Сөзден сөз тер


Slide 1

ОЙЫН - ОҚУШЫ БІЛІМІН БЕРІК МЕҢГЕРТУ ҚҰРАЛЫ

Slide 2

Муканова Лязат Маратовна

Бастауыш сынып мұғалімі

Үңгіртас орта мектебі МДШО мемлекеттік мекемесі

Slide 3

Баяндаманың мақсаты:

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ойын арқылы арттыру, білім - білік дағдысын қалыптастыру;

Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілетін, зейінін дамыту.

Оқушыларды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Slide 4

Әр сабақ үрдісінде қандай ойын қолдануға болатынын сабақтың мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек.

Ойындар мынандай бөлімге бөлінеді.

1) Дидактикалық ойындар

2) Қозғалыс ойындары

3) Рөлдік ойындар

4) Грамматикалық ойындар

5) Фонетикалық ойындар

6) Лексикалық ойындар

7) Іскерлік ойындар

8) Интеллектуалдық ойындар

9) Ұлттық ойындар

Slide 5

Ойын-шығармашылық, ойын еңбек.

Мысалы: түстерді қайталау сабағында

«Ойлан тап, қандай түс» ойынын ойнатамын.

Ойынның мақсаты: Түстер туралы ұғымды бекіту.

Керекті құралдар: түрлі-түсті жеміс-жидек, көкөністер суреті.

Slide 6

Ойынның шарты: отырған ойыншыға шиенің суретін көрсетемін-суреттегі заттың аты мен түсін кім айтады? Келесі суреттің түр түсін ажыратуын сұраймын. Міне, осылай түр мен түсті қайталауға болады.

Slide 7

«Кім көп біледі?» ойыны.

1. «Б» дыбыстан басталатын сөзге мысал ойла.

2. Білгіштің хаты.

Біз Білгішбектен хат алдық. Ол өзенге барып балық аулапты. Жинаған балықтарының атында «б» дыбысы бар екен. Ол сендерден көмек сұрайды. Қандай балықтар екенін айтып жіберейік.

Slide 8

камбала

алабұға

табан

бекіре

Slide 9

«Жоғалған әріп» ойыны.

. . . ор,

. . . алық,

. . . ота,

та . . . а,

. . . оран.

Slide 10

«Кім тапқыр?»

Антонимдері бар мақал - мәтелдер жазу. Мысалы:

Ашу- . . . , ақыл- . . .

Slide 11

«ЖАЛҒАСЫН ТАП» ОЙЫНЫ

Оқушылар мақал-мәтелдің жалғасын тауып, түсінгендерін ауызша айтады.

1. Отанды сүю . . .

2. Досы көпті жау алмайды,

. . .

Slide 12

«Сөзден сөз тер»

БАУЫРСАҚ

(Жауабы: Бауыр, бал, су, ара, ар, ауа, қас, бақ ас, қар, сақ, қуыр, рас, сау . . . )

Slide 13

«Адасқан әріптер» ойыны

Айлардың атауын дұрыс жазылуы:

- қаңтар

- ақпан

- наурыз

- мамыр

- маусым

- қыркүйек

- қараша

- қазан

- желтоқсан

- тамыз

- шілде

- сәуір

Slide 14

«Әріптерге байланысты сөз айту» ойыны

Мысалы: Ә

Әке, әпке, әпер.

Slide 15

«Дұрыс және кері оқығанда мағынасы өзгермейтін сөздер».

Аға, ана, апа, ата, іні, қазақ, кезек, ала, аша, ара, қызық, шаш, надан.

Slide 16

«Ұйқасын тап» ойыны.

Бұл ойын арқылы балалардың білсем деген ұғымы артып, белсенділігі танылады.

Өзінше ноян

Қорқақ кім

( Қоян)

Тұмсығымен шымшып,

Құрт тереді

(Шымшық)

Бата алмас тіпті

Үсті тікен

(Кірпі)

Өңеші кең таңдайын

Дәнге тосты

(Комбайн)

Slide 17

Бастауыш сыныпта ана тілі және қазақ тілі пәнін оқытудың түпкі мақсаттарының бірі-халқымыздың әдет-ғұрпын, тарихын, тілін, мәдени мұраларын танып-білуге талаптандыру, оларды құрметтеуге тәрбиелеу. Қазақтың ұлттық ойындары елдің өмірімен тығыз байланысты, өйткені олар шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмыстан туындаған. Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайыс, теңге алу, қыз қуу, аудармақ, жамбы ату, күрес, білектесу, бәйге, жаяу тартыс т. б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға ие. Осындай ойын әлементтерін пайдалана отырып іскерлік, сабақ, дәстүрден тыс сабақ, сайыс сабақ, демонстрациялық сабақтар өткіземін.

Slide 18

1 2 3 4

Қан талапай

Slide 19

1+1=

2+1=

3-2=

2+2=

Slide 20

Халық арасында кең тараған ойынның бірі- «Сақина тастау». «Сақина тастау» ойынын көбінесе, үй тапсырмасын сұрағанда пайдаланамын. Алдымен ойын шартын түсіндіремін, оған азғана енгізулер енгіземін. «Түн» деп бұйрық беру арқылы балаларды «ұйықтатып», сол кезде алақандарының арасына алдын-ала сұрақтар жазылып сақина тәрізді дөңгелектелінген түрлі-түсті қағаз «сақиналарды» салып шығамын. «Күн» дегенде, оқушылар «оянып», мұғалімнің сұрақтарына жауап береді және жауаптар әр түрлі сақиналармен белгіленіп, өздеріне үлестіріледі.

Ақ, қызыл сақиналардың бағасы: 5 (өте жақсы)

Сары, ашық көк ашық жасыл түстерінің бағасы: 4 (жақсы)

Қоңыр, қою, жасыл, қою көк түстерінің бағасы: 3 (нашар)

Қара түстің бағасы: 2 (өте нашар)

Slide 21

Ойынның шартын түсіндіру

Қызға да, ұлға да бірдей тапсырма беріледі.

Аңның атын жаз.

Сөзде неше дауысты дыбыс бар?

Жуан және жіңішке дыбыстардың астын сыз.

Slide 22

Slide 23

Ұтымдылыққа

Шыдамдылыққа

ОЙЫН

Ұтқырлыққа

Талаптылыққа

Тапқырлыққа

Адамгершілікке

Белсенділікке

Шапшандыққа

Slide 24

Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісінде «ойын» түрлерін оның ішінде ұлттық ойындарды пайдалану, біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса,

екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады. Сонымен бірге оқушы ұлттық құндылықтар туралы мағлұмат алып, халықтың өзіндік ерекшелігі мен мәдениетін құрметтеуге талпынады.

Slide 25

Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма деген пікірінен бала өміріне ойынның маңыздылығын көруге болады.

Абай Құнанбайұлы

Slide 26

Назарларыңызға рахмет


Ұқсас жұмыстар
Ақпаратты енгізу құрылғысы
Компьютердің негізгі құрылғыларын ата
Оқшау сөздерді
Оқшау сөздер. 8 сынып
Баланың балаға
ЕТІСТІКТІҢ ШАҚТАРЫ
Тұрақты тіркестің ерекшелігі
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ
Шешендік сөздегі тіл тазалығы мен тіл көрнекілігі
Сөзжасамдық тәсілдер тілдің сөзжасам жүйесінің негізгі заңдылықтарының біріне жататыны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz