Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі




Презентация қосу
Әйтеке би
1644 -1700


Әйтеке Байбекұлы(1644 -1700 жж.) —
қазақ халқының бірлігін нығайтуға
үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі,
мемлекет қайраткері.Әлім
тайпасының төртқара
руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас
кеңесшісі Ораз қажының бесінші
ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз,
қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк
жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші
үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші
жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім
хан
тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс
батырдың жақын туысы. Әйтеке бес
жасында молдадан оқып сауатын

ашқан.
Балалық шағы
Шешендік қасиетінің ашылуына әкесі
мен Қосуақ бидің ықпалдары тиеді. Жеті
жасынан бастап Әйтеке Жалаңтөс батыр мен
атасы Ақша ханның тәрбиесінде болады. Ол
алғаш Ұлықбек медресесінде, кейін Жалаңтөс
салдырған әйгілі "Тіллә-кари"(Алтынмен
апталған), "Шердор" (Арыстанды)
медресесінде білім алады. Нәтитжесінде дін,
құқық, аспан әлемі, тарих, математика
пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тілдері
н меңгеріп шыққан.Әйтеке бидің шын есімі
Айтық.

Қазақ билері

Ел басқарушы би
Ақша бабасынан елшілік, ел басқару жолдарын үйренеді. Ал Жалаңтөс әскери
қолбасшылық дағдыларына үйреткен.
Медресені тамамдаған Әйтеке туған ауылына оралып, әкесімен ел басқару
істеріне араласа бастайды. 21 жасында Бұқара мен Самарқан төңірегіндегі
қазақ, өзбек, қарақалпақтардың бас биі болады. Ал жиырма бес жасында Кіші
жүз халқы оны бас би етіп сайлайды. 1680 жылы Салқам Жәңгірдің ұлы
Тәукені хан етіп сайлауға айрықша ат салысады. Кейін Тәуке хан құқықты
"Хан кеңесін" сайлап, Әйтеке Кіші жүз атынан осы кеңестің мүшесі болып
сайланған. Осы тұста елге жаңа заң үлгілерін жасау керек болды. Тәуке
хан, Әнет баба, Соқыр Абыз, Майлы, Төле, Қазыбек т.б. билердің қатысуымен
1684 жылы "Жеті жарғы" қабылданды. Бұл заңдар жинағы қазақ
қоғамындағы феодализмді нығайту бағытында маңызды рөл атқарды.
Әйтеке ресми түрде хан кеңесшісі болды. Ол орталықтандырылған біртұтас
қазақ хандығын құру жолында белсене ат салысты. Төле және Қазыбек
билермен бірге Тәуке ханнан Абылайға дейін қазақ мемлекеттігінің
эстафетасын алып өткен секілді. Қазақ елінің үш жүзінің бірлікте, тату өмір
сүруінің қамын ойлаған қамқоршы болды. Өзін дана, әділ би, аузы дуалы
шешен, ішкі жөне халықаралық күрделі мәселелерді шешуде
төреші, жоңғар басқыншыларына табанды қарсылық көрсетуді ұйымдастыру
жолында үлкен үлес қосқан озық ойлы қайраткер ретінде таныта білді.

Кіші жүз биі
Әйтеке би 25 жасынан бастап Кіші жүздің бас биі
ретінде алғашында Ордабасыда, сонан
кейін Күлтөбе мен Ұлытауда жыл сайын
өткізілетін үш жүздің басшылары мен беделді
адамдары бас қосқан жиындарға тұрақты
қатысып тұрады. Тәуке ханнан бастап дәстүр
тапқан бұл жиындарда ұлт бірлігін нығайту
мәселелері талқыланып, жүздер мен рулардың
арасындағы өзара келіспеушіліктен туындайтын
даулар шешілетін болған. Қызу айтыс-тартыстар
ушығып кетер тұста тоқсан ауыз сөздің тобықтай
түйіні іспетті жұрт тоқтасар бәтуаны Әйтеке би
айтады екен.


Жеті жарғы
"Жеті жарғыда" Әйтеке үсынған баптардың ішінде — "Сүйек құны", "Өнер
құны" белгілі. 1685 жылы Әлі сұлтан мен қарапайым халық арасындағы
үлкен жанжал дауға айналып кете жаздайды. Әлі сұлтанның тентек ұлы
бір кедейдің сұлу, ақын, әнші-домбырашы қызына дегеніме көнбедің деп
өшігіп, бір күні қыз қызыл орамал тартып, үйден ұзай бергенде, бүркітін
шүйітіп, қастандық жасайды. Бүркіт қыздың басын мылжалап өлтіреді.
Ашынған ағайындары төреден құн сұрайды. Әлі сұлтан оларды маңына
жолатпай, барған билерді ит қосып қуып жібереді. Ақыры ел арасы екіге
жарыла бастайды.Ең соңында құн сұраушылар жағы Әйтеке биге келіп
өтініш жасайды. Ол қасына сіргелі батыры Қазыбекұлы
Жабайды, байбақты батыры Шоланды ілестіріп Әлі сүлтанға барады.
Әйтекенің айбарынан ығысатын Әлі сұлтан амалсыз құн төлеуге келіседі.
Әйтеке қыз құнына қосымша оның өнерлі екенін айтып, "өнер құнын"
және қыздың жоқтаушыларын келеке қылып, сүйек сындырғаны үшін
"сүйек құнын" төлеуді талап етеді. Бұл екі құнның әрқайсысы негізгі
құнның жартысына тең екен. Сөйтіп, Әйтекенің қаһарынан қаймыққан Әлі
сұлтан толық екі құн төлеуге мәжбүр болады. Бүл оның ата дәстүр-
салтына жетіктігімен бірге, өнерлі адамға айрықша құрметін көрсетеді.


Ұрпақтары
Ел аузында Әйтеке айтқан билік, шешендік
сөздер, толғаулар, баталар көп сақталған. Биді халық
"айыр тілді Әйтеке" деп атаған. Әйтеке қайтыс болғаннан
кейін Нұрата тауы маңын мекендеген төртқара
ауылдарының көпшілігі Сыр бойына көшіп кеткен. Одан
тараған алтыншы-жетінші ұрпақтары мен
аталастары Қызылорда, Ақтөбе облыстарында,
бірқатарлары Өзбекстандағы Нұрата ауданында
тұрады. Ақтөбе
облысының бұрынғы Қарабұтақ және Комсомол аудандары
біріктіріліп, қазір Әйтеке ауданы аталады. Қазақстанның
ірі қалаларында Әйтеке би аты көшелерге берілген.
Ол Ташкенттен 75 шақырым
жердегі Қауыншы жөне Шыназ ауылдарының маңында
жерленген.


Ел аузынан
Әйтеке би Байбекұлы - Кіші жүзден шыққан қазақтың атақты
шешен биі. Қазақ шежіресінде Жанарыстың бір
аталарынан Алшын одан Әлім, Жеті ру тарайды. Әлімнен
(кейде Қаракесек) Түмен, Шөмекей, Төртқара, одан Ораз,
Оразгелді, Жаншұқыр, Қараш. Ораз (Меккеге үш рет
барып Қажы атанған, Әмір-Темір патшаның бас кеңесшісі
болған баба). Сол Ораздан - Акпан, Тоқпан. Тоқпаннан
Сейітқұл туған. Сейітқұлдан сегіз ұл болған. Соның бірі
кезінде Самарқан шаһарын 40 жылдай билеген
атақғы Жалаңтөс баһадүр еді. Жалаңтөс батыр және оның
ерлігі, ел билеудегі беделі жөнінде жазба деректер аз емес.
Сейіткүл әулиенің енді бір баласы Ақша. Одан - Шан, Байбек,
Қонысбек, Жоламан, Бекбембет, Бөкенші үрпақтары өсіп-
өнген. Байбектен Кешубай, Кашқын, Әйтеке туған. Әйтекеден
Қонысбай, Жалтыр деген екі ұл қалған. Бұлардан тараған
үрпақтар ұзақ жылдар Самарқан, Нұрата тауының төңірегін
мекен еткен.


Ел аузынан
Әйтеке жеті жасынан атасы Ақша ханның тәрбиесінде
болған. Ел басқару ісіне, басқа елдерден келген
қонақтарды қабылдау, халық арасындағы дау-дамай,
келісім, бітім істеріне қатыстырып отырған.
Екінші жағынан ауыл молдаларына оқытқан. Он жасынан
бастап атасы оны Жалантөс батырдың балаларымен бірге
Бұқардағы медресеге оқуға береді. Ол оқуды үздік
тамамдайды. Араб, парсы тілдерін үйреніп шығады.
"Әйтеке жиырма бес жасында Төртқара еліне би болады. Ал
отыз жасында 29 рудай құралған бүкіл Кіші жүздің, яғни,
алты ата Әлімнің 4 ата Кетенің, 12 атасының, 7 ата -
Жетірудың Төбе биі болып сайланады". содан бұл дүниеден
өткенше ел билігімде жүреді.
Ел арасында Әйтекенің ең алғаш рет билік, тапқырлығымен
көзге түсуін жұрт былай аңыздайды:


Әйтеке би жайлы ел аңызы
Әйтеке бидің артында қалған қайсыбір шешендік мұраларды алып қарасақ,
одан ел қамын, өзінің тузған халқының зар-мұңын жеп айтқан ой-пікірін
аңғарамыз. Бұған оның Ормамбет биге айтыпты дейтін мына сөзі дәл ел:
- Бай болсаң, халқына пайдаң тисін; Батыр болып жауға найзаң тимесе,-
Батыр болсаң, жауға найзаң тисін. Елден бөтен үйің күйсін!Бай болып елге
пайдаң тимесе, Әйтеке Байбекұлы бірде Қазыбек биге жолығысады. Сонда
ел билігіне араласып, атағы жайылып қалған Қаз дауысты Қазыбек би:
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің оңы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Көшінің соңы болады,- деген, сен сол үлдың қайсысы боласың? - депті.
Сонда Әйтеке би:

Ораздының көрісі,
Қартайғанда қазына болады.
Араздының көрісі,
Қартайғанда қазымыр болады,- демекші, сіз өзіңіз соның қайсысы боласыз? -
деп, қалжыңдап қарсы сұрақ қойыпты.
Қаз дауысты Қазыбек Әйтекенің батылдығына риза бопты:
- Е, е, бауырым, халқым сөзімді тыңдаса, қазынасы болармын, - дейді.
Әйтеке:
- Мен де халқым құп алса, елімнің оң сөйлер, ұлы болармын, - депті оған.


• Назарларыңызға рахет!!!



Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ШЕШЕНДІК ӨНЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Шешендік сөздердің құндылығы
Қазақтың атақты биі
Бірінші әзіз Төле еді Таудай сөзге тарыдай
Шешендік өнер
Қазақ билері, ақындары және жыраулары
Қазақтың ұлы билері
Қазақ философиясының төл тарихы
ХVІІІ ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстан. Қазақстан және Ресей жаңа заман жағдайында
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі туралы
Пәндер