Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу
Презентация қосу
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу.
Заңды тұлға әділет органдарында мемлекеттік
тіркеуден өтуге тиіс. Мемлекеттік тіркеу тәртібі заңдарда
белгіленеді. Мемлекеттік тіркеу деректері, соның ішінде
коммерциялық ұйымдар үшін фирмалық атауы заңды
тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік регистріне енгізіледі. Заңды
тұлға мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап құрылды деп
саналады. Филиалдар мен өкілдіктер заң құжаттарында
белгіленген тәртіппен құрылады.
Заңды тұлға мынандай жағдайларда қайта құрылуға тиіс:
1) жарғылық капиталының мөлшері азайтылған
жағдайларда;
2) атауы өзгергенде;
3) шаруашылық серіктестіктеріндегі қатысушылардың
құрамы өзгергенде қайта тіркелуге тиіс.
Аталған негіздер бойынша құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер
заңды тұлға қайта тіркелмейінше жарамсыз болып табылады. Құрылтай
құжаттарына басқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген ретте заңды
тұлға бұл туралы тіркеуші органды бір айлық мерзімде хабардар етеді.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі Азаматтық кодекстен
басқа, Қазақстан республикасы Президентінің 1995 жылы 17- сәуірде
шығарған «Заңды тұлғаларды мемлекттік тіркеу туралы» заң күші бар
Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің заңды
тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы Ережесімен реттеледі.
Мемлекетік тіркеудің құқықтық маңызына келетін болсақ, тұлға
мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап заңды тұлға болып саналады.
Заңды тұлғаны тіркеу фактісі заңды тұлғағазаң талабын сақтауды және
өзінің құрылтай құжаттарын заңға сәйкестендіруді міндеттейді. Тіркеуден
бас тарту сот тәртібімен шешіледі. Заңды тұлғаны құрудың тиімсіздігін
желеу етіп тіркеуден бас тартуға жол берілмейді.
Заңды тұлғаны тарату негіздері.
Заңды тұлға – жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру ұйымын
тарату зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру қызметі
туралы заңдарда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге
асырылады.
Тарату – заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерін
мирасқорлыққа өткізбей тоқтату тәсілі. Тарату ерікті түрде немесе
ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін.
Заңды тұлғаның мүлкін меншіктенушінің немесе меншік иесінің
уәкілдік берген органның шешімі бойынша, сондай-ақ құрылтай
құжаттарында шешім қабылдауға уәкілдік берілген заңды тұлға
органның шешімі бойынша заңды тұлға кез-келген негіз бойынша
таратылуы мүмкін, әрине, бұл жерде әңгіме ерікті түрде тарату
туралы болып отыр.
Заңды тұлғаны тарату дегеніміз – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден алу арқылы
оның құқық және әрекет қабілеттілігінің тоқтатылуы. Заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге
асырушы орган заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдағаннан кейін Қазақстан
Республикасының заңдарында көзделген тарату тәртібінің сақталуын тексереді. Егер
тексеру барысында таратудың белгіленген тәртібінің сақталуын тексереді. Егер тексеру
барысында таратудың белгіленген тәртібінің бұзылғандығы анықталмаса, тіркеуші
орган 10 күн ішінде заңды тұлға қызметінің тоқтатылғандығын тіркейді.
Таратуды тіркеу үшін тіркеуші органға келесі құжаттар ұсынылады: белгіленген үлгідегі
таратуды тіркеу туралы арыз (мемлекеттік үлес қатысы бар ұйымдар реестр
ұстаушының белгісі соғылған арызы); заңды тұлғаны тарату туралы шешім (соттың,
өкілетті органның заңды тұлғаның мүлкінің меншік иесі және т.б.); құрылтай
құжаттары мен статистикалық карточканың түпнұсқалары; заңды тұлғаны
мемлекеттік тіркеуі немесе қайта тіркеуі туралы куәлігінің түпнұсқасы; таратуды тіркеу
үшін алымның төленгені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі;
заңды тұлғаны тарату және несие берушілердің тілектерін білдіру тәртібі мен мерзімі
туралы деректердің жарияланғанын растайтын құжат («Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеудің Ережесі туралы» ҚР Әділет министрлігі тіркеу қызметі комитетінің 1999
жылғы 23 сәуірдегі № 66 бұйрығының 9 бабы).
Заңды тұлға ерікті түрде және
ықтиярсыз тәртіппен таратылуы мүмкін.
Ерікті тәртіпте таратылуына кез келген
негіз ықпал етеді (заңды тұлға мүлкін
меншіктенушінің немесе меншік иесі уәкілдік
берген органның шешімі негізінде, құрылтай
құжаттары бойынша тарату жөнінде
шешім қабылдауға уәкілдік берілген заңды
тұлға органының шешімі негізінде).
Ықтиярсыз таратылу соттың шешімі бойынша жүзеге асады.
Соттың шешімі бойынша заңды тұлға:
1) банкрот болған;
2) заңды тұлғаны құру кезінде заңдардың түзетуге келмейтін сипатта
бұзылуына жол берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп танылған;
3) заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызмет ұдайы
жүзеге асырылған;
4) тиісті рұқсат алынбаған (лицензиясыз) қызметті, не заң құжатында тыйым
салынған қызметті жүзеге асырған не, қызметін заңдарды бірнеше рет
немесе өрескел бұза отырып жүргізген жағдайларда;
5) заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін
Сонымен қатар, заңнама мемлекеттік органдардың, несие
берушілердің заңды тұлғаны тарату жөніндегі талаптың сотқа беруін
көздейді.
Заңды тұлғаның таратылуы заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші
немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдаған орган құрған
тарату комиссиясы жүзеге асырады. Тарату комиссиясы құрылған сәттен
бастап заңды тұлға мүлкін және істерін басқару жөніндегі өкілеттілік соған
ауысады. Тарату комиссиясы заңды тұлғаның таратылу жайлы, несие
берушілерінің талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімі туралы ақпаратты
орталық әділет органының ресми баспасөз басылымдарына жариялайды.
Талаптарды мәлімдеу мерзімі тарату туралы жарияланған кезден бастап
екі айдан кем болмауы тиіс.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 51
бабына сәйкес, заңды тұлға таратылған кезде оның
несие берушілерінің талаптары мынадай кезек
1) бірінші кезекте – таратылған заңды тұлға өміріне
немесе деңсаулығына залал келтіргені үшін жауапты
болған азаматтың талаптары тиісті мерзімді
төлемдерді капиталға айналдыру жолымен
қанағаттандырылады;
2) екінші кезекте — несие берушілердің қамтамасыз
ету сомасы шегінде таратылған банкроттың мүлкін
кепілге салып қамтамасыз етілген міндеттемелері
жөніндегі талаптары қанағаттандырылады;
3) үшінші кезекте – еңбек шарты бойынша жұмыс
істейтін адамдардың еңбегіне ақы төлеу және
авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу
жөніндегі есеп айырысу жүргізіледі;
4) төртінші кезекте – бюджетке және бюджеттен
тыс қорларға міндетті төлемдер жөніндегі берешек
өтеледі;
5) бесінші кезекте – заң құжаттарына сәйкес басқа да
несие берушілермен есеп айырысылады.
Ерікті банкроттық борышқордың еркімен сотқа
арыз беруі арқылы сот шешімімен танылады немесе
несие берушілердің бақылауына негізделген өтініш пен
сотсыз – ақ жүзеге асады. Ал мәжбүрлеу тәртібімен
болатын банкроттық несие берушінің, сондай – ақ заң
актілерінде көзделген жағдайларға сәйкес өзге де
адамдардың сотқа өтініш беруі немесе «Банкроттық
туралы» заң талаптары арқылы мүмкін болады.
Борышқор Азаматтық кодекске сүйене отырып
өзінің дәрменсіздігіне байланысты банкроттық туралы
іс қозғауды сұрап сотқа өтініш бере алады. Борышқор
өзін тарату жөнінде сотқа жүгінгенде қолдағы мүлкі
бойынша несие берушілердің талабын қанағаттандыра
алмайтындығын, яғни дәрменсіздігін сотқа берген
өтінішінде баяндауы тиіс.
Заңды тұлғаның банкрот болуы оның
таратылуына негіз болған ретте, оның таратылу
тәртібі өзгешелеу болып келеді.
Банкроттық туралы Заңда несие берушінің
өтінішіне қойылатын талаптар да көрсетілген.
Істі алдын ала дайындау аяқталғаннан кейін,
бірақ іс қозғалғаннан соң бір айдан кешіктірілмей,
банкроттық туралы іс соттың қарауына
тағайындалуға тиіс, ол туралы сот ұйғарым
шығарды. Банкроттық туралы іс сотқа өтініш
түскен күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімде
сот отырысында қаралуға тиіс («Банкроттық
туралы» ҚР Заңының 34 бабы). Заңды тұлғаның
таратылуы жөнінде мемлекеттік регистрге тиісті
жазба жасалғаннан кейін оның таратылуы
аяқталады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz