МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ КЕЗЕҢДЕРІ



№254 негізі мектеп Мамандық таңдау - ең маңызды мәселе
(8-9 сынып оқушыларымен жүргізілетін педконсилиум)
Өтілетін уақытысы: 8. ХІ. 2011жыл
Мектеп директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары: Пірімқұлова Гүлзат
2011-2012 оқу жылы

Мақсаты:
Оқушының өзі таңдайтын мамандық туралы ойын бір жүйеге келтіріп, дұрыс таңдау жасауына көмектесу, өз бетінше шешім қабылдап, өзіндік мақсатын айқындай білу қабілеттілігін арттыру, жауапкершілік, міндеттілік, зерттеушілік әрекетін іске асыру мүмкіндіктерін кеңейту, оқушының тұлғалық және өмірлік өзін-өзі тануын қамтамасыз ететін болашақ кәсіби бағдарына сәйкес дербес дамуына жағдай жасау.

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда, Үлкен бақыт табу үшін ғаламда, Үлкен болып қалу үшін ғаламда. Үлкен арман керек екен адамға. Мұхтар Шаханов

Жұмыс мақсаты: оқушыларға өзінің қабілетін, белгілі бір кәсіби салаға бейімділігін анықтауына, соның негізінде жоғары буында оқу бағдарын дұрыс таңдауына көмек беру;

Мектеп бітірушілердің алдында тұрған басты мақсат - болашақ мамандығын таңдау.

Мамандық таңдау - адам өміріндегі ең негізгі мәселе болып табылады. Себебі, қоғамға кемел де терең біліммен қаруланып ғылым мен техниканың сан қырлы тетігін меңгерген, бүкіл әлемдік құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ қажет.

Кім болам?

Бүгінгі білімді жас егемен елдің ертеңі болу үшін мамандықты дұрыс таңдағаны жөн. Өйткені, ХХІ ғасырда жұмыс істейтін мамандар Отанның мақсат-мүддесін алдыңғы орынға қоятын мемлекеттік басқару мен өз саласын жетік меңгерген маман болуы қажет.

Негізгі білім беру
Мектепалды даярлық сыныбы
Бастауыш білім беру
КТМ
Жалпы орта білім беру мектебі
Арнаулы орта оқу орны (колледждер)

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы бағдарлы оқыту
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарлы оқыту
Жалпы орта білім беру мектебі

№254 негізгі мектеп

Бейіналды даярлық жұмыстары
5-7 сынып

Бейіналды даярлықты екі кезеңде жүргіземін
1-кезең: ақпараттандыру, яғни жасөспірімдерді мамандықтар әлемімен таныстыру, жай ғана үстірт емес, әр мамандықтың адамға қоятын нақты талаптарымен тереңдей таныстыру
2-кезең: бейіндік бағдарды анықтау, мұндағы басты мақсат - түрлі қызмет саласындағы тұлғаның қызығушылығы мен қажеттілігін, бейімін анықтау

Ол үшін ең алдымен, тұлғаның өз мүмкіндіктерін тануына бағыт-бағдар беремін
оқушының қабілеті мен қызығушылығын,
қажеттілігі мен мүмкіндігін ескере отырып, бейінін анықтауына
Адамның өзін-өзі тануы үшін өзіне және айналасындағыларға мәлім және беймәлім қырлары мен қасиеттерін білуіне

Өз болашағыңды анықтауда мынадай ережелерді ұстан:
Алдағы өмірлік жоспарың қандай болмасын, шетел тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игергенің аса пайдалы. Бұлардың кез-келгені мамандыққа қажет болары сөзсіз!
Мектептегі оқу пәндері - нақты мамандық емес екендігін есіңе сақта. Пәнге деген қызығушылық оған байланысты жұмыстың саған сөзсіз ұнайтынын білдіре бермейді.
Мүмкіндігінше өзің таңдаған мамандықтың өзіңнің денсаулық жағдайыңа тура келетін-келмейтіндігі жөнінде дәрігерден кеңес алғаның жөн.

Мамандық таңдауға байланысты сені, сенің қалаған мамандығыңды толық білмейтін адамдардың ақыл-кеңесіне құлақ салудың қажеті шамалы.
Мамандық таңдауда оның сырт келбетіне, көңілге қонымды жақтарына ғана назар аударудың қажеті жоқ, мүмкіндігінше қалаған мамандығыңның жұмыс мазмұны жөнінде көбірек білуге тырыс.
Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды деген қорытынды жасауға болмайды.

Саған қолыңнан келетін істі мамандық етіп таңдаған пайдалырақ болмақ. Әйтсе де, бұл сөз қарапайым естілгенмен, көбіне назардан тыс қалып жатады.
Сән қуып, мамандық таңдаудың қажеті жоқ. Сен оқуыңды тамамдап, жұмыс істегенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы мүмкін.
Заманауи ағымға қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандығың болуы қажет.

“Жақсы адам” - бұл мамандық емес. Егер саған адам ұнаса, оның меңгерген мамандығын мен де таңдауым керек деп жаңсақ қорытынды жасауға болмайды.
Өзің таңдаған мамандығыңның мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы, кәсіби өсу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере алғанда ғана сенің мамандық таңдаудағы ой-ниетің салмақтана түспек.
Өзіңмен алдын ала психологиялық жұмыс жүргізбей-ақ, нық қадам жасай беруге болатын бірде-бір мамандықтың жоқ екендігін есіңе сақта!

Мамандық түрлерінің қазақша баламасы


Оқушыға мамандық таңдауда әсер ететін ең маңызды дәлелдер
Мамандық таңдау
Ата-ананың, отбасының көзқарасы
Мұғалімдердің көзқарасы
Оқушының өз қызығушылығы мен бейімділігі
Сыртқы бейнесінің сырттай ұнауы
Құрбы-достарының көзқарасы
Тәжірибенің болуы
Жұмыстың жақын орналасуы
Оқиғаның әсері




Мамандыққа дұрыс таңдау жасау үшін өзің, өзіңнің қабілеттерің, қызығушылықтарың мен бейімің, мінезің мен темпераментің туралы нақты не білуің керек?
Ол үшін сауалнама мен тестілерде берілген сұрақтарға нақты жауап беруің керек.

Әдістеме түрлері
(8-9 сынып оқушыларынан алынатын сауалнама, тест жұмыстары)

Мамандық таңдау кезеңдері
Болашақ жұмыстың деңгейі қандай ?
Нақты мамандықты таңдау

Ертеңгі елдің иесі - бүгінгі ұрпақ!

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz