Сендер көрем



Тақырыбы:
“Жақсылыққа ұмтылайық”

Сәлемдесу

Тыныштық сәті:
“Нұрға бөлену”

Үй тапсырмасын сұрау М. Көккөзов “Бұлақ сылдыры”

Сұрақ қою
1. Керуеннің алдынан қандай адам кездеседі?
2. Шалдың әрекеті туралы не айта
аласыңдар?
3. Сендер солай жасай алар ма едіңдер?
4. Шалдың жасаған жақсылығы қандай . жақсылық боп оралды?
5. Осы әңгімеден қандай ой
түйіндеуге болады?

Дәйексөз
“Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын”
(Халық нақылы)

Жақсылық жасау дегеніміз, тек қана көшеде жүгі ауыр кісіге көмектесу немесе қария адамның үйін жинастыру, құстарға жем шашып, гүлге су құю емес. Науқас кісінің көңілін сұрап, жақсы сөз айту да жақсылықтың үлкені. Шамамыз жеткенінше, қолымыздан келгенше адамдарға, айналаға жақсылық жасап жүрейік. Өйткені жасаған жақсылық зая кетпейтінін, оның шарапаты өзіңе, жақын - туыстарыңа, тіпті еліңе тиетінін есте ұстауымыз қажет.

Мұғалім сыйы
“Екі ит туралы аңыз”
Жасы үлкен ата мен оның немересі үйдің алдында ырсылдап, арпалысып жатқан екі итке қарап отырыпты. Иттердің біреуі ақ, екіншісі қара. 12 жасар немере өзін білгелі бері осы иттер үнемі атасының үйі алдында арпалысып жататын. Атасы көзін алмай қарайтын ірі иттер еді бұлар. Немере: «Ата, иттеріңіз соншалықты үлкен - үйіңізді қорғауға біреуі де жетер еді ғой, неге екеуін ұстайсыз? Ал түстері ше - неге біреуі ақ, екіншісі қара болуын қаладыңыз?» деп атасынан сұрады. Жасы 70-ке жеткен атасы немересіне күлімдеп қарады да: «Ол иттерім, мен үшін екі таңба, балам. » - деді. - Ненің таңбасы? - Жақсылық пен жамандықтың. Тура осы иттер ұқсап, ішіміздегі жақсылық пен жамандық үнемі күресіп жатады. Иттерге қараған сайын соны ойлаймын. Сол үшін оларды қасымда ұстаймын. Кішкентай бала, күрес болса онда жеңген мен жеңілген де болуы керек деп: "Қалай ойлайсыз, осы күресті қайсысы жеңіп шығады екен?“деп сұрайды. Атасы балаға қүлімдеп қарап: "Қайсысы дейсің ба, балам? Мен қайсысына көп тамақ берсем - сол!"

“Жақсылық кез келген адамның қолынан келеді”

Ой қозғау
1. Бейнетаспадан қандай ой түйюге болады?
2. Бала айналадағы адамдарға, жануарға, қандай жақсылық жасады?
3. Бейнетаспадан қай құндылық көрініп тұр?
4. Жақсылық жасау үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?


Шығармашылық іс-әрекеттер. Топтық жұмыс
Тапсырма: мақал -мәтелдерді құрастыр

1 топ
Өзі жақсы кісіге, . . .
Таудың басын көр де, түбіне барма, жақсының . . .
Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ, шын жақсының . . .
2 топ
Жақсымын деп мақтанба, халық айтпай, батырмын деп . . .
Жақсы ай мен күндей . . .
Күн ортақ, ай ортақ . . .
3 топ
Жақсы кісі қартайса да, ақылынан танбас, жақсы ат . . .
Ай жарығы - әлемге, . . .
Жақсының өзі өлгенімен . . .
(сөзі өлмейді) .
(бір кісілік орын бар) .
(өзін көр де, үйіне барма) .
( ашуы бар, кегі жоқ) .
( мақтанба, жеңіп қайтпай) .
(әлемге бірдей) .
(жер ортақ) .
(шам жарығы - түбіне) .
( қартайса да, жүрісінен танбас) .

Топпен ән айту
«Жақсы адамдар» әні мен сөзі: А. Оралов 1. Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Жақсы адамдар - бұзылмас тас қамалдар. Табаныңның астында жатады әлі Пенделіктен өресі аспағандар Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар. 2. Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар, Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар. Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар, Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар Жақсы адамдар
Топпен ән айту
«Жақсы адамдар» әні мен сөзі: А. Оралов
1. Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Жақсы адамдар - бұзылмас тас қамалдар. Табаныңның астында жатады әлі Пенделіктен өресі аспағандар Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар. 2. Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар, Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар. Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар, Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар Қайырмасы:

Қорытынды
Бүгінгі сабақта игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізде сақтайық
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz