Оқушыларды сапқа тұрғызу


Slide 1

1 қыркүйек - Білім күніне арналған салтанатты

жиынның бағдарламасы.

1. Оқушыларды сапқа тұрғызу

2. Қонақтардың орналасуы

3. Салтанатты жиынды ашу, мектеп директорына сөз беру.

4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын келтіру.

Әнұран шырқалады.

5. Құттықтау сөзі

6. Ән жолданады.

7. Зейнеткер ұстаздарға сөз беріледі.

8. Ән жолданады

9. Би

10. 1- сыныпқа оқушыларды қабылдау рәсімі.

11. Бата сұрау

12. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын шығару

13. Алғашқы қоңырау қағылады.

11- сынып оқушысы

1- сынып оқушысы

14. Салтанатты жиынды жабу үшін мектеп директорына сөз беріледі.

www. ZHARAR. com

Slide 2

1 қыркүйек - Білім күні мерекесін өткізу

сценарийі

І жүргізуші:

Көк байрағым көк жүзінде қалқыған,

Әнұраным әуелеген, шалқыған

Бес құрлыққа елдің атын паш еткен

Елбасы да өткен ұстаз алдынан

ІІ жүргізуші:

Жан шуағы, күн шуағы арай ма,

Ұстаз деген әулиедей талайға

Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,

Әл- Фараби, Омар Хаям, Абай да

www. ZHARAR. com

Slide 3

І жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен ата-аналар!

ІІ жүргізуші: Армысыңдар, мектеп оқушылары мен балауса балдырғандар!

І жүргізуші: Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр.

ІІ жүргізуші:Сағынышпен күткен “Сыңғырла, алғашқы қоңырау!” атты мерекелік шарамызды бастаймыз.

«Назар аударыныз», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы енгізілсін!

(Бұйрық берілгеннен соң сапты қадаммен аяқ басқан ту ұстаушы топ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын енгізеді.

(Ту ұстаушы топ оқушылар қатарының алдынан өткеннен кейін мектеп сап түзеуінің төріне орналасады)

Барлығы: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындайды.

www. ZHARAR. com

Slide 4

І жүргізуші: «Сыңғырла, алғашқы қоңырау!» мерекесін ашу рәсімі мектеп директоры Сәрсенбаев Табанбай мырзаға беріледі.

ІІ жүргізуші: Өткен оқу жылында мектебіміздің қол жетізген табыстары паш етіледі.

І жүргізуші

Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,

Абзал жан бар, биіік тұлға байсалды.

Қуаныш пен салтанатты шақтарда

Қонақтар да ақ тілегін ақтарар.

( қонақтарға сөз беріледі)

www. ZHARAR. com

Slide 5

Жүргізуші сөзі:

Өмірдің бейбіт бағы гүл,

Асудан асып асқарлы

Мінекей биыл тағы бір

Жаңа оқу жылы басталды.

Өткеріп жазды дүбірмен,

Туған жер төсін тербеткен

Балдырғандар келіп тұр

Бір жасқа міне ер жеткен

Құшаққа толы гүлдермен

Сыныпты шулы сағына

Тың қуат, жалын жігермен.

Асыға жетті тағы да

Ендеше қане, халайық

Жаңа оқу жылы төрлетсін,

Көңілді әнге салайық.

Қиялды көкке өрлетсін.

(әсем әуен әуелеп, омырауына 2011 - 2012 деген жазуы бар оқу жылы шығады)

www. ZHARAR. com

Slide 6

Жүргізуші:

Жаңа оқу жылы, кел төрлет,

Дүбірлі думан басталсын

Жүректерді ән тербеп

Шапалақ ұрсын асқар шың.

Жаңа оқу жылы:

Армысыздар, ағайын,

Хош келіпсіз баршаңыз!

Мен де есік қағайын,

Бітсе шілде, сары тамыз.

Гүлге толы өңірлер,

Балғын жүзбен, балауса

Алып ұшқан көңілдер

Толқымасын қалайша

Көңіл толы, нұр ағыс

Мен де шаттық жайдамын

Құтты болсын қуаныш,

Құтты болсын мейрамың!

www. ZHARAR. com

Slide 7

Жүргізуші:

Ризамыз саған жаңа жыл,

Рахмет мың да бір!

Өзіңмен шалқып бала жыр

Қосылады нұрға нұр

Шаттықпен шалқып толғана

Ой толқытқан жүрегін

Өмірге алмақ жолдама

Сыр шертсін енді түлегің.

Он бірінші сынып оқушысы.

Кеш ғана аттаған,

Мектеп табалдырығын

Бүлдіршін едік бастаған

Ақ бантикті тұлымың

Иә, кеше, кеше еді,

Сәби едік балдырған

Азамат болып көшелі,

Табылмақпыыз сан қырдан

Сусындап білім нұрына

Өткеріппіз он жылды

Қанығып өмір қырына,

Зердеге түйдік мол сырды.

www. ZHARAR. com

Slide 8

Жүргізуші:

Мерейлі де жемісті

Болып өтсін соңғы жыл!

Сендер үшін келісті

Шырқалсын бір оңды жыр

Қиын да қыстау заманда

Уақыт жоқ дамылдар

Қырандай болып әманда

Қияға қанат қағыңдар.

Егемен елдің төсінде,

Шуағын шашсын арай, күн

Азамат болып өсіңдер,

Қызыға жұрттар қарайтын.

Ән: “Ұстазым”

www. ZHARAR. com

Slide 9

Жүргізуші:

Біреулер енші ап өмірден,

Аттанбақ болса асып қыр

Біреулер балғын көңілмен

Алғашқы қадам басып тұр

Сондықтан да назарды,

Солар жаққа бұрайық

Балдырғандарды базарлы

Қарсы алып, қол ұрайық.

Айқара ашқан есігін

Қайнары білім нұрының

Мектебің - алтын бесігің

Жылы ұяң, міне сыныбың

www. ZHARAR. com

Slide 10

Қаламсап алып қолыңа,

Достасарсың да әріппен

Шуағын себер жолыңа,

Жан серігің - әліппең - дей келе, бүгінгі мектеп

табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып

оқушыларына сәтті қадам, таудай талап тілейміз.

Зейнеткер ұстаздарға сөз беріледі.

Жүргізуші:

Халқымыз “Ата-баба дәстүрі- асыл мұра” дегендей “Бала- бауыр

етім” деп баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, әрбір

қадамына қуанып, шілдехана, бесік той, тұсау кесер, ашамайға

отырғызу сияқты тойларын жасаған. Ал бүгінгі тойымыз

бүлдіршіндердің 6-ға келіп, 1- сыныпқа қабылданып, “Алғашқы

қоңырау мерекесіне қатысу сәті.

www. ZHARAR. com

Slide 11

Бұл той- баланың бал дәурен шағымен қоштасып, білімге

талпынған қадамы.

Құрметті халайық, олай болса, оқушыларымыздың тойын батауға

рұқсат етіңіздер!

(1-сынып оқушыларының әдеби монтаждары, өлеңдері тыңдалады,

өнерлері тамашаланды)

Жүргізуші:

Күтіп тұр, алда сан қызық,

Асулар асқар, неше сын

Кеудеңе үміт жанғызып,

Азамат болып өсесің.

Сусындап білім нұрынан,

Шыңдаласың да ширайсың

Зымырап жылдар зымыран

Тұрарсың бізді қимай шын.

www. ZHARAR. com

Slide 12

Үміттің отын жандырған

Қызырдан болсын қолдаушың

Хош келіпсіңдер, балдырған

Қадмдарыңа нұр жаусын!

Ұшталған үміт арманнан,

Таудай бір болсын талабың!

Өздеріңе арналған

Ақалтынның қабыл ал әнін.

Ән: “Аппақ бала”

Орындайтын: 7-сынып оқушысы Жолдасова Ақалтын

1- сынып оқушыларын мектепке қабылдау үшін мектеп

директорының бұйрығы оқылады.

www. ZHARAR. com

Slide 13

Жүргізуші:

Ұрпақтар сабақтастығының, қоңырау үні сыңғырының

жалғастығының белгісіндей ортаға ардагер ұстазымызды

қоңырау тапсыру рәсімін жасауға шақырамыз. (Ардагер ұстаз

қауызды макетті алып шығып, ақ тілегін айтады және үздік әрі


Ұқсас жұмыстар
Допты ұстап жүру
Акробатикалық жаттығулар
ЖАЛПЫ ДАМЫТУ ЖАТТЫҒУЛАР
Гимнастикалық таяқпен жаттығу
Ядролық қару
Аяулы жан - Анашым
Калашников автоматы
Баскетбол ойыны
Ойыншының негізгі тұрысы
Дене шынықтыру - балаларға дене тәрбиесі жаттығуларын жүелі түрде үйретудің негізгі формасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz