2-сынып математика сабағы: Уақыт және оны өлшеу (сағат пен минут)

Пән: Математика . Сыныбы: 2 «Ә».
Сабақтың тақырыбы: Уақыт және оны өлшеу. Сағат, минут.
Сабақтың мақсаты: 1. «Уақыт» түсінігін қалыптастыру;
Уақыттың өлшем бірліктері -сағат және минутпен, олардың арақатына-
сымен, құрылысымен таныстыру. Сағаттың шығу тарихынан ақпарат беру.
2. Есте сақтау, ауызша, жазбаша есептеу қабылеттерін дамыту.
3. Оқушыларды шапшаңдыққа, уақытты үнемдей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық.
Біз уақытпен тұрамыз
Біз уақытпен оқимыз.
Бар есеппен мысалды
Тез арада шешеміз.
Математикалық диктанттың жауабын жазу:
1. Самат дәптерге 20 теңге төледі. Саматтың 50 теңгесі және10 теңгесі қалды . Бастапқыда Саматтың қанша ақшасы болып еді?
2. Ұзындығы 10метр жіптің әр бөлігі 2 м. болу үшін, неше рет қию керек?
3. Азайғыш: 7 ондық. 5 бірлік, азайтқыш: 4 ондық. 2 бірлік, айырманың
мәнін тап.
4. 65-ті, 5-ке кеміт. 5. 6дм 8см-неше см?
Жауабы: бір-бірін тексеру.
Есептер
Жаңа сабаққа дайындық.
Жұмбақ шешу:
Өмірді өлшейді,
Ешкімнен сұрамай.
Тіліңді алмайды
Тетігін бұрамай.
Дұрыс жауап!!!
Бұл сағат
-Уақытты бұрынғы кезде қалай білген?
-Сағаттың шығу тарихы туралы ақпарат дайындап келдіңдер ме?
Сұрақ жауап
Уақыт
өлшемдері
Сағаттың құрылысымен танысу: сағаттың қысқа тілі- сағаттық тіл деп аталады. Ал, үлкен тілі-ұзын тілі, минуттық тіл деп аталады. Ол-үлкен екі сызықшаның аралығын 1 сағатта жылжып өтеді. Бір(1) сағатта неше минут барын анықтаймыз. 1сағ= 60мин.
1-оқушы: Уақыт кетті жүгіріп,
Бізде кеттік ілесіп.
Бос жібермей әр минутты,
Шығарамыз есепті.
Сағаттардағы рим цифрын салыстыру.
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
XI
XII
11
12
3-оқушы: Уақыт бізді күтпейді.
2-оқушы: Санасамыз уақытпен.
11. 10; 13. 30; 18. 05; 20. 55;
10. 00-10. 45; 9. 00-9. 50; 9. 50-10. 30;
Сергіту сәті.
Таңертең тұрамын, Уақытпенен жүремін,
Бетімді жуамын. Күн тәртібін бұзбаймын.
Шашымды тараймын, Үлкендерді сыйлаймын,
Жаттығуды жасаймын. Мен әдепті баламын.
4-оқушы: Тез есептеуге өзімді,
Шапшаңдатам ойымды.
1сағ 20мин= мин 1 сағ 40мин = мин
90мин= сағ мин 1 сағ 30мин= мин
1сағ10мин= мин 70 мин= сағ мин
«Кім зерек?» ойыны
5-оқушы: Есепке зерек болсаң,
Тапқырлы болғаның.
«Кім тапқыр?» ойыны.
Егер асхана мәзірінде бірінші тамақтың 3 түрі, екінші тамақтың 5 түрі бар болса, түскі асты таңдаудың неше нұсқасы болуы мүмкін?
1-тамақ. т
2-тамақ. т
Түскі ас- ?
нұсқа
«Ойлан-тап» ойыны:
-Мына сағаттар қай уақытты көрсетіп тұр?
-Сағат және минут тілі қандай бұрышты құрағанын айтып тұр?
12
2
12 1
12
4
6- Оқушы: Күн тәртібін сақтасаң,
Ұқыпты бала болғаның.
-Күн тәртібі дегеніміз не?
-Оның қандай пайдасы бар?
-Сағаттың неше тілі бар?
-1 сағатта неше минут бар?