Оқушылардың мектептегі мінез-құлық ережелері: құқықтары, міндеттері және қауіпсіздік талаптары


Slide 1

Оқушылардың

мектептегі мінез-құлық

ережелері

Slide 2

Мақсаты: мектепке және оның аумағында қауіпсіз жағдайлар, білім алу үшін қолайлы орта қалыптасу және адамның жеке тұлғасына деген сыйластыққа тәрбиелеу, қоғамда мәдени мінез-құлық дағдыларын дамыту болып табылады.

Slide 3

Оқушылардың құқығы бар:

Мектепке қабылдау талаптарына сәйкес білім беру ұйымдарын және білім алу нысандарын таңдауға;

Мектептік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;

Білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға;

Оқу жоспарына сәйкес баламалы курстары таңдауға;

Өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметтерін, білімдерді алуға;

Білім беру ұйымдарын басқаруға қатысуға;

Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарында ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуге;

Спорт, оқу, акт залдарын, кітапхананы тегін пайдалануға;

Өзінің пікірі менсенімін еркін білдіруге;

Өзінің адам-қасиетінің құрметтелуіне;

Оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермеленуге және сыйақы алуға.

Slide 4

Оқушылар міндетті:

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім, білік, дағдылар мен құзырлылықтарды меңгеруге;

Мектептің ішкі еңбек тәртібі мен басқа да мектеп Жарғысында көрсетілген талаптарды сақтауға,

Ұлттық және жалпы адамзаттық рухани-адамгершілік құндылықтарды құрметтеуге, өзінің денсаулығын қастерлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, рухани және тән саулығын өздігінен жетілдіруге ұмтылуға;

Педагог қызметкердің ар-намысы мен қадір қасиетін, өздері білім алатын мектептің дәстүрлерін құрметтеуге;

Пән олимпиадаларына, ғылыми және конкурстарға, мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысуға;

Мемлекеттік мекеменің мүлкіне ұқыпты қарауға.

Оқушылардың киім үлгісі-ресми іскер үлгіде, қыз балаларға - жилет-белдемше (юбка), ақ кеудеше (кофта, блузка), ұл баларға-жилет, қара, қара-көк түсті шалбар, ақ түсті көйлек болуы тиіс.

Қыз балалардың шаштары жиналған болуы керек. Мектепте бас киіммен жүруге тыйым салынады. Оқушылар киімі жас ерекшелігіне сай, өзіне және қоғамға деген сыйластықпен жарасымдылықты білдіруі тиіс.

Slide 5

Оқу-тәрбие үрдісі кезінде оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қатаң тыйым салынады:

Мектепке жарылғыш, кесіп, тіліп кететін заттарды, газ балоншаларын, улағыш және есірткі заттарын, спирттік ішімдіктерді, темекіні әкелуге, таратуға және қолдануға;

Өрт пен жарылыс тудыруы мүмкін кез келген құралдар мен заттарды пайдалануға

Өзара қарым-қатынасты анықтауда күш көрсетуге, қорқытуға, бопсалауға, адамның ар-намысына тиетін, қадір-қасиетін қорлайтын, жаман сөздерді пайдалануға;

Қоршаған адамдарға қауіп төндіретін кез -келген іс- кимылдар жасауға;

Спорттық, мәдени және сыныптан тыс іс- шаралардан өз еркімен кетіп қалуға;

Мектеп ішінде, аумағында темекі шегуге;

Сабақ үстінде, сыныптан тыс іс- шаралар кезінде ұялы телефонды пайдалануға.

Slide 6

Оқушылар мектепке таза, жинақы киіммен, сабақ басталарға 15 минут қалғанға келуі керек. Мектептің ішінде сырт киіммен жүруге рұқсат етілмейді;

•Көктем мен күз айларында мектеп ішінде екінші аяқ киіммен жүру талап етіледі.

•Сабақ басталмас бұрын оқушылар сырт киімдерін шешіп, киімі мен шашын ретке келтіреді, сынып кабинетінде өз орнына жайғасады.

•Әр оқушы өзінің жұмыс орнын таза ұстауға, мектеп мүлкін ұқыпты пайдалануға міндетті. Мектеп мүлкін сындыруға, лақтыруға, сызуға, жыртуға, басқа да жағдайлармен бүлдіруге жол берілмейді.

•Дене шынықтыру, ырғақ сабақтарында оқушы мектеп бекіткен спорт киімі мен спорттық аяқ киім киюге міндетті.

•Сырт киімдердің қалтасында бағалы заттарды, ақшаны, ұялы телефонды, үй кілттерін қадыруға болмайды.

Оқушылардың сабақ басталғанға дейінгі тәртіп ережесі

Slide 7

Сабақ үстіндегі

тәртіп ережесі

жұмыс орнын

үй тапсырмасын

орындау

сабаққа кешікпеу

сыныптан шығуға

сөйлесіп, ойнап

отыруға

қауіпсіз техника

ережесін сақтауға

сабақтан себепсіз

кетуге

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Мектептегі әдептілік: тәрбие, мінез-құлық ережелері және рефлексия
Оқушылардың құқықтары мен міндеттері: Қазақстан Конституциясы мен мектеп ережелері
Бала құқықтары мен міндеттері: құқықтық негіздері және мектептегі жүзеге асуы
Бала құқықтары мен міндеттері: заңнамалық негіздер мен мектептегі жүзеге асуы
Белмонт есебі: биомедициналық және мінез-құлық зерттеулеріндегі адам құқықтары мен этикалық қағидаттар
Сынып жетекшісінің құқықтары, міндеттері және кәсіби талаптары
Мейірбикенің кәсіби дамуындағы мінез-құлық ережелері, медициналық этика және бөлімшелік күтім тәртібі
Тұлға және әлеуметтік мінез-құлық: Вебердің іс-әрекет типтері, әлеуметтік бақылау және ауытқы мінез-құлық
Студенттердің құқықтары мен міндеттері
Қорқыныштың конфликтілік мінез-құлық қалыптасуына әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz