Қадыр Мырза Әлі (1935-2011): өмірбаяны, шығармашылығы және марапаттары


Slide 1

Қадыр Мырза Әлі

Slide 2

Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев, Қадыр Мырза Әлі (5 қаңтар 1935 жыл, Жымпиты, Орал облысы - 24 қаңтар 2011 жыл, Алматы) - ақын, Қазақстанның халық жазушысы (1995), ҚР Әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі.

Өмірбаяны

Slide 3

1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған.

«Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары

1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі

«Балауса» баспасының редакторы

Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне екі рет депутат болып сайланды, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды.

Slide 4

Шығармашылық жолы

Оның тұңғыш туындысы 1954 жылы республикалық «Пионер» балалар журналында жарияланды. Содан бергі уақыт ішінде оның жетпістен астам поэзиялық, прозалық, сондай-ақ әдеби-сын кітаптары жарық көрді, өлеңдері мектеп оқулықтарына енді.

Ал әнге арнап жазылған өлеңдерінің саны екі жүзден асты. Олардың көбі халыққа кең тарады, «Күндер-ай» атты жеке кітап болып басылып шықты.

Slide 5

Талантты ақын қаламынан халық фольклорының атақты күлдіргі кейіпкері Алдар көсе жайлы «Сақал саудасы», «Қасқыр қақпан» атты өткір сатиралы комедия мен Махамбеттің ең соңғы азапты күндеріне арналған «Жаралы жолбарыс» атты және «Әмір Темір» кесек драмалық шығармалары да жарық көрді. Тұңғыш жинағы «Көктем» 1959 жылы жарық көрді.

Slide 6

Қадыр Мырза Әлі көркем аударма саласында да жемісті еңбектері көп. Әлемдік әдебиет ғүламаларының талайының шығармаларын ол қазақ тіліне аударады. Ал өзінің біраз топтамалары мен таңдаулы өлеңдері ағылшын, француз, неміс, поляк, болгар, венгер, фин тілдеріне аударылды.

Орыс тілінде «Бессонница» (1967), «Белая юрта» (1968), «Соловьиный сад» (1971), «Степные пути» (1975), «Твой дом» (1976), «Верхная струна домбры» (1976), «Ладони» (1984), «Нижная струна домбры» (1985), тағы басқа кітаптары жарық көрсе, өзбек тілінде «Күміс қоңырау» (1975), қырғыз тілінде «Алақан» (1979), Әзірбайжан тілінде «Бұлбұл бағы» (1980), моңғол тілінде «Шымыр жаңғақ» секілді еңбектері басылды. Сондай-ақ дарынды ақынның оннан аса кітабы бұрынғы КСРО халықтарының көптеген тілдеріне аударылып, Ташкент, Баку, Бішкек, Алматы, Мәскеу қалаларында басылып шықты.

Slide 7

Кітаптары

«Жаңғалақтар» (1960) ;

«Кішкене қожанасырлар» (1961) ;

«Данышпан» (1961) ;

«Ноян-қоян» (1962) ;

«Алуан палуан» (1963) ;

«Сабақ» (1964) .

Slide 8

Марапаттары

«Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы (1966) .

«Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы (1980) .

Әлемдік поэзияға қосқан аса зор еңбегі үшін Моңғолияның халықаралық «АВЬЯС» сыйлығы (1993)

Қазақстанның халық жазушысы (1995) .

Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығы (2001) .

Достық ордені

Парасат ордені

Slide 9 Slide 10

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Қадыр Мырза Әлі: өмірі, шығармашылығы, аудармашылық қызметі және марапаттары
Қадыр Мырза Әлі: балалар поэзиясы мен аудармашылық мұрасы
8-сынып қазақ тілі: Қадыр Мырза Әли өмірі мен шығармашылығы; болымды және болымсыз етістіктер
Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев: өмірбаяны мен шығармашылығы
Ө.Тұрманжанов, М. Әлімбаев, Қадыр Мырза Әли, Қ. Баянбаев, М. Жаманбалинов және Ж. Смақовтың балалар әдебиетіндегі шығармашылығы мен тәрбиелік әсері
Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен шығармашылығына арналған сабақтық-әдістемелік материал
Қадыр Мырза Әлідің Қазақтарды шетелдіктерге таныстыру өлеңіндегі қазақ бейнесі: теориялық және практикалық зерттеу
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өмірбаяны, саяси қызметі және марапаттары
Қабдеш Жұмаділов: өмірбаяны мен шығармашылығы
Акио Морита: өмірбаяны, Sony корпорациясының тарихы, өнімдері мен марапаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz