Жеті атаны ата



«Құндағым мықты, бесігім құтты болсын деп . . . »
(Ата-аналар мен оқушылар бірлескен тәрбиелік шара)

Тәрбиелік шараның кезеңдері:
І кезең «Алтын Көмбе»
ІІ кезең Блиц - турнир «Бәйге»
ІІІ тур «Тапқырлық» (Конвертке салынады)
ІV тур «Қиындықтан шығу»

Топтың атаулары:
Кемеңгер (ата-аналар тобы)
Қорған (ата-аналар тобы)
Үміт (оқушылар тобы)
Болашақ (оқушылар тобы)
Зерде (оқушылар тобы)

І кезең «Алтын Көмбе» берілген сөздердің мағынасын ашу
Байғазы
Көрімдік
Шілдехана
Тұсау кесу
Енші

ІІ кезең Блиц - турнир «Бәйге» Әр топ 10 сұраққа жауап береді

«Кемеңгер» тобына:
1. Киіз үй жабдықтарын ата
2. Жеті атаны ата
3. Жеті қазынаны ата
4. Ұлттық ойын түрлерін ата
5. Ұлттық тағам түрлері
6. Мұсылманның бес парызын ата
7. Үш арсызды ата
8. Үш көзді ата
9. Үш ғайыпқа не жатады?
10. Жеті жұтты ата

«Қорған» тобына:
1. Рәміздерге не жатады?
2. Дүниеде неше алыс бар?
3. Бала дүниеге келгеннен бастап, азамат болғанға дейін жасалатын салт түрлері
4. Ораза тұту қай айда
5. Тоқым қағар
6. Жасау
7. Бастаңғы
8. Ат тергеу қандай дәстүр?
9. Тымаққа салу
10. Иткөйлек

«Үміт» тобына:
1. «ҚР-ның Мемлекеттік Туының авторы кім?
2. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде нешінші орында?
3. Қазақстанның Республика күні
4. Қазақ тілінде дұрыс оқылу заңдылығы қалай аталады?
5. Сөздің ең кішкене бөлігі?
6. Сөз және оның мағынасын зерттейтін сала
7. Тарих атасы кім?
8. Компьютердің ақпаратты қағазға басып шығаруға арналған құрылғысы?
9. Қай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?
10. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал?

«Болашақ» тобына:
1. ҚР-ның жаңа әнұранының авторы кім?
2. Қазақ тіліне тән әріптер нешеу?
3. «Б» дыбысы қандай дыбыс?
4. Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит
5. Жердің су қабатын қалай атайды?
6. Жердің ауа қабаты қалай аталады?
7. Киіктің төлін қалай атайды?
8. Тоқтар Әубәкіров қай жылы ғарышқа ұшты?
9. Шеңбердің бойындағы кез келген нүктені центрмен қосатын кесінді
10. Ағылшын әліпбиіндегі әріптер саны?

«Зерде» тобына:
1. ҚР-ның елтаңбасының авторы ?
2. Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала?
3. Ең шағын материк ?
4. Орыс әліпбиіндегі қандай әріптердің дыбысы жоқ?
5. Жердің Күнді бір рет айналып шығуына кететін уақыт
6. Ең кішкентай құс ?
7. Жердің тіршілік қабаты
8. Қағаздағы ақпаратты компьютерге енгізу құрылғысы
9. Халықтық әдет-ғұрып, салт-санасының дамуын, ерекшеліктерін зерттейтін ғылым.
10. Аққудың балапанын қалай атайды?

ІІІ кезең «Тапқырлық» (Конвертке салынады)

Жан жарасы жазылмайды (аңыз әңгіме)
Ертеде бір қарияның ашушаң, ұстамсыз баласы болыпты. Бір күні қария баласына бір қап шеге беріп:
Өзіңді ашу қысқан сайын ағаш бағанға шеге қағып, ашуың басылған кезде, суырып аларсың, - дейді.
Бала бірінші күні-ақ бағанға он шақты шеге қағылғанын байқап, өзін-өзі ұстауға ашуға бой бермеуге тырысты.

Қағылған шегенің саны күнбе-күн азая бастады. Бала бағанға шеге қаққаннан гөрі ашуын басқан жеңіл екенін түсінді. Ақырында бағанға бір шеге де қақпаған күнге жетті. Сонда әкесі баласын бағанға жетелеп келіп:
- Жарайсың, балам! Бірақ бағанның шұрық-шұрық болғанын көріп тұрған шығарсың? Ол ешқашанда бастапқы қалыпына келе алмайды. Адамға ғайбат сөз айтсаң, оның көңіліне жара саласың, оның жан - дүниесі осы баған сияқты шұрық-шұрық болады. Одан кейін қанша кешірім сұрасаң да, жан жарасы жазылмайды. Ашуыңды ақылға жеңгізе біл, балам, -дейді

IV кезең «Қиындықтан шығу»

Кемеңгер тобына:
Бекарыс жазғы демалысқа шыққалы көңілсіз жүр. Себебі ауладағы балалардың ешқайсысы онымен дос болғысы келмейді. “кішкентайсың” деп маңдарына да жолатпайды.
Ол енді өзінің үлкен екенін ешкімді тыңдамайтындығын дәлелдемек болып, ешкімге көрсетпей әкесінің ішкі қалтасынан екі-үш дана темекі алып, балалар жиналған жерге келді. Қалтасынан темекі шығарып: “тартып көресіңдер ме?-деді аузын ашып қалған балалрға . - Не қорқасыңдар ма?Кішкентай екенсіңдер ғой?! Келіңдер тартайық!”
Сұрақ:
1. Балалар Бекарыстың ұсынысын қалай қабылдауы мүмкін?
2. Бекарысқа қандай кеңес айтар едіңіз?

Қорған тобына:
Анасы мен әкесі ұлының туған күнін асыға күтетін. Бұл күні анасы ұлына ұнайтын түрлі ас даярлап, отбасы бақытты бір күйге енетін. Ұлының бүгінгі туған күнінде де ата-анасы мектептен ұлын тағатсыздана күтіп отыр. Телефонның дауысы естілгенде анасы мен әкесі тұтқаға қатар жүгірді.
- ана мен достарыммен кафеге баратын едім, сенсеңіз онда сіз жасаған тамақтан да керемет дәмді тағамдарға тапсырыс беріп достарым мені күтіп отыр.
- . . . Жарайды, балам, абайлап жүр . . .
Сұрақ:
Ұлының бұл сөзі анасына қалай әсер етті деп ойлайсыз?
Бұндай жағдайдың алдын алу үшін баланың бойына қандай қасиеттерді сіңіру керек?

Үміт тобына:
Жеті саны қазақта киелі сан |
Жеті ата |
Жеті ата Жеті ұрпақ |
Нұр - Сұлтан қаласы |
Тапқыр достаp |
Қол өнері |
Жеті қазынаны ата |
"Жігіттің сұлтаны кім?" саралаңыз |
Бүгін мектепте |
Жасалу жолын түсіндір |
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz