Сана: философиялық-психологиялық түсінігі, құрылымы және бұзылуы


Slide 1

Сана

Slide 2

Сана туралы түсінік

Сана - пәлсапалық санат.

Сана түсінігі пәлсапа саласында негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық үдірістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке «өлшем» бірлігінен көрінеді. Шын мәнісінде, сана арқылы қоғамдағы байланысты жеке адам өзінде бекітеді.

Slide 3

Сана - бейнеге сүйене қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі.

Slide 4

Адам санасы, оның қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, «түзу сызықты» болып келмейді. Онда адамнан тыс және оған тәуелді адамның іс-әрекетінінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттармен, табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген. Бұл қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте - анық және жасырын - байланыстар байқалмайтын сана «орталығы». Бұл қабілеттіліктердің құрылуы сананың жетілгендігін, «жауапқа қабілеттілігін» ескертеді. Оның деградацияға ұшырауы сананың құлдырауына әкеледі.

Slide 5

Әртүрлі уақыт кезеңдерінде адам санасы бір нәрсеге шоғырлана бекітілген. Оның белгілі бір затқа қатысты айқындалып көрінуін, «ашылуын», ол өзі анықтайды. Бұл - оның қалыпты жұмыс жағдайы. Сана жеке адамның затқа, формаға және кейінгісі адамның адаммен байланысы ретінде, әрекеттерде оларға тән қатынасты бекітеді. Жеке адамның басқа адамдармен, заттармен қарым-қатынас үдерісіндегі байланысы және оның арғы жағында жасырын жатқан құбылыстары сана арқылы енгізіледі.

Slide 6

Сана қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін, ерекше нысан. Ол адам өмірінің «мүшесі» ретінде қызмет атқарғанымен, бірақ оның өмірі, адам дене мүшесімен ғана шектеліп қалмайды, керісінше одан шығатын күштер оның сыртында, - адамзаттық қарым-қатынастар әлемінде, адамдар әрекеттерінің әдіс-тәсілдерінде, мәдени формалар мен әртүрлі табиғи күштерде көрініс табады.

Slide 7

Сана құрылымы

Сана мидың айналадағы объективтік шындықты бейнелеуінен туады, яғни ми қызметінің жемісі. Адамның психикалық өмірінде кездесетін негізгі психикалық процестерге таным процестері - түйсік, қабылдау, зейін, елес, ес, қиял, ойлау мен сөйлеу: эмоциялық, процестер адамның көңіл-күйлері сезімі; ерік процестері - адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты әрекет жасауы жатады. Осы психикалық процестердің құрылымы деп сана құрылымын айтады.

Slide 8

Сана мен іс-әрекеттің бірлігі

Сана мен іс-әрекеттің бірлігі - сананың генетикалық және функционалдық байланыс бірлігі. Бұл ұстаным ғылыми психологияның философиялық және методологиялық іргетасын қалайды. Психология ғылымының негізгі принциптерінің бірі - сана іс-әрекетті, іс-әрекет саналы болуға тиісті дегенді ұстанады. Санаастылы - психиканың түрлі саналанбайтын жүйелерін (мысалы: санаалды мен санасыздық) немесе олардың жиынтығын білдіретін жинақтаушы ұғым.

Slide 9

Сананың бүлінуі

Сананың бүлінуі - орталық жүйке жүйкесінің зақымдалуынан туындайтын психикалық ауру адамның миы әр түрлі жағдайларға байланысты ауруға шалдығуы мүмкін. Ми зақымдалған кезде оның жоғары жүйке қызметі өзгеріске ұшырайды. Адамның қабылдауы, ойлауы, көздеген әрекегі бұзылады. Балаларда сананың бүлінуі әр түрлі кезеңде орталық жүйке жүйесінің зақымдалуынан болады. Біреуінде зақымдану құрсақта жатқан кезде болса, енді біреуінде туғаннан кейін 3 жасқа дейін болады.

Slide 10

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Сана мен санасыздық: психологиялық түсінігі, құрылымы және бұзылуы
Өзіндік сана: философиялық, нейро-психологиялық және онтогенетикалық аспектілер
Сана, рух және тіл: тарихи-философиялық және психологиялық аспектілер
Сана: философиялық көзқарастар, пайда болуы және құрылымы
Сана мен өзіндік сана: теориялық негіздер және психологиялық даму
Сана мен адам миының функциясы: қалыптасуы, құрылымы және философиялық-танымдық аспектілері
Ұлттық өзіндік сана: философиялық негіздері мен құрамдастары
Сана мен бейсаналық: философиялық тұжырымдар, психоанализ және Қазақстандағы ұлттық өзіндік сана
Тұлғалық ресурстар және ұлттық сана: қалыптасу факторлары мен психологиялық құрылымы
Психика мен сана: теориялық негіздер, санасыз әрекеттер және сананың бұзылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz