Қазіргі уақытта наркотик айналымы барлық елдерде шектеулі




Наркотик ( гр. ναρκωτικός - естен айырылу) - БДСҰ-ның анықтауы бойынша, ауру сезгіштікті жоятын химиялық есірткі. Термин әдетте есiрткi анальгетиктер деп аталған апиыны бар заттарға немесе опиоидтарға жатады. Алғаш болып «наркотик» деген анықтаманы сезгiштiктi жоғалтуға алып келетін заттарды сипаттау үшін грек емшісі Гиппократ қолданған. Бұл анықтаманы дәрігер болған Клавдий Гален да қолданған. Наркотикті сипаттау үшін Клавдий Гален көбінесе мандрагор, семена эклаты и макатамырын немесе эклат тұқымдарын және көкнәрді терең зерттеген.
Аталмыш терминнің мәні XX ғасырда кеңiдi. Алдыңғы уақыттарда «наркотик» деген мағынаны беретін сөз, уақыт өте көпмағыналы бола бастады

Қазіргі уақытта наркотик айналымы барлық елдерде шектеулі. 2009 жылдың бірінші қарашасының тіркеуіне сәйкес, 1972 жылы наркотикка қарсы өткіщілген жиынның келісімінде 186 ел қосымшалар енгізген, бұл бүкіл әлемдегі елдердің 96% - ын құрайды. Оның арасында 184 ел 1961 жылғы келісімнен бері өз үлестерін қосып келуде. Ауғаныстан және Чад елдері 1961 жылғы келісімге қана қосылған. Сондай - ақ 1961 жылғы келісімге сегіз ел өкілдері қосылмады. Олар: Экваторлы Гвинея, Тимор-Лешти, Вануату, Кирибати, Науру, Кук аралдары, Самоа және Тувалу

Көп жағдайларда медицинада және юриспруденцияда «наркотик» ұғымы толық бір мағынаны бере бермейді. Бұл салаларда барлық заңсыз және жүйке жүйесін уландыратын химиялық өнімдер, наркотик ұғымына қосылады. Мысалы, Канада және АҚШ елдерінде есірткі қатарына кокаин, каннабис және опиоидтар жатқызылған. Мағыналық жағынақ келіспеушіліктер көп болғандықтан, бұл анықтаманы олық өзіне сәйкес мағынасында атаған жөн.

Есірткіге әуестенген адамның өмірі қысқа болады дейді. Оның себебі неде?
Нашақорлықпен ауратындардың өмірі ұзаққа бармайды. Алғашқыда ляззат алу үшін, кейіннен ауырмау үшін ғана қолданатын болады. Демек, алғашқыда ляззат алу үшін күніне 0, 1 грамм кететін болса, кейін 0, 2 грамм қолдануы керек болады. Сөйтіп, дозаны бірден өсіріп алады да, денелерін улап тастайды нәтижесінде мидың тыныс алу орталығы тоқтайды.

Марихуана - кептірілген, ұсақ туралған жапырақтың, тұқымдар мен жасыл, қоңыр немесе сұр түсті сора гүлдерінің қосындысы. Марихуана - көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда көп таралған заңсыз есірткі.
Марихуананы шегуді кейбіреулер денсаулыққа зиян емес деп санайды. Алайда, ол денсаулыққа үлкен зиян келтіреді.
Марихуананың ықпалындағы адамның басы айналады, жүрісі бұзылады, үнемі күле береді және есте сақтау қабілеті төмендейді.

Героин - ең алдымен опий пайда болды, содан кейін одан морфин алынды, одан героин шығарылды. Героин өзінің есірткілік белсенділігімен морфийннен әлдеқайда асып түседі. Ол қыздырғаннан кейін тамырға егіледі, шегіледі, онымен демалады. 2008 жылдың 8 айы ішінде Астана қаласында героиннің дозасын асырып қолданғаннан 19 жастан 30 жасқа дейін 48 адам көз жұмған.
Нашақорлардың түн ұйқылары бұзылады, артериалдық қан қысымы төмендейді, ине салу нәтижесінен тамырлары тесіледі, бауыры мен бүйректері ауырады, организмі дене және психологиялық жағынан әлсірейді, гепатит пен СПИД-ке шалдығады, ақырында өлімге әкеп соғады.

Кокаин - коки өсімдігінен шығарылған, негізінен ақ ұнтақ тәріздес есірткі. Кокаин ұнтағын ұсақтап мұрын арқылы тартады немесе тамырға енгізу үшін езеді.
Кокаинді тек бай адамдар қолдана алады, себебі оны сатып алу үшін аптасына мың доллардан астам ақша жұмсалады. Оған тез үйреніп кетуге болады.
Кокаинді қолданушылар паранойд болып келеді, олар миына қан құйылуынан, жүректің қысылуынан кенеттен өліп кетеді.
Алғашқы дозадан алған жақсы әсерлерді сезіну үшін кокаинді жиі және көптеп қолдану керек болады. Есірткіні алғашқыда эйфорияны сезіну үшін енгізсе, кейін тек өзін жақсы сезініп, күйзелу немесе шаршаған жағдайын кетіру үшін қолданады. Қолданудың ақыры - сандырақтауға, дем алуының бұзылуына, есінен тануына, ақырында өлімге әкеліп соғады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz