1-4 сыныптарда диктант арқылы оқушылардың жазбаша сауаттылығын бағалау және дамыту


Slide 1

“Диктант - оқушының жазбаша сауаттылығын айқындайтын тексеру құралы”

Дайындаған: Мукашева Эльмира Женисовна

БҚО, Орал қаласы, Жаңақала ауданы

Slide 2

“Диктант - оқушының жазбаша сауаттылығын айқындайтын тексеру құралы” тақырыбын неге таңдадым?

Оқушының жазбаша сауатын жетілдіретін, айқындайтын жұмыстың бірі - диктант.

Диктант - орфографиялық, пунктуациялық дағдыны тексеру құралы.

Диктант түрлерін таңдауда алдыма белгілі мақсаттар қоя отырып, оқушының сауатты жазуына, шығармашыл ойлауына, көркем жазуына, өтілген материалдарды қалай меңгергенін ескеремін. Бұл алдағы уақытта жеке оқушымен жұмыстануыма басты бағыт болады.

Slide 3

Диктант жүргізудегі алға қойған мақсатым:

Оқушының алған білім деңгейін және білім мен дағдының сапалы түрде меңгергенін тексеру.

Сауатты, көркем жазуға мән беру.

Оқушының грамматикалық тапсырмаларды өз бетімен орындай білуі.

Slide 4

Диктант жұмысындағы сөздер саны

1 сынып

2 сынып

3 сынып

4 сынып

І тоқсан

20-25

35-45

60-65

ІІ тоқсан

25-30

45-50

65-70

ІІІ тоқсан

30-35

50-55

70-75

ІҮ тоқсан

20-25

35-40

55-60

75-85

Slide 5

Қалай жүзеге асырамын ?

1-сынып.

Сөздік диктанты

Түлкі, сүт, ұя, ыдыс, дәптер, нан, көбелек, ине, теңге, ою.

(10 сөз)

Тапсырма: дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.

2-сынып

Шығармашылық диктант

Жауды, ұзарып, аппақ, ойнады, соқты, қар, суық, балалар, боран, жылы киінді, күн, шанамен, қысқарды.

Тапсырма.

1. Бұл сөздер жылдың қай мезгіліне айтылады?

2. Осы сөздерді пайдаланып «Қыс» деген тақырыпта шағын шығарма жазыңдар.

Slide 6

3-сынып

Түсіндірмелі диктант

Екі соқа.

Бір зауыттан екі соқа қатар істеліп шықты. Біреуі егіншінің қолына түсті. Егінші онымен жер жыртты. Екінші соқа еш қимылсыз аулада жатты. Кейін екі соқа кездесті. Жұмыс істеген соқа күмістей жалтырап тұр. Ал қимылсыз жатқан соқаны тот басып кеткен. Тот басқан соқа екінші соқадан неге жалтырап кеткенін сұрады. Ол соқа еңбек әркімнің де шырайын кіргізетінін айтты.

(57 сөз)

Тапсырма.

1. Сөйлемдерден не істеді? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.

2. Зауыт, қимылсыз сөздерін буынға бөліп жазыңдар.

3. Жалтырап, кездесті сөздерін қалай тасымалдауға болатынын жазып көрсетіңдер.

4-сынып

Бақылау диктанты

Қызыл қасқыр.

Қызыл қасқыр-елімізде өте сирек кездесетін жыртқыш аң. Басқа елдерде оны жабайы қызыл ит деп атайды. Оның бойында сұр қасқырға, түлкіге тән сипаттар болады. Қызыл қасқырдың тұрқы ұзын, құйрығы сабалақ. Ал құлағы моқал, тұмсығы сүйір, жүні сарғылт болады. Қазақстанда қызыл қасқыр Жоңғар Алатауының құз жартастарының арасынан кездеседі. Қызыл қасқырлар топ-тобымен жүреді. Олар арқар, тауешкі, бұғы, қабан сияқты аңдарды аулап қоректенеді. Қызыл қасқыр жылдам жүгіре алмайды. Бірақ ол өте төзімді, тез шаршамайды. Аңшылар оларды жартасқа үйірімен қамап ұстайды.

(78 сөз)

Тапсырма:

1. Алғашқы екі сөйлемдегі сөз тіркестерін белгіле.

2. Сын есімдердің астын сыз.

3. Соңғы сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда.

Slide 7

Бағалау критерийлері.

«5» - қатесі жоқ жұмыс үшін;

«4» - 1, 2 қате жіберген жұмыс үшін;

«3» - 3, 5 қате жіберген жұмыс үшін;

«2» - 5, одан да көп қате жіберген жұмыс үшін;

Тапсырманы орындауға байланысты қойылатын бағалар:

«5» - қатесіз, толық орындалған тапсырма үшін;

«4» - 1 қатесі бар толық орындалмағаны үшін;

«3» - тапсырма толық орындалмағаны үшін;

«2» - тапсырманы мүлде орындамағаны үшін.

Slide 8

Күтілетін нәтиже.

- Есте сақтау қабілеті дамиды.

Сөздік қоры толығады.

Сауатты, көркем жазу қалыптасады.

Шығармашылықпен жұмыстанады.

Өтілген материалды есте сақтап, қорытады.


Ұқсас жұмыстар
Физика пәнінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту арқылы танымдық белсенділігін арттыру
Роман жанрын талдау арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Қазақстан Республикасындағы математикалық білім беруді дамыту: анализ және синтез арқылы оқушылардың қызығушылығы мен функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
PISA тапсырмаларын кіріктіре отырып тотығу-тотықсыздану реакцияларын оқыту арқылы ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту
Қолөнер арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту әдістемесі
Кеңістік пен форма тақырыбын оқытудағы геометриялық есептер арқылы оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру технологиялары
Интеллектуалды ойындарды сабақта қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
Компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
2-4 сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеттік оқу сабақтарын жоспарлау, бағалау және ықшамсабақ әдістемесі
Қазақ тілі сабақтарында ойын түрлерін қолданудың оқушылардың тілдік сауаттылығын арттырудағы рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz