Әлеуметтік институттар




Презентация қосу
Әлеуметтік институттар
1.Институттану процесі және институттардың дамуы
2.Әлеуметтік институттардың функциясы және
ерекшеліктері.

Негізгі ұғымдар: әлеуметтік институттар,
институционалдану, дифференция, институция, нормалар,
әлеуметтендіру.
Әлеуметтік институттар алғашқы қауымдық қоғамнан
қазіргі заманға дейінгі кез келген қоғамда болған.
Оларсыз қоғам өзін құрайтын адамдарға қатысты өзінің
негізгі функцияларын - біріктіру, қорғау, қамтамасыз ету,
тұлғаны әлеуметтендіру, рухани және мәдени даму, т.б.
орындай алмас еді.
Адамдардың әлеуметтік өзара байланыстары мен қарым-
қатынастары мінез-құлықтың жалпы ережелері мен
қоғамдық мүддеге және жеке адамдардың мүддесіне қол
жеткізудің қалыптасқан, рұқсат етілген тәсілдерінің
негізінде құрылады. Ең алғашқы институттардың бірі
жыныстық қатынастарды, қандас туыстар мен
тайпаластар арасындағы қолдау көрсету мен өзара
көмектесуді реттеген, мәдени сабақтастықты, әлеуметтік
тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беру нормаларын баянды
еткен отбасы және неке институты болып табылады.
Социологтар "институт” ұғымын құқықтанушылардан
бай әлеуметтік мазмұнмен толықтырып алған. Ол базалық
социологиялық категориялардың бірі болып табылады,
теориялық тұжырымдамаларды құру мен шынайы
қоғамдағы әлеуметтік қатынастарды талдауда оны
айналып өту мүмкін емес.
Ағылшын социологі Г.Спенсер "әлеуметтік институт”
терминін алғаш ұсынған адам. Кез келген мекеме
(әлеуметтік институт) әлеуметтік әрекеттердің орнықты
құрылымы ретінде қалыптасады. Ол институттар қоғам
өмірін реттеу мен жайластыру және адамдардың мінез-
құлқына ықпал ету ісінде маңызды рөл атқаратынын атап
өткен. Ол әлеуметтік институттардың алты түрін
сипаттап, талдаған: өнеркәсіптік, кәсіподақтық, саяси,
әдет-ғұрыптық, шіркеулік, үй.
Латын тілінен іnstіtutum - орнату, жайластыру деп тәржімаланады.
"Институция” термині орнату, қоғамда қалыптасқан әдет-ғұрып,
тәртіп дегенді білдіреді. "Институт”ұғымы әдет-ғұрыптар мен
тәртіптердің заң немесе мекеме түрінде бекітілуін білдіреді.
Әлеуметтік институт әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз
ететін қоғамдық байланыстар мен қатынастардың кез келген
тәртіптелуі, ресмиленуі дегенді білдіреді.
Әлеуметтік құрылғы ретінде институт адам қызметінің әр түрлі
салаларын реттейтін ресми және бейресми ережелердің,
принциптердің, нормалардың, ұстанымдардың орнықты кешенін
білдіреді. Олардың негізінде топтар мен адамдардың қарым-қатынас
жасау жүйесіндегі орнын, функцияларын, мінез-құлқын
анықтайтын әлеуметтік рөлдер мен мәртебелер жүйесі
ұйымдастырылады.
Әлеуметтік институт деп
көбінесе адамдардың бірлескен
Әлеуметтік қызметінің тарихи қалыптасқан
институттың жеке орнықты нысандарын айтады.
адамнан гөрі жоғары Институттардың негізігі мақсаты
сипаты, өзіндік аса қатаң - жеке адамдардың, топтардың
және жалпы қоғамның іргелі
құрылымы бар, жүйелілік қажеттіліктерін қанағаттандыру.
сапасы болады. Олардың сәтті қызмет атқаруы
Құндылықтар, үлгілер адамдар қауымдастығының
және нормалар жүйе өмірін сақтауға мүмкіндік
ретінде жеке адамдардың береді, оларды топтар мен
қоғамға біріктіреді, олардың
қандай да бір әлеуметтік өмірін тұрақты етеді. Дәл осы
қауымдастық әлеуметтік институттар
шеңберіндегі міндетті ұйымдардағы бірлескен
мінез-құлықтарын реттеп корпоративтік қызметті
отырады. үйлестіреді, әлеуметтік
қатынастар сипатын анықтайды
және оларды сақтап отырады.
Әрбір институт:
- белгілі бір қызмет аясын;
- белгіленген құқықтар мен міндеттер негізінде қоғамдық,
ұйымдық немесе басқару функцияларын орындауға өкілетті
адамдар тобын;
- ресми тұлғалар арасындағы қарым-қатынастың ұйымдық
нормалары мен принциптерін;
- қойылған міндеттерді шешуге қажетті материалдық
құралдарды (қоғамдық ғимараттар, құрал-жабдықтар және
т.б.) қамтиды.
Мысалы, әділет органдары (юстиция) әлеуметтік институт
ретінде құқықтық қатынастар мен оларды реттеу саласын
білдіреді. Оған жататындар белгілі бір адамдар тобы
(прокурорлар, соттар, адвокаттар); қабылданған ресми заңдар
мен басқа да заңнамалық актілер, сондай-ақ құқықтық
өкілетті тұлғалардың мінез-құлықтарының бейресми
стандартталған үлгілері (соттың, прокурордың, адвокаттың
және т.б. рөлдері); мекемелер (прокуратуралар, соттар,
тұтқындау орындары және т.б.) және әділетті
қаржыландыруға арналған ел бюджетінен бөлінетін қаражат.
Қоғамдық байланыстар мен қарым-қатынастарды
тәртіпке келтіру, ресмилендіру және стандарттау
процесіинституционалдандыру деп аталады.
Қоғамның белгілі бір байланыстардың әлеуметтік
ұйымдастыруға қажеттілігін ұғынуы барысында сол
қажеттілікті қанағаттандыра алатын әлеуметтік
нормалар, ережелер, мәртебелер мен рөлдер бекиді.
Әлеуметтік институттың қызмет атқаруына
жәрдемдесетін жалпы мақсаттар, топтар және
ұйымдар қалыптасады, институттың барлық
мүшелерін қамтитын нормалар мен санкцияларды
қолдану ресімдері, мәртебелер мен рөлдер жүйелері
құрылады.
Неғұрлым маңызды қажеттіліктерді қамтамасыз
ететінәлеуметтік институттардың бес негізгі
түрі бар:
- бала туу, өсуі (отбасы және неке институты);
- қауіпсіздік және әлеуметтік тәртіп (саяси
институттар, мемлекет);
- тұрмыстық құрал-жабдықтар өндіру
(экономикалық институттар, өндіріс);
- білімді беру, өскелең ұрпақты әлеуметтендіру,
кадрлар даярлау (білім беру, ғылыми және мәдени
институттар);
- рухани мәселелер, тіршілік мағынасын
шешетін қажеттіліктер (дін институты).

Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік институттың түрлері
Әлеуметтік институттар мен процесстер
Қоғам және әлеуметтік институттар
Әлеуметтік құрылымның басты элементтері
Институттардың негізігі мақсаты - жеке адамдардың, топтардың және жалпы қоғамның іргелі қажеттіліктерін қанағаттандыру
Әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік институттар
Қаржы институттарының дамуы
САЯСИ ҚАТЫНАСТАР
Әлеуметтік институт, оның мәні
Саяси институттар
Пәндер