Ақтау қаласы
Презентация қосу
Ақтау қаласы
Ақтау — Қазақстанның оңтүстік-
батысындағы қала, Маңғыстау
облысының орталығы. Қала теңіз
және әуе порты болып табылады.
1964 жылдан 1991 жылға дейін
украин ақыны Тарас
Шевченконың құрметіне
Шевченко аталған болатын.
Географиясы
• Қала Каспий теңізінің шығыс жағасында орналасқан. Қаланың оңтүстік
шығысында 40 шақырым жерде әйгілі Қарақия ойысы жатыр. Жер
бедері тегіс, ол негізінен коррозиялық және дефляциялық
әрекеттерден түзелген.
• Кеңестік ғылымға сәйкес Еуропа мен Азияның шекарасы Мұғалжардан
басталып, Ембі өзенінің бастауына дейін, одан Ембі бойымен Каспий
теңізіне дейін жүргізілетін. 1950 жылдарға дейін Қазақстан
аймағындағы Еуропаның шекарасы Жайық өзенінің бойымен өтетін.
• 2010 жылдың сәуір-мамыр айларында Орыс географиялық қоғамының
экспедициясы Еуропа шекарасын Мұғалжар арқылы, одан Каспий
маңы ойпаты (Шығыс Еуропалық жазығы бітіп, Үстірт үстіртінің батыс
бөлігі өтетін жер) арқылы өту керек деген қорытындыға келді. Мұндай
жағдайда Еуропа шекарасы қазіргіден әлдеқайда оңтүстікке қарай
ығысады. Қазіргі кезде Орыс географиялық қоғамының ғалымдар
тобының пікірі Халықаралық географиялық одақтың қолдауына ие
болмады. Демек, егер Халықаралық географиялық одақ Орыс
географиялық қоғамының қорытындысын қолдаса, Маңғыстау
облысының бір бөлігі Еуропада орналасқан болып шығады.
Әкімшілік құрылымы
• Ақтау қаласы Ленинград қаласының үлгісі
бойынша қалана бастады. Ақтау қаласының
әкімшілік құрамына Өмірзақ кенті кіреді. Қалада
екі көшенің атауы бар. Бірі Бірінші Президент
көшесі, екіншісі Тәуелсіздік даңғылы. Қала
ықшамаудандарға бөлінеді. Қала шағынаудандарға
бөлінгендіктен керекті жерді табу оңай. Мекен-
жайды атағанда аудан үй пәтер ретімен айтады.
Мысалы 13-6-72. Қазіргі уақытта 31 ықшамаудан
бар. Әрбір шағынауданда шамамен 50-70-дей үй
бар, әр үйде орташа есеппен алғанда 60 пәтер бар.
Қазіргі уақытта Ақтау қаласының солтүстігінен
Ақтау-Сити қаласының құрылысы жүріп жатыр.
Бұл жоба Біріккен Араб Әмірліктерінің қолдауының
арқасында 2007 жылы іске асырыла бастады.
Түнгі Ақтау
Экономикасы
• Өндірістік қала, мұнай және газ өндіріледі.
• Қалада теміржол вокзалы жоқ. Поездар
Маңғышылақ станциясына келіп тоқтайды. Қала
мен станция арасында №105 автобусы мен
таксилер қатынайды, автобустардың бағасы 35
теңге, таксилердің бағасы шамамен 200теңге
ара қашықтығы – 20 км.
• Ақтау порты Каспий теңізінің шығыс
жағалауында орналасқан. Ақтау түрлі
халықаралық құрғақ жүктерді, мұнай шикізатын
және мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған
Қазақстандағы жалғыз порт болып табылады.
Ақтау
Тарихы
• Ақтаа́ у — Қазақстанның оңтүстік-батысында орналасқан қала,
Маңғыстау облысының (ескі аты Маңғышылақ облысы) орталығы.
1961-1964 ж.ж. аралығында Ақтау поселкесі, Ақтау қаласы деп
аталды. XIX ғасырдың ортасында Қазақстанға жер аударылған
украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне 1964-1991 жылдары
Шевченко қаласы деп аталды. Өнеркәсіптік қала болып
табылады. Оның пайда болуына Кеңес Одағы басшылығының
жиырмасыншы ғасырдағы орта машинажасау министрлігі
қатысуымен және сол кездегі министр Славский Е.П.
басқаруымен елдің ядролық қалқанын жасау туралы шешімі әсер
етті. Нәтижесінде уран кенін өндіру, оны өңдеу және байыту
сияқты амалдарды орындай алатын ерекше кешен құрылды.
• Кешендегі кәсіпорындар желісі химиялық реагент өндіріп (азот-
тук және күкірт қышқылы зауыты), жылу және электр
энергиясымен, сумен (ТЭЦ, БН-350) қамтамасыз етті. Су тапшы
жағдайда тіршілік етуге қажетті инфрақұрылым пайда болып,
адамдардың қалада өмір сүруге жағдай жасалды.
Тарихы
• Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Ақтау XX ғасырда ашылған
және жаңадан барланған Жетібай, Қаламқас, Қаражанбас,
Атамбай-Сарытөбе, Оймаша, Комсомол, Солтүстік Бозашы,
Қарақұдық, Толқын, Арман және Дұңған сияқты мұнай-газ
кен орындарының өңдейтін орталыққа айналды.
• Қаланың бас жоспары 1968 жылы бекітілді. Жобалау және
құрылыс істерінің архитекторы А.В. Коротковтың
басшылығымен жүргізілді. Теңіз жағасы халықтың
демалуына және су портын дамытуға қолайлы Ақтау
қаласының архитектуралық ансамбілін жасаушы сәулетшілер
конструкторлар мен құрылысшылар тобына Лениндік (1966)
КСРО Мемлекеттік (1977) сыйлықтары, қатал табиғат
жағдайында адамдар тұрағын әсем көгалдандырғаны үшін
сумен қамтамасыз еткені үшін халықаралық архитекторлар
одағының алтын медалі мен Патрик Акберкомби атындағы
сыйлық (1975) берілді.
Қос мұнаралы орталық мешіт
Мәдениеті
Ақтауда Абай атындағы мәдениет сарайы, Н.Жантөрин
атындағы драма театры, көптеген кинотеатрлар (Ардагер,
Астана, Юность т.т.), түнгі клубтар бар (Лагуна, Дискай,
Элико және т.б.). Теңіз жағасында ойын-сауық орталықтары,
спорт және мәдени кешендері, демалыс орындары жетерлік.
Жастар мен отбасыларға немесе немерекелік және
банкеттік кездесулерді ұйымдастырарлық көңіл көтеру және
ойын-сауық кешендеріне мысалыға "Ақтау", "Ардагер",
"Бәйтерек" және табы басқа шағын кешендерді келтіруге
болады. Жаз мезгілінде елді мекен тұрғындарына және
қонақтарға арнайы жекешелендірілген жағажайлар бар:
"Достар", "Nur Plaza", "Манила". Осыған қоса жеке меншік
ретінде саналатын қала сыртында демалыс лагерьлері мен
орындары халықтың демалысы мен уақытының жақсы өтуіне
өзіндік әсерін етуде.
Ақтаудың ымырты
Табиғаты
Климаты – шұғыл континенттік, жазы ыстық, шөлді,
орташа температурасы: қаңтарда −4 °C (минус 15
градус температура мен күшті жел кезінде
мектептегі сабақтар тоқтатылатын), шілдеде +30 °C.
Жазда ауа температурасы +45 °C (түнде плюс 38)
дейін жетеді. Жердің беті күн түскен кезде +70°
дейін қызады. Қала Каспий теңізінің жағасында
орналасқан. Сумен қамтамасыз ету үшін МАЭК су
тұщыландыратын станция жұмыс істейді. Онда теңіз
суының өндірістік дистилляты мен «Құйлыс» көзінен
келетін қатты минералданған жерасты суы
дайындалып, араластырылады. Қала маңында табиғи
ауыз су көзі жоқ.
Халқы
• Қазақтардан басқа көптеген этнос
өкілдері де тұрады. Ұлттық құрамы —
қазақтар, орыстар, украиндар.
Ақтаудың фаунасы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz