Оқушыларды ерлікке, батырлыққа баулу



Батыр баба - Махамбет
“Шайқалтқан ханның ордасын,
Ақынның сөзі - қорғасын”
И. Кенжалиев
Қарашаның отызыншы жұлдызы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ерлікке, батырлыққа баулу. Туған елін, жерін, халқын сүюге тәрбиелеу
Білімдік міндеті: Елім деп еңіреп өкен ақын, тәуелсіздік жолындағы күрескер М. Өтемісұлының өлеңдерін және оның мәні туралы білімдерін, көзқарастарын бір жүйеге келтіру.
Тәрбиелік міндеті: а) “Қара қазан, сары бала қамы үшін” еруіл атқа ер салған батыр, дауылпаз ақынның ерлік, өрлік қасиеттерін үлгі ету. ә) Оқушылар бойында батыр бабаға деген құрмет сезімін ояту, құдіретті өнер жолына - сөз өнеріне баулу. б) Ұлттық сана, ұлттық намысты қалыптастыру, өз халқының патриоты болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық міндеті: Оқушылардың шығармашылық жұмысын, мәнерлеп оқуын дамыту. Махамбет өлеңдерін талдау үлгісін дамыту.


Мен, мен едім, мен едім
Деп өткен жырдың семсері
Махамбетке жүректен
Жыр төгілтсем деп едім
Ат үстінде күн көріп
Еліңе қорған боп едің.
Атой сап жауға тигенде
Дұшпанға ажал боп едің.
Қара қазан, сары бала
Бағына туған ер едің
Орындалып арманың
Тәуелсіздік алганым
Ұрпағыңа бәрі айқын
Азат күннің жаршысы
Ер Махамбет, сен едің!
Әнес Сарай

Жанры, өлең құрылысы
Еркін жыр үлгісі (7-8, 11-12 буын)
Шұбыртпалы, кезекті, егіз ұйқас
Махамбет лирик ақын
Ішкі ұйқастар
Шешендік толғау
Философиялық лирика
Пейзаждық лирика
Элегиялық лирика
Жаңашыл поэзия
Романтизм
Реализм
Сатира
Метафора
Эпитет
Теңеу
Әсірелеу
Литота
Аллитерация
Шеңдестіру
Эпифора
Арнау (карата, сұрау)
Махамбет поэзиясы
Поэтикасы

МАХАМБЕТ
Туған жерін қызғыштай қорғаған ақын
Туған жер үшін халқын найзалы күресске шақырған өршіл романтик ақын
Ерлік философиясын поэзияда жасаған ақын
Ерлік поэзиясын жасаған ақын
Махамбет элегиясы - халық элегиясы
Алдағы жеңістен күдер үзбеген, жас ұрпаққа сенім артқан оптимист ақын
Туған жерге табынған ұлы лирик
Жырау, күйші

Махамбет өлеңдеріндегі афоризмдер:
Аз сөйлер де, көп тыңдар
Қас асылдың баласы.
Арғымақ, сені сақтадым,
Құлағың сенің серек деп.
Азамат, сені сақтадым,
Бір күніме керек деп.
Бір сынаған жаманды
Екіншілей сынама.
Үйде жатқан жігітке
Төбеден тегін атақ бола ма?
Арғымақтың баласы
Арығанын білдірмес.
Азамат ердің баласы
Аз ұйықтар да, көп жортар
Жаманды байқап қарасаң,
Өз басына өзі жау
Біткен істің міні жоқ,
Бітірген ердің кемі жоқ.
Ежелгі дұшпан ел болмас,
Етектен кесіп жең болмас.
Жақсыменен дос болсаң,
Басына қиын іс түссе,
Алдыңнан шығар өбектеп,
Жаныңа не керек деп.
Жаманменен дос болсаң,
Басыңа қиын іс түссе,
Басқа кетер бөлектеп,
Сыртыңнан жүрер өсектеп.

. . . Аруақтарын шақырып,
Арыстандай атылып,
Жауларын қуған ақырып,
Өмірі өшкен желдің өтінде
Исатай мен Махамбеттен
Қалды ма белгі жердің бетінде?
Фариза Оңғарсынова

М. Шаханов
“Нарынқұм зауалы”
Әке үкімі

Еліңнің Төле бидей ағасы бол,
Халқыңның Қазыбектей данасы бол.
Жер-суды жау қалмақтан қорғап қалған
Жұртыңның Бөгенбайдай панасы бол.
Халқыңның Ер Сырымдай көсемі бол,
Үш жүздің Әйтекедей шешені бол.
Исатайдай жүректі, ақылды бол,
Еліңнің Махамбеттей ақыны бол.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz