Соңынан қолын ұстап ергеніммен
Презентация қосу
Балқаш- аңыз
І нұсқа
Балқаш көлі – Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі. Ертеректе Балқаш бойының
тұрғындары көлді Ақ теңіз және Жұмбақ көл деп екі түрлі атап келген.
Ақ теңіз – деп көлдің батыс жағалауын мекендеген жұрт атаған. Оған себеп:
негізгі өзендер: Іле, Ақсу,Көксу;Тентек және толып жатқан жер асты сулар көлге
батыс жағынан құяды да, ондағы көл суының жартысы тұщы болып келді және сырт
көрінісі мөлдір, ақ түсті болады. Ал, көлдік оңтүстік – шығысын мекендеген ел
«Жұмбақ көл» деп ат қойған. Бұл тұстан көлге Лепсі, Аякөз өзендері құяды, ал жер
асты сулары бұл жағынан көлге қосылмайды. Көлдің қазіргі атауына байланысты
халық ішінде бұрыннан айтылып келе жатқан аңыз бар.
Бұдан көп ғасырлар бұрын көлдің батыс жағалауында мыңды айдаған бір
байдың ай мен күндей әлемге бірдей, ақылы асқан, келбеті жарасқан сұлу қызы
болыпты.Қыздың аты Балқия екен. Ата-анасы, ауыл аймағы еркелетіп, оны
Балқияжан Балқаш деп атап жүріп ақырында Балқаш деп кетіпті.
Күндердің күнінде осы Балқаш айдай толып, алмадай пісіп, кемеліне кемен
бой жеткен болыпты. Осы шақта жастайынан айттырып, қалың малын тегіс төлеп
бітірген бай құда “қамдана берсін, келінімді биыл күзде түсірем“, деп қыздың әкесіне
сәлем айтыпты. Өзі бесікте жатқанда құда болып қойған күйеуінің тілі сақау, есі
естілеу жігіт екен. Балқашқа бұл хабар төбесінен тас түскендей болып тиеді. Ас
ішпей, ұйқы көрмей, санадай сарғайып, сола бастайды. Мұны сезген ата-ана, ағайын-
туған “жас өседі, жарлы баянды” деген күйеу бала әлі жас, бір байдың еркесі, өсе
келе есі кіріп, ел ағасы болып кетеді.
Ақ батаны, шариғат жолын бұзуға болмайды,- деп қызды жұбатады. Күнде ойын,
күнде думан жасап көңілін бөлмек болады. Қайғы- қасірет жүрегін кернеген Балқаш
мұның біріне де назар салмайды. Жадыраған жаз өтіп, қоңыр салқын күз келе жатады.
Қыз елден безіп қаңғырып өлсе де есуас сақауға бармауға бел байлайды. Өзімен көңіл
қосып жүрген осы ауылға ертеден сіңісіп кеткен, әкесінің нағашыларының баласы, еті
тірі Ерден деген жігітке Балқаш жолығады.
-“Қайтсең де мені мына пәледен құтқар, өле- өлгенше алдыңнан шығып,
айтқаныңды екі етпеймін, өлсең көріңе бірге түсейін”- деп асылып отырып алады.
Паналар жер, бетке ұстар елі жоқ тайраңдаған жігіт не істерін білмей қатты қысылады.
Ақыры, қыздың зарынан қабырғасы сөгілген, бір жағынан жатқа қиғысы келмеген ер
көңілді жігіт бір түнде атпен қызды алып қашады. Бара бағыты бұдан бір жыл бұрын
жау алған жылқыны іздеп жүріп кез болған қалың қамысты үлкен көл. Мұз қатқанша
соның жағасында жасырынып жатып, қысқа қарай оның ар жағына, ұлы жүз еліне
өтіп кетпек.Екі жас түн жамылып, тау бөктерлеп, жапан түз сусыз шөлді кесіп өтеді.
Қамыстың құрағы күректей, сабаулары білектей, толқыны жар соққан үлкен көлге де
келіп жетеді. Аттарын арқандап тастап, қамыстан күрке жасап алып, мұздың қатуын
күтеді. Ауылдары бұлардың қайда кетіп, қайда қонғанын білмей елден- елге кісі
шаптырып, сұрау салып, сабылысуда болады.
Ерден күндіз аң аулайды, Балқаш жартасқа шығып, ұшқан құсқа асыр салып,
ойнаған шабақтарға қарап, бір ғана соны ермек етеді, елін сағынып, болашағын ойлап
зар қағады:
Бұл көлдің біз жатырмыз жағасында
Өмірдің өлім мекен арасында.
Туған ел, қайран жұртым қаласың ба?
Уа, шіркін, құс боп ұшсам қанат бітіп,
Балық боп су астымен кетсем зытып,
Қолында дұшпанымның пенде болмай.
Өлсем арман қимас ем жайын жұтып
Қабыл боп зарлағанда қылған тілек,
Бұл көлден аман өтсек ұстап білек,
Армансыз бұл жалғаннан болар едім.
Жүрсем де қыдырып, қайыр тілеп,
Аққу қаз бір ғарыпты көрдім деме
Шетінде жатыр сонау көлдің демі.
Қор етіп көрінгенге мазақтатып,
Құдай- ау, шыбын жанды бердің неге?
Күндер өтіп, күн салқындап, көлдің қататын мезгілі де жақындай бастады. Екі жас
мұны асыға күтіп, жүректері алып ұшады. Өстіп жүргенде бір күні іңірде арқандаулы аттар
осқырып, аласұрады. Қосынан көйлекшең жүгіріп шыққан Ерден екі аттың жанында бір топ
қабанның тұрғанын көреді. Қос жанында жатқан сойылды ала жүгіреді. Қаруын әрлі- берлі
сермеп, қабандарды қуып шығамын деп жүргенде бір көкжалы Ерденді қарыстай ауызымен
тіреп өтеді. Жігіт құлап қалады. Екі ат арқаныс түбінен жұлып, ойнақтап шыға береді.
Қабандар солардың соңынан кетеді.
Бағанадан бері безек қағып, маңайларына бара алмай жүрген Балқаш жүгіріп келіп,
қызыл қанға боялып жатқан Ерденді бас салады. Сүйемелдеп, қосқа әкеліп жарасына қараса
қабанның азуы шабын жарып кеткен екен. Киіз тоқымды отқа күйдіріп, жарасына басады.
Күл себеді. Ал, бұл екеуі осылай жата тұрсын, енді әлгі аттардың ізіне түсейік.
Жер сағынып, шабынан булығып тұрған сәйгүліктер босанған бетте бастарын
төмен салып жіберіп, ел қайдасың деп тартып береді.
Бұл күндері жарасы денесіне жайылып өне бойын қанды ірің кеулеп кеткен
Ерденнің әлі азая бастаған еді. Қыршын жас көп ұзамай қайтыс болады. Жалаң
түзде жан жолдасынан айырылып, қыз Балқаш ботадай боздап, жалғыз қалады.
Еңіреген өксігін басып, есін жиғаннан кейін, қостың жанындағы майда құмды
қазып, астына қамыс төсейді. Ерденді ақ жауып, өз киімімен арулап қояды. Жас
қабірді құшақтап қаншама уақыт жылаған Балқаш енді өзіне ор қазады. Содан
кейін дәрет алып, көлге түсіп шығады да дүниемен қоштасу үшін жартастың
басына көтеріледі. Жан- жақты шыр айнала қарап, өмірмен ақырғы рет
қоштасады.
Айрылдым айдалада Ерденімнен
Соңынан қолын ұстап ергеніммен
Болған соң тағдыр солай шара бар ма
Көл еді көрмегенім көргенімнен
Басыма тумай жатып түскен тұзақ
Қақ жарып жас жүрекке салған сызат
Көрсетпей рахатын жастық шақтың,
Кетуге жібермеді- ау елден ұзап.
Қош- сау бол, елім- жұртым, ата- ана,
Айдын көл, туған өлке жалпақ дала,
Мен кеттім жас жанымды құрбан етіп,
Таба алмай өз ортаңнан ешбір пана.
Аққу қаз қабырыма келе кетші,
Ғарыптың не болғанын көре кетші,
Тәнімді қарға- құзғын шоқымасын,
Сабалап қанатыңмен көме кетші.
Күн батар алдында қыз Балқаш жартастың басында осылай зарлап отырған
кезде иек ортадан бір топ атты сау ете түседі. Қыз олардың ішінен өз туыстарын,
өзінің сақау күйеуін таниды. Қолға түсіп, пенде болмау үшін өзін- өзі өлтірер қару
қабыр басында қалған. Оған жетіп үлгере алатын емес. Не істеу керек?
Балқаш жартастың суға төнген бір биігіне шықты да көлге бірақ секірді. Жар
соғып, көбік шашып жатқан асау толқын абзал аруды құшағына қысып, терең
теңізге қарай алды да кетті. Осы кезде көлдегі құстар аспанға көтеріліп, аңдар жер
бауырлап жата кетті. Қаз қаңқылдап, үйрек сыңқылдап, ұясына бара жатқан алтын
күннің қызыл шапағы қарауыта түсті.
Бұл ауыр оқиға, трагедия сол маңдағы елге түгел жайылып, бұдан былайғы
жерде көлді өздері еркелетіп айтатын, сүйікті жас арудың атымен Балқаш қашып
барған көлді халық Балқаш деп атап кеткен екен.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz