Сұраққа жауап



Сабақтың тақырыбы:
Көктем

Сабақтың жалпы мақсаты:
Балалардың көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту. Сөздік жұмыстары арқылы сөздік қорларын байытумен бірге есте сақтау қабілеттерін дамыту, берілген сұраққа нақты жауап беруге үйрету. Құстарға, ағаштарға қамқор және еңбекқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:
көктем мезгілінің суреті, үлестірмелі суреттер, интерактивті тақта.
Сұрақ- жауап, түсіндіру .
Әдіс-тәсілдері:

Үй тапсырмасын сұрау. «Еңбекпен ел көгерер» әңгімесін мазмұндау
Сыныпта атмасфералық ынтымақтастық қалыптастыру
Мына сұлу әлемде, Адам өмір сүреді. Үлкен менен кішіге, Күн сәулесін төгеді.
Білу
.

Сұраққа жауап: 1. Мәтінде адам бойындағы қандай қасиеттер туралы айтылған? 2. Кенже балаға қандай жаңа ат берер едің? 3. Осы тақырып бойынша тағы қандай мақал-мәтел айтар едің? 4. Мәтінді оқығанда неге таңдандың, неге сүйсіндің? 5. Үйден құрап келген ертегіні оқимыз.

Түсіну
Қызығушылықты ояту
Шомылып нұрға атырап, Ағаштар жайды жапырақ. Далаға бірден таралды, Гүлдерден жұпар шашырап.
«Көктемгі гүлдер» дидактикалық ойын
Шарты: Суреттегі гүлдердің ішінен көктемде өсетін гүлдерді табыңыздар.
Тапқан гүлдеріңді сипаттау


Қолдану
Жаңа материалмен жұмыс. Бейне фильм көрейік.
- Суреттен қандай жыл мезгілін көріп отырсыңдар?
- Көктем екенін қайдан білдіңдер?
- Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?
- Көктем мезгілін жақсы көресіңдер ме?
- Көктем мезгілін мен де жақсы көремін. Сондықтан да: - Көктем нұры қуатты, Қарлар еріп, су ақты. Күн күлімдеп төбеде Төгіп тұр ғой шуақты. Құстар келді ән салып, Дала толды гүлдерге. Осы шақты аңсадық, Ғажап қой бұл білгенге!, - деп жырға қосамын.

Оқулықпен жұмыс Талдау
Тізбектей оқыту. Көктем туралы кім қандай тақпақ біледі?
Өлеңдегі көңілді тұсты қай жерден байқадыңдар?
- Көктем - жылдың төрт мезгілінің бірі. Көктем наурыз, сәуір, мамыр айларын қамтиды. Қыс мезгілінен кейін келетін жазға дейінгі кезең. Көктемде күн ұзарып, ауа райыың жылынуынан мұздар, қарлар еріп, су болып, сай - салаға аға бастайды. Жануарлар да қысқы ұйқыларынан оянып, тіршілігін бастайды. Жыл құстары туған өлкеге қайта оралады. Ағаштар бүршік жарып, гүлдене бастайды. Көктемнің алғашқы гүлі - бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақ.

Сергіту сәті Құстар болып ұшайық Қарлығаш боп ұшайық Ұшып, ұшып алайық Орнымызға қонайық

Дәптермен жұмыс Шашылған өлең жолдарының мағынасын қарап, ретін көрсет. Кемпірқосақтың суретін сал.
Жинақтау

Жинақтау
Шығармашылық жұмыс «Көктем»тақырыбы бойынша коллаж жасау

Үйге тапсырма беру.
«Көктем» жайында эссе жазу . Жаттау ұнаған шумағын.
139 бет

Бағалау
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою.
Кім көп гүл жинады, санаймыз.
Өздеріңнің сабаққа деген пікірлеріңді білдіру үшін мына стикерлерді мәуе ағашына жапсырамыз. Сабақ ұнаған болса
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz