Висла өзені


Slide 1

Атырау облысынан шыққан Ұлы Отан соғысының батыры мен данқ ордендерінің толық иегерін, Ғизат Әліповті білеміз бе?

Атырау қаласы № 31 жалпы білім беретін орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі,

Алипова Нұржауған Құттымұратқызы

2013-2014 жыл

Slide 2

Қазақстандықтардың майдан даласындағы ерліктері мен тылдағы табандылықтары ешқашан да ұмытылмайды!

Slide 3

Ғизат Әліпов 25. 12. 1924 - 19. 07. 1986 «Даңк» ордендерінің толық иегері

Slide 4

ХХ -ғасырдағы ең бір қанды қасырет қайсы десек, ол екінші жиһангерлік соғыс дер едік. Себебі, оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысып, майдан баталиясына 61 мемлекет тартылды. 40 елдің жері соғыс өртіне шарпылып, 110 миллион адам қолына қару алды. Олардың арасында 1932 жылғы алапат ашаршылықтан қырылып, Ұлы Отан соғысы қарсаңында 3, 2 миллионға әзер жеткен, соған қарамастан батысқа 500 мың боздағын аттандырған бейбақ Қазақ елі де бар еді.

Демограф-ғалым Мақаш Тәтімовтың пайымдауларына қарағанда олардың 350 мыңы қаза тапты, хабарсыз кетті деген санатта майдан даласынан қайтпай қалған. Жеңіс туы тігілгеннен бері, міне, 68 жыл өтті. Бүгін сол сұрапыл соғыста Отаны үшін жан беріп, жан алған атамыз жайлы әңгіме сөз қозғағалы отырмын.

Slide 5

Әліп Мұқашұлы

( 1880 - 1966 ж. ж. )

Жұмажан Әліпқызы

( 1906 - 1994 ж. ж. )

Ғизат Әліпұлы

( 1924 - 1986 ж. ж. )

Бақыт Әліпқызы

( 1929 - 1991 ж. ж. )

Қадиша Әліпқызы

( 1931 - 1992 ж. ж. )

Slide 6

1942 жылдың тамызында әскерге алынды.

1943 жылы сәуір айында әдейі әскери дайындықтан өткен Ғизат Әліпов алғаш рет соғыс алаңына Курск түбінде ІІ Украйна майданы құрамындағы 13 - ші гвардия дивизиясының атқыштар бөлімшесін басқарып, шабуылға шыққан неміс танкісіне тойтарыс берді.

1943 жылы қыркүйек айында Кременчук қаласына азат етуге қатысты. 1943 жылы қазан айында Днепрден өтіп, Украинаны азат етті. Осы екі ұрыста екі рет жеңіл жараланған.

Slide 7

1944 жыл сәуір айы. І Беларусь майданы 69 - шы армия 312 - ші атқыштар дивизиясы 599 - шы арнайы саперлер батальонының бөлімше командирі болған.

18 шілде 1944 жылы Буг өзенінен өту кезінде ерлік көрсеткен.

21 - шілде 1944 жыл. Буг өзенінен өтер кездегі көрсеткен жанқиярлық ерлігі үшін сержант Әліпов Ғизат 3 - ші дәрежелі “Даңқ” (№ 90095) орденімен марапатталды.

Slide 8

Кривой Рок қаласын азат етуде ауыр жараланып Тбилиси қаласындағы әскери госпитальде 1944 жылдың сәуір айына дейін емделген. Осы қаланы азат етуде көрсеткен ерлігі үшін алғашқы жауынгерлік “Ерлігі үшін” медалімен марапатталды.

Өтепберген Әлімгереевтің “Өтті ғой соғыс” кітабынан:

«Жаралы бопсың, жаның да күйзеліп жүрген шығар. Өмір дейтін сол. Әркез асығың алшысынан түсе бермейді. Бірде асау арманның арқасынан аунап түссең, келесіде керімсал көктемнің самалы алдыңнан соғады. Абырой болғанда тірі қалыпсың. Бірақ есіңде болсын, сен қансырап орта жолда, керек десең туған түтініңнен аулақта қалу үшін емес, жауды өз ұясында жеңіп, жеңіс туын желбіретіп қайтуға кеткенсің. Ендеше тез арада қайтадан қолыңа қару ал, жеңіс таңын жақындат.

Қашан да саған деген үлкен жүрекпен өзіңе үміттене қараушы асыл әкең - Әліп. »

Slide 9

14 қаңтар 1945 жыл. Польшаның Познан қаласын азат етуде Висла өзенінен өтіп плацдарм дайындауда орасан зор ерлік көрсеткен.

21 ақпан 1945 жыл. Польшаны азат етуде көрсеткен ерлігі үшін аға сержант Ғизат Әліпов 2 - ші дәрежелі «Даңқ» (№ 11195) орденімен марапатталды.

Slide 10

17 сәуір 1945 жыл. Одер өзенінен өтерде және 23 сәуір 1945 жылы Шпрее өзенінен өтіп, Берлинді аларда ерлік көрсетті.

15 мамыр 1946 жыл. ССРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен старишна Ғизат Әліпов 1 - ші дәрежелі “Даңқ” (№ 2663) орденімен марапатталды. Бірақ бұл орден иесін 22 жыл өткенде 1967 жылы наурыз айында тапқан еді.

Талай бел, талай елден өтіп,

Жеттік біз Берлингеде дүбірлетіп.

Суына Шпренің түсті сонда

Автомат көлеңкесі көлбең етіп.

Slide 11

1947 жылы Кеңес Армиясы қатарынан босатылып, елге келіп, еңбек майданына араласады. Ворошилов, Панфилов атындағы колхоздарда басқарма, партия комитетінің хатшысы лауазымдарын атқара жүріп 1958 жылы Орал қаласындағы ауылшаруашылық мамандарын даярлайтын мектепті агроном мамандығы бойынша бітіріп шығып, ұзақ жылдар Құрманғазы атындағы кеңшарда зоотехник, ферма басқарушысы жұмыстарын жасайды.

1974 жыл желтоқсан айы. Қарт Каспийдің буырқанған асау толқындарымен алыса жүріп, қарауындағы ферма малы мен адамдарын табиғат апатынан аман алып қалады. Осы және ауылшаруашылығына сіңірген зор еңбегі үшін 1975 жылы ҚССР Жоғарғы Советінің грамотасымен және “Республикаға еңбегі сіңген ауылшаруашылығы қызметкері” белгісімен марапатталды.

Бейбіт өмір кезеңдері

Slide 12

Ниетбай ауылында Ғизат Әліпов атындағы мектеп ашылды. 1992 жыл

Slide 13

2010 жыл 5 - мамыр

Ғизат Әліпов ауылының ашылу салтанаты

Slide 14

2011 жыл

Облыстың құрметті азаматы.

Slide 15

Ардагермен кездесу, тарихқа үңілу

Жасқайрат 8 жылдық мектебі

Slide 16

Ерліктің баспасөз беттерінде жариялануы.

Slide 17 Slide 18

Әке рухына тағызым

Атырау 2008 ж. Жеңіс бағы

Slide 19

Ғизатов Арсен Рахметұлы

7 сынып оқушысы

Slide 20

Ғизат Әліповтің

тұнғыш немересі және оның отбасы

Slide 21

Бұл жеңіссіз бүгінде Тәуелсіз Қазақстан

болмас еді

Нұрсұлтан Назарбаев


Ұқсас жұмыстар
Өзен алаптары
Польша
Кескін картаға Еуразия өзендерінің алаптарын түсір
Францияның оңтүстігінде орналасқан тау
Взвод командирі
Көмек сұрақтар
Отын өнеркәсібі
Әлемді география арқылы таны
Өзендердің ластану ерекшеліктері
Арыс өзенінің физико - географиялық орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz