыған үлгі үрдісі. Азиялық болса да, Еуропалық тұрмысы.

Slide 26

Жауабы:

Жапония

Slide 27

Мұсылман үшін қасиетті, дінінің туған жері еді. Мұнайдан халқы байыған, бұл әлемнің қай елі?

Slide 28

Жауабы:

Араб Әмірлігі

Slide 29

V. Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау.

Slide 30

VI. Үйге тапсырма.

Дүниежүзі халқының саны және ұдайы өсуі, демографиялық саясат тақырыбын оқып келу.

Кескін картадағы тақырып бойынша тапсырмаларды орындап келу.


Ұқсас жұмыстар
Демографиялық факторлардың ерекшеліктері
Қара нәсіл өкілдері
Халықтың қартаюы
ОБӨЖ КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ҰЛДАР
Жаһандық мәселелердің құрылымы және болашақ мәселесі
Тұрғын халықтың ұдайы өсіп - өну географиясы және оның заңдылықтары
Халықтың ұдайы өсуін
САЯСАТ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІР ЖҮЙЕСІНДЕ
САЯСАТТЫҢ МӘНІ
Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz