Сәтбаев қаласы




Презентация қосу
Сәтбаев қаласы
Қарағанды облысындағы

қала. 1973 жылы құрылған.
Қала аумағы 1,1 мың шаршы
километрге тең. Халық саны
70000 адам. Жезқазған
қаласынан 16 км жерде
орналасқан. Негізгі өндірісі -
мыс.


Тарихы
• Жезқазған кенді аймағын жан-жақты зерттеп оның
қазба байлықтарын игеру жөніндегі игі жұмыстар
қазақтың ұлы ғалымы, академик Қаныш Имантайұлы
Сәтбаевтың есімімен тікелей байланысты.Қаныш
атындағы қала жыл сайын өсіп өркендей
түсуде.Топырағында дананың ізі қалған қалада бұл
күндері Қ.Сәтбаев атындағы көше, мектеп, ғалымның
ескерткіші бой түзесе, ең бастысы қазақтың біртуар
ұлының ізбасарлары жарқын істердің жасампаз
жалғастырушысы бола білуде. Іргетасы 1954 жылы
жұмысшы поселкасы ретінде қаланып, Никольский
аталған бұл мекен 1973 жылы қала мәртебесін алса,
тәуелсіздік тұғырын көтеруге ұмтылған тұрғындардың
өтініш – тілегіне орай 1990 жылдың 13 қыркүйегінде
шаһарға оның негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтің
есімі берілді.


Қаладағы орталықтандырылған
кітапхана
Қала дамуы


• 2000 жылдан бастап «Жасыл қала», «Таза қала», «Таза му», «Дизайн-
2000», «экономиканың нақты секторларын дамыту» сияқты көптеген
бағдарламалардың қабылдануы іске жаңаша серпін берген еді.Сол
жылдың өзінде минералды су және жеміс сусындарын шығаратын
завод, «Серебряная нить» тігін кәсіпорны, «Сарыарқа-нан»,
«Ақбұлақ» акционерлік қоғамдарында сапалы өнім өндіруге
мүмкіндік беретін жабдықтар орнатылды.. Кеншілер алаңы, Комаров
көшелері жаңартылып, асфальт төселген басты көшелер жаңаша
кейіпке енді. Қалада ықшам аудандар кеңесі құрылып, әкімдік негізгі
шаруаларды солар арқылы қолға алады. Осылай жүйелі
жұмыстардың нәтижесінде 2000 жылы Сәтбаев үлгілі қала атанды.
• 2005-2007 жылдарға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы
бойынша 30,8 мың жаңа үй салынып, 350 отбасы жәйлі пәтермен
қамтамасыз етілмек. Қалада кейінгі екі-үш жылдың бедерінде мешіт,
шіркеу, №1 орталық аурухана, тіс емдеу орталығы көптеген сәнді
дүкендер мен мейрамханалар бой көтерді. Сәтбаев қаласындағы
білім ұялары С.Сейфуллин атындағы гимназия мен Абай атындағы
мектеп-лицей республикадағы үздік мектептер қатарынан саналады.
Барлық мектептер компьютер техникалары мен жабдықталған , 27
оқушыға бір компьютерден келеді.


«Балмағанбет Балқыбайұлы» мешіті


Халық саны
Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 70,6 мың адамды
құрады.
Қалалық әкімшілікте 1 кенттік округ, 1 ауылдық елді мекен бар.
2007 жылдың басына қалада тұратын халық санының:
• 58,7%-ы қазақтар,
• 24,3%-ы орыстар,
• 1,7%-ы немістер,
• 2,7%-ы татарлар,
• 6,2%-ы украиндер,
• 0,9%-ы белорустар,
• 5,5%-ы басқа ұлт өкілдері.

2006 жылы халықтың 1000 тұрғынына жалпы коэффициенттер:
• туылу – 18,22
• өлім – 12,04
• табиғи өсім – 6,18
Экономикасы

• 2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны
“Қазақмыс Корпорация” ААҚ-ның жұмыскерлерін есептемегенде 3993 адамды
құрады, орташа атаулы еңбекақы – 32115 теңге.
• 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 1388,1 млн.
теңгені құрады.
Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 3943,8
млн. теңге сомасында игерілді немесе 2005 жылғы көлемінен 106,1%-ын құрады.
Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006
жылы 81,9 млн. теңгені немесе 2005 жылғы көлемнің 109,5%-ын құрады.
2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің
есепке алмағанда) 2225,8 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі
(мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 1262,2 млн. теңге.
• Қалада 2007 жылға 189 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде
4 ірі, 28 орта, 157 шағын субъектілері.
• Негізгі экономикалық бағыт:
тамақ өндірісі.
• Қаланың негізгі кәсіпорындары:
«Вертекс - Инициатив» ЖШС, «Рудсервис К» ЖШС
Өндірілетін өнімнің негізгі түрлері:
• макарон өнімдері;
• нан өнімдері.


Қаныш Сәтпаев ескерткіші
Ауыл шаруашылығы


2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін мал
шаруашылығы өнімі құрады.
2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты бары: 23
шаруа қожалығы, 2,2 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы. Аймақта
ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 25,0 мың гектар ауыл шаруашылық
жерлері пайдаланылады, оның ішінде 0,1мың га - егістік алқаптар.*
2006 жылы астыққа 0,1 мың га ауыл шаруашылық дақылдары егілетін
егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде картоп және көкөніс 0,1 мың га.
2006 жылы
• 1,0 мың тонна картоп,
• 1,0 мың тонна көкөніс дақылдары,
• 0,2 мың тонна ет (тірі салмақта);
• 1,6 мың тонна сүт;
• 257,5 мың дана жұмыртқа өндірілді.
2007 жылғы 1 қаңтарға
• ірі қара мал саны 2,9 мың бас;
• қой мен ешкі - 6,0 мың бас;
• шошқа - 0,4 мың бас;
• жылқы - 0,1 мың бас; ,dd>құс - 4,1 мың бас.
Білім

Қалада 2006/2007 оқу жылы басына
• 15 күндізгі жалпы білім беретін мектеп
жұмыс істейді, онда 12866 оқушы оқиды,
• 2 кәсіби-техникалық оқу орнында 958
оқушы оқиды.

Қалада
• 3 кітапхана,
• 2 клуб типті мекеме жұмыс істейді.


Оқу орны

Ұқсас жұмыстар
Қаныш Сәтбаевтың еңбектері
Шахтер Даңқы монументі 1974 жылы
Қазақстанның ғалымдары
Отырар шаһарында
Әбу Насыр Әл- Фараби туралы
ХИМИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ ИНСТИТУТЫ
ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ
ҒЫлым академиясы
Сан қилы есеп
Қастеев кім
Пәндер