Қиып алынған объектіні кірістіру




Презентация қосу
Сабақтың тақырыбы: Кеңейтілген алмастыру буфері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Объектілерді кеңейтілген алмасу буферінің көмегімен жылжыту мен
көшіру ережелерімен таныстыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды кеңейтілген алмасу буферін пайдалануға, тәрбиелікке,
ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру - 1мин.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру - 3мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру - 12мин.
4. Компьютермен жұмыс - 20мин.
5. Сабақты бекіту - 5мин.
6. Оқушыларды бағалау - 3мин
7. Үйге тапсырма беру - 1мин.
Кеңейтілген алмастыру буфері
Сабақтың тақырыбы:

Өткен материалды қайталау сұрақтары:
Стильдер дегеніміз не?
Стильдерді қалай өзгертеміз?
Жаңа стильдерді қалай құрамыз?
Стилъ — қаріптердің, қаріп мөлшерінің, абзацтар
аралығындағы ара қашықтықтардың т. т. — үйлесуін
тағайындайды.
Форматирование инструменттер панеліндегі мәтінді
әр түрлі қаріптермен, қаріптердің мөлшерлерімен және
қаріптердің кескіндерімен сан алуан түрге құбылтатын
(жартылай қара, курсив және жол астын сызу сияқты)
командалар арқылы.
Жаңа стильді жасау үшін үлгі ретінде кез келген
безендірілген абзацты пайдалануға болады.
Кеңейтілген алмастыру буфері
Сабақтың тақырыбы:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Windows объектілерімен жұмыс істегенде, объектілерді _______
көшіру
немесе жылжыту
бір орыннан екінші орынға _________ қажет болады.

Объектілерді көшіргенде, объект бұрынғы орында қалады,
ал көшірмесі жаңа орынға орналастырады.
Объектіні жылжытқанда, ол жаңа орынға
орналастырылады да, бұрынғы орыннан жоқ болып кетеді.
Объектілерді жылжыту мен көшірудің
бірнеше жолы бар. Соларды қарастырайық:

1. Тышқанның оң жақ батырмасының көмегімен.
Объектіні қапшықтың терезесінде жылжыту немесе көшіру үшін,
тышқан нұсқағыш объектінің үстіне орналастырып, оның оң жақ
батырмасын басып тұрып, жаңа орын жылжытады да, батырманы
босатады. Бұдан кейін экранда динамикалық меню пайда болады .
Онда келесі: егер көшіру қажет болса, Копировать, жылжыту қажет
болса, Переместить, таңбаша қажет болса, Создать ярлык
командаларының бірін таңдауға болады.

2. Тышқанның сол жақ батырмасының көмегімен.
Тышқанның сол жақ батырмасымен объектіні жылжытқанда, Ctrl немесе
Shift пернелер қолдануға болады.
Жылжыту кезінде Ctrl пернесі басулы тұрса, онда таңдалған объектілер
файлдың типі және оның тағайындалған орнына қарамастан көшіріледі.
Shift пернесі басулы болса, Windows объектіні жылжытады.
Объектілерді жабық қапшыққа
көшіру және жылжыту:

Объектілерді басқа қапшықтарға бұл қапшықтарды ашпай-
ақ көшіруге немесе жылжытуға (ауыстыруға) болады. Ол
үшін жабық қапшыққа орналастыратын файл белгішесін
тышқанмен іліп алып, оны файлды орналастыратын қапшық
белгішесіне тасымалдап, маустың батырмасын босату
керек.

Меню командалары арқылы көшіру
және жылжыту:
Объектілерді жылжытуда ’’апарып қою’’ әдісі үнемі
қолайлы бола бермейді. Сондықтан Главная менюінің
Көшіру (Копировать), Қию (Вырезать)
деп аталатын командаларын
пайдалануға болады. Бұл командаларды пайдаланғанда,
ақпарат алдымен алмасу буферіне орналастырылады.
Алмасу буфері –жылжытылатын немесе көшірілетін
ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жадтың
арнайы бөлігі.
Көшіру (Копировать), Қиып алу (Вырезать) және
Кірістіру (Вставить) командаларын пернетақтаның
көмегімен объектілерді көшіру үшін Ctrl+C, қиып алу
үшін Ctrl+X, қажетті орынға кірістіру үшін Ctrl+V
пернелерін басып орындауға болады.

Компьютермен жұмыс жасау:
1. Құжаттарды ашу.
2. Қажетті абзацты белгілеу.
3. Белгіленген объектіні көшіру.
4. Белгіленген объектіні қиып алу.
5. Көшірілген объектіні кірістіру.
6. Қиып алынған объектіні кірістіру.
Алгоритмдер көрсетімінің блок-
схемасын аттарымен сәйкестендіру:

- есептеуіш әрекет
- алгоритмнің соңы
- деректерді енгізу,
деректерді шығару
- циклдің басы
- көмекші алгоритмді шақыру
- алгоритмнің басы
- шартты тексеру әрекеттері
Жаңа сабақты бекіту :

Алмасу буфері – дегеніміз не?
Көшіру деп нені айтады?
Қиып алу деп нені айтады?
Кірістіру деп нені айтады?

Үйге тапсырма : Кеңейтілген алмастыру буфері.
Сабақ аяқталды

Назар қойып
тыңдағандарыңа көп
рахмет!
Хош, сау болыңдар!

Ұқсас жұмыстар
Объектілерді көшіру
Графикалық редактордан сурет кірістіру
Лентаны кірістіру Суретті кірістіру
Paint редакторының терезесі
Paint графикалық редакторының командалары
Терезе белгіше
ДЕРЕКТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТИПТЕРІ ЛИТЕРЛІК ШАМАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ АЛГОРИТМІ
Суретті жұмбақ
Терезелер. Терезе элементтері элементтер
WordPad мәтіндік редакторы. Графикалық объектілерді кірістіру
Пәндер