Түркістан қаласы



Түркістан қаласы
www. ZHARAR. com

Түркістан қаласы
Түркістан (қаз. تركستان) - Қазақстандағы қала. Облыс орталығына дейінгі қашықтық: 225 км. Түркістан - V-VІ ғасырларда іргетасы қаланған. Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған.
www. ZHARAR. com

Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. ХІV ғасырда Ақсақ Темір іргетасын қалаған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бар. Бұл қалада Қожа Ахмет Ясауи өзінің уағызшылық қызметін жүргізген. Кесене аумағында Қаз дауысты Қазыбек би, Абылай хан, Есім хан, Хақназар хан, Тәуке хан, Қанжығалы қарт Бөгенбай батыр тағы басқалар жерленген Қаланың іргетасы біздің заманымыздың 1-мыңжылдыктың бас кезінде каланған. Археологтар Түркістан қаласының тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы аймақта тас дәуірі ескерт¬кіштері - Шоқтас, Қошқорған бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді.
www. ZHARAR. com

Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықтан Түркістан қаласы төңірегінде Қазақстанның басқа да өңіріндегідей Андронов мәдениетін жасаушылар тұрған. Түркістанның ежелгі аты - Ясы. Архео¬логтар ертедегі Ясының орны қазіргі Күлтөбеге сәйкес келетінін дәлелдеп отыр. 7-12 ғасырлар- да Түркістан төңірегі Шауғар өңірі атанған. Бұл өңір Түрік қағанатына қарады. 9 ғасырда қарлұқтар мен оғыздардың қол астында болды. Бұл өңірге 809-819 жылы аралығында Хорасан билеушісі әл-Манун, 10 ғасырдың соңында саманилік билеуші Наср жаулаушылық жорықтар жасаған. 12 ғасырдың 1-ширегінде қидандар шабуылынан Шауғар құлағаннан кейін, Ясы өлкенің орталығына айналды. Қожа Ахмет Ясауи осында келіп қоныс тепкен кезде атақ-даңққа бөленді. Қожа Ахмет Ясауи қайтыс болғаннан кейін оның қабірі басы¬на мазар тұрғызылды. Ол касиетті орын деген атқа ие болды.
www. ZHARAR. com

Қаланың Ұлы Жібек жолының бойында, Дешті Қыпшақ пен Орта Азияның аралығында болуы, географиялық жағдайдың қолайлылығы, сонымен бірге адамдардың мазарға төуөп етуі, сауданың қызу жүруі елді мекеннің өркендеуіне ықпал етті. Ясы қаласы туралы деректер 13 ғасырда жарык көрген Киракос Гандзакенцидің "Армения тарихы" атты еңбе¬гінде кездеседі. Бұл еңбекте Ясы қаласы Асон деген атаумен берілген. Ясы атауы 14 ғасырдан бастап тарихи шығармалардың беттерінде жиі көріне бастады. Шараф әд-Дин Әли Йездидің хабарларына қарағанда, 1388 жылы Ясыны Тоқтамыстың әскерлері талқандап, түрік тайпаларының қасиетті мекеніне айналған Қожа Ахмет Ясауи мазарын тонайды. Әмір Темір Тоқтамысты талқандағаннан кейін жаулап алған олжаның бір болігін Қожа Ахмет Ясауи кесенесін салуға жұмсайды. Ясы орта ғасырларда Орта Азия ғимараттары үрдісі бойынша дамыды: қамал, шахристан, рабад қалыптасты.
www. ZHARAR. com

Қала туралы
Түркістан - Орта Азия мен Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі. Ол туралы алғашқы деректер араб жазбаларында ІҮ-ІХ ғғ. бастап Шавғар деген атпен кездесе бастайды. Араб тарихшы-географы Әл-Истахри ибн Кордаубех ат-Танрази өз жазбаларында: “Көне Шавғар ХІ ғасырға дейін өмір сүрген де, ХІғ. бастап қала орталығы Ясыға көшті”, - дейді.
www. ZHARAR. com

Бұл деректерді қазіргі біздің археолог ғалымдар да растайды.
Ал қорық ғылыми қызметкерлердің зерттеуі бойынша, Қытай санекрит жазбаларындағы деректерге қарағанда, Түркістан қаласы біздің дәуірге дейінгі ІІ-ІІІ ғғ. өмір сүргендігі және сол кездің өзінде ірі мәдени және рухани орталық болғандығы туралы болжамдар айтылып жүр. Мысал келтіретін болсақ, сол кездегі Қарахандық билеушілердің осында әкелініп жерлене бастауы, атап айтқанда, Отырар билеушісі Ілияс ханның жерленуі, тіптен Сайрамда туып-өскен Ахмет Ясауидің де Түркістан жерінде тұрып, осында жерленуі жайдан-жай емес екендігі анық. .
www. ZHARAR. com

ХІҮ ғасырда, яғни А. Ясауи кесенесі салынғаннан кейін, Түркістан бүкіл түрік тілдес халықтардың діни орталығына айналып, “Хазреті Түркістан” немесе “Кіші Мекке” атанды. Бұл болжамды шығыс зерттеушісі академик В. В. Бартольд да қолдайды.
ХҮ ғасырда Түркістан Сырдария өңірінің саяси және экономикалық орталығына айналып, 1598 жылы ол біржолата қазақ хандығының орталығы болады. Бұған дәлел - А. Ясауи кесенесі төңірегіне қазақ хандарының жерленуі.
Түркістан қаласы сонымен қатар орта ғасырдың өзінде ірі білім орталығы болғандығы белгілі. Оның мәдени өмірінде дәруіш ақындардың, ислам дінін уағыздаушылардың да шығармалары үлкен орын алады.
Олардың қатарына Ахмет Ясауи бастап, оның шәкірті Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Жүгнеки, Жүсіп Баласағұндар жатады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz