Республиканың барлық өзендері



Қазақстанның сумен қамтамасыз етілуі және су ресурстарының өзгерістерінің талдауы мен бағасы
Орындаған: Хабиева А.
Тексерген: Мамутов Ж. У.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті География және табиғатты пайдалану факультеті Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы

Жер көлемі жөнінен әлемде 9 орынды иеленетін Қазақстанның сумен қамтамасыз етілуі жағына келгенде ауыз толтырып ештеңе айта алмайды екенбіз. Осыдан біраз уақыт бұрын ғана Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің есептеп шығарғанындай, соңғы 50 жыл ішінде біздегі су қоры 20 миллиард текше метрге азайған.
Су ресурстарының азаю процесін экологтар еліміздегі өзен-көлдердің шекара аймағында орналасуымен байланыстырады.
Елдегі су ресурсы бір жыл ішінде орта есеппен 100 текше шақырымды құраса, оның тек жартысынан сәл асатын мөлшері ғана өз аумағымыздың еншісіне тиеді екен. Ал, қалған бөлігі көрші елдерден - Қытай, Ресей, Өзбекстан мен Қырғызстаннан бастау алатындығы тағы белгілі. Су көзі - қай заманда да сол елдің басты қауіпсіздігіне тікелей қатысы бар стратегиялық табиғи байлық.

Қазақстанның кең байтақ даласы, шынында да, су көздеріне аса зәру. Бүкіл аумағының 60-70 пайызын тек шөл және шөлейт жерлер құрайтын біздің елімізде су қорының азайып бара жатқандығы туралы құрылықтық деңгейде дабыл қағудың экологиялық өзіндік заңдылығы да жоқ емес. Кеңестік кезеңде Ресей өзендерінің арнасын Қазақстанға бұру жобасы аяқсыз қалғаны белгілі. Өйткені, жерасты су көздерінің бір-бірімен ұштасып жату заңдылығын бұрын КСРО ғалымдары анықтап, әлемдік картаға түзетулер енгізген болатын.

Еліміздегі су қорының қазіргі хал-жағдайын білу үшін бірер цифрға үңілсек, соның өзі жеткілікті. Қазақстан сумен қамтамасыз етілуі жағынан ТМД елдері арасында соңғы орындардың бірінде тұр.
Ғылыми тілмен айтсақ, әрбір қазақстандық бір жыл ішінде 6 мың текше метр су жұмсайды екен. Ал, көктемде суын бұруға көлгірситін Қырғызстанда бұл цифра 11 мың текше метрден асатын болып шықты.
Бүгінде республикада құбыр арқылы жүретін сумен қала халқының 70-75 пайызы ғана қамтамасыз етілсе, орталықтандырылмаған су жүйесі көздерімен қазақстандықтардың 15-18 пайызы қамтылады да, ал, қалған тұрғындар тек тасып әкелінетін және ашық көздерден алынатын суды тұтынады.


Қазақстан өзендері
Қазақстан аумағында ірілі - ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде өзеннің (Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу) ұзындығы 1000 км - ден асады.
Республиканың барлық өзендері Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды. Екі алап арасындағы суайрық Сауыр Тарбағатай тау жүйесінің қырқасы мен Сарыарқа. Торғай үстірті арқылы өтіп, Оңтүстік Оралға тіреледі.
Солтүстік Мұзды мұхит алабы өзендерінің су ағыны тұрақты келеді. Бұл алқапқа жататын өзен Ертіс (Есіл және Тобыл салаларымен) .
Республика өзендерінің едәуір бөлігі ішкі тұйық алапқа жатады. Ішкі тұйық алап ірі көлдерге құятын өзендер жүйесімен келесі сатыдағы кіші алапқа бөлінеді. Бұл көлдердің ірілері Каспий, Арал теңіздері және Балқаш көлі. Ішкі тұйық алапқа ұсақ көлдерге құятын, құмға барып сіңіп кететін, сондай - ақ уақытша ағатын өзендер де жатады.

Каспий теңізі алабы Батыс Қазақстан өзендерін қамтиды. Оларға Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Үлкен өзен, Кіші өзен және т. б. жатады.
Арал теңізі алабына Оңтүстік және Орталық Қазақстанның оңтүстік бөлігінің өзендері жатады. Өзендер шөл зонасында орналасқан және өзен желісі сирек. Басты өзендері Сырдария, Арыс саласы мен Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас өзендері. Бұлардың ішінде Сырдариядан басқасы Арал теңізіне жетпей құмға сіңіп кетеді.
Балқаш - Алакөл көлдер жүйесіне Қазақстанның оңтүстік шығысындағы өзендер кіреді. Олар: Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан және т. б.

Өзен жүйесінің ерекшелігі.

Қазақстанның ең мол сулы өзені - Ертістің көп жылдық орташа су шығыны 960 м3/с, Сырдарияда - 730 м3/с. Өзеннің жыл бойындағы ағып шыққан су шығынын жылдық ағын деп атайды. Мысалы, Ертістің жылдық ағыны - 28 млрд м3. Су ағыны жер беті суларының қорларын анықтайды. Ағын республика аумағы бойынша өте әркелкі тараған, беткі ағынының мөлшері - 59 км3.
Қазақстанның жазық аудандарында жылдық ағынды негізінен анықтайтын қар жамылғысының таралу сипаты және қардың еру алдындағы суының қоры болып есептеледі. Жаңбыр түгелге жуық топырақтың жоғарғы бетін ылғандандыруға және буландыруға жұмсалады. Жылдық ағынның мөлшері ең алдымен климатқа байланысты. Өзендердің жылдық ағынына жер бедері де әсерін тигізеді, ол таулы өзендердің басты факторларының бірі болып табылады. Абсолюттік биіктік артқан сайын жылдық атмосфералық жауын-шашын мөлшері молая түседі. Қазақстанның солтүстігінде ылғалдану коэффициенті бірдің маңында, сондықтан ағын да көбірек және өзендердің суы да молырақ. Оңтүстікте ылғалдану коэффициенті бірден төмен, ағын мөлшері де аз.
Қазақстан бойынша орташа ағынның әрбір км2 - ге келетін мөлшері 2 м3. Республикамыз өзен ағынының мөлшері жағынан Түрікменстаннан ғана алады. Ағын жыл маусымдарына қарай өзгертіп отырады. Қыс айларында жазықтағы өзендер жылдық ағынның 1%-ын береді. Адам баласы бөген салып, өзен ағындарын реттеп отырады. Бөгендегі су халық шаруашылығына қыста да, жазда да біркелкі пайдаланылады. Бөгендер қолдан жер суландыруға, электр энергиясын өндіруге, т. б. жағдайларға қолайлы. Елімізде 168 су бөгені бар, олардың ең ірілері - Бұқтырма мен Қапшағай бөгендері. Қазақстан өзендері негізінен қар, жаңбыр, мұздық және жер асты суымен қоректенеді.

Солтүстік Мұзды мұхит алабы.
Ертіс-Солтүстік Мұзды мұхит алабының басты өзені. Оның ұзындығы 4248 км, тек 1700 км-ге жуық бөлігі ғана Қазақстан жері арқылы ағып өтеді. Ол Қытайдан Бала Ертіс деп басталып, Қазақстанда Қара Ертіс деп аталып, Зайсан көліне келіп құяды. Көлден ағып шыққанда өзен Ақ Ертіс немесе Ертіс деп аталады да, Ресей аумағында Обь өзеніне барып құяды. Ертіс алғашқыда белесті-төбелі жазықпен ағып, Алтайдың Нарын, Қалба жоталары т. б. тау сілемдерінің аралығындағы тар шатқалдармен Өскемен қаласына дейін ағады. Оған Семей мен Өскемен қаласының аралығында көптеген салалар келіп құяды. Бұлардың ішіндегі суы мол әрі ең ірісі - Бұқтырма өзені.
Ертіс өзенінің бойында Бұқтырма сағасынан төменіректе Бұқтырма СЭС-і салынған. Ертіс шатқалында орасан зор бөгет салудың нәтижесінде, ағыс бойымен жоғары қарай ұзындығы 600 км-ге созылған су бөгені бар.
Бұқтырма бөгенін көлеміне қарай Үлкен Ертіс теңізі деп атауға болады. Бұқтырма бөгенінен төменде, тау аралығындағы тар шатқалда Ертіс өзенінде екінші бөген-Кіші Ертіс жасалған. Ертістің бұл жердегі суын көтеріп тұрған Өскемен СЭС-інің бөгеті.
Өскемен мен Семей қалаларының аралығында Шүлбі бөгені орналасқан. Оны Шүлбі СЭС-інің бөгеті бөгеп тұр. Өскеменнен төмен қарай Ертіс кең аңғармен ағады, оның оң жағында - Кенді Алтай, сол жағындағы - Сарыарқа жатыр. Аңғардың жағалауы едәуір биік әрі тік құламалы, кей жерлері жартасты. Ертіс Семей қаласы тұсында нағыз жазықтағы өзенге айналады. Бұл жерде өзен арнасы ирелеңдеп келеді де, кей жерде тарамдалып кетеді. Өскемен мен Семей қалалары арасында Ертіске бірнеше сала келіп құяды, олардың ішіндегі ең ірілері-оң жақтан қосылатын Үлбі мен Үбі өзендері және сол жатқан қосылатын шар мен Қызылсу өзендері.

Ертістің барлық бөлігі кеме жүзуге қолайлы. Жолаушылар және жүк таситын өзен кемелері Қытай шекарасына дейін барады. Ертістің суын электр энергиясын өндіруге пайдаланады. Ірі екі СЭС кенді Алтайдың өндіріс орындарына электр қуатын береді. Қазір тағы бір қуатты үшінші- Шүлбі СЭС-інің құрылысы салынып жатыр.
Ертіс балыққа бай және онда кәсіптік маңызы бар шоқыр, сыла, бекіре, шортан, сазан, табан балық, алабұға, қара балық ауланады. Жаңадан көксерке және байкал түркесі өсіріле бастайды.
Ертіс өзені республиканың халық шаруашылығы үшін маңызы ерекше, бірақ мүмкіндігі әлі де жеткілікті пайдаланылмай келеді. Ертіс суының көбі текке Обь өзеніне ағып кетіп жатыр. Сондықтан халық игілігіне жарату мақсатымен суының бір бөлігі Ертіс - Қарағанды каналы арқылы Орталық Қазақстанға әкелінеді. Орталық Қазақстан пайдалы қазбаларға өте бай, бірақ онда су тапшы. Жазда кеуіп қалатын біраз ұсақ өзендер халықтың және шаруашылықтың өсіп келе жатқан талабын қанағаттандыра алмайды. Сондықтан ұзындығы 458 км, тереңдігі 5-7 м-ге дейін жететін Ертіс - Қарағанды каналы 1974 жылы іске қосылды. Канал арқылы Ертістен 75 м3/сек су келеді. Каналдың екінші кезеңі Жезқазғанға дейін тартылады. Павлодар, Қарағанды облыстарын сумен қамтамасыз етуде ролі зор. Ертістің сол жақ салалары Есіл мен Тобыл өзендері Қазақстанның солтүстік аймақтарын басып өтіп, Ертіске республика шегінен шыққаннан кейін барып құяды.


Каспий теңізінің алабы.
Жайық өзені - Орал тауынан басталып, Батыс Қазақстанды солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өтіп каспий теңізіне құяды. Жайықтың ұзындығы 1082 км, республика жеріндегі ұзындығы 2428 км.
Каспий маңы ойпатымен аққанда Жайық өзені кең жайылымдар, ескі арналар, ұсақ көлдер пайда болады. Өзеннің жағалауында құм мен саздан түзілген тік жарқабақтар жиі кездеседі. Өзен құяр жерінде екі тармаққа бөлінеді. Негізінен қар суымен қоректеніп, көктемде тасиды. Орташа жылдық су шығыны 400 м3/сек, оның 80%-і көктем айларына келеді. Өзен тасыған кезде деңгейі орта және төменгі ағысында 9-10 м-ге көтеріледі. Басты салалары - Самара, Шаған, Елек, Ор. Ал Өлеңті, Бұлдырты, Қалдығайты, Ойыл, Сағыз деп аталатын салалары Жайыққа жетпей құмға сіңіп, тартылып қалады.
Жайық өзенінен республика жерінде ондаған суару-суландыру жүйелері арқылы сумен жабдықталған. Жайық өзенінен Жем мұнай кәсіпшілігі су құбыры тартылған. Жайық өзені кеме жүзуге қолайлы. Өзеннен бекіре, сазан, жайын ауланады.
Каспий теңізі алабына Жем өзені де жатады. Бірақ суы мол кезінде болмаса, ол да теңізге жетпей құмға сіңіп, тартылып қалады.


Арал теңізінің алабы.
Сырдария өзені Қазақстаннан тысқары жатқан Орталық Тянь-Шань тауларынан басталады. Өзеннің ұзындығы 2212 км. Орта және төменгі ағысында республика жерімен өтеді. Өзен алабында өзен суын толықтырушы 1700 мұздық бар. Таудағы қар мен мұздықтардың көктем мен жаз мезгілінде еруінен деңгейі бірнеше рет көтеріледі. Орташа жылдық шығыны Қызылорда қаласы тұсында 673 м3 сек, оның жаз бен көктемдегі үлесі 47%. Өзен желтоқсаннан бастап қатып, наурыздың аяғында ери бастайды. Су лайлылығы 1200 г\м3, Сырдария-республиканың ең лай өзені. Өйткені өзен жолындағы борпылдақ лессті сазды жыныстарды шайып өтіп, ені 10-15 км жайылмалар жасайды. Бұл уақытта өзен арнасынан асып, қатты тасиды. Су жан-жағын басып, арнасын өзгертеді.

Сырдария (Сейхун) жағалауы сонау ежелгі заманнан бері халық тығыз қоныстанған, суармалы егіншілік кеңінен дамыған мәдениет ошақтарының бірі болып саналады. Бүгін Сырдария аңғары - республикадағы күріштен мол өнім алатын өңір. Өзеннің ағынын реттеп, суын егістік пен шабындықтарды суаруға және суландыруға тиімді пайдалану үшін өзен бойында Қызылорда, Қызылқұм және Қазалы суару жүйелері, Шардара бөгені т. б. салынған.
Өзен суы халық шаруашылығының мұқтажына толық пайдаланылуына байланысты Сырдария Арал теңізіне жылдан бері құймайды. Сырдария Қызылқұм, Арысқұм және Арал маңы Қарақұмын кесіп өтеді. Өзеннің кәсіптік маңызы бар көксерке, табан балық, ақмарқа, қаяз сияқты балықтарды да азайып кетті. Сырдарияға Қазақстан жерінен жалғыз Арыс өзені құяды.
Арал теңізінен шығысқа қарай және солтүстігінде бірнеше ұсақ көл бар. Оларға біраз кішігірім өзендер мен жылғалар келіп құяды. Бұлардың ішіндегі ең маңыздылары: Шу, Сарысу, Торғай және Ырғыз.
Қызылқұм құмды шөлінің арасында Жаңадария, Қуаңдария сияқты құрғап қалған ескі арналар көп кездеседі.


Балқаш-Алакөл алабы.
Бұл алаптың ең үлкен өзені - Іле. Іле өзені Шығыс Тянь-Шань тауларынан басталатын Текес және Күнгес өзендерінің қосылуынан пайда болады. Текес өзенінің құяр сағасынан өзеннің жалпы ұзындығы 1439 км, оның Қазақстан жеріндегі ұзындығы 815 км. Республика шегіндегі ірі салалары: Түрген, Талғар, Қаскелең, Күрті, Шілік, Шарын, Өсек. Үлкен және кіші Алматы өзендерінің таудан ағып шығар аралығында Қазақстанның ірі қаласы - Алматы орналасқан. Басталар жерінде тау өзені болып табылатын Іле орта және төменгі бөлігінде жазық өңірмен ағады. Қапшағай шатқалы маңында өзен аңғары тарылады да, Күрті өзені құйғаннан кейін аңғары кеңіп, қайтадан жазық өзеніне айналып, Сарыесік Атырау және Тауқұм құмдары аралығымен ағады.
Қапшағай шатқалынан төмен Іленің көне атырауы Бақанастың құрғақ арналары бөлініп шығады. Іленің аңғары 200 м-ден 15 км-ге дейін кеңейеді. Суының молдығы жөнінен Іле республикадағы Ертіс, Жайықтан кейінгі үшінші өзен. Жылдық орташа су шығыны 472 м3/сек. Негізінен қар мен мұз суымен қоректенеді. Өзеннің ең жоғарғы деңгейі шілде- тамыз айларында байқалады. Өзен қарашаның аяғында қатып, сәуірдің басында мұзы түседі.

Іле алабындағы тау өзендерінде тасты-лайлы тасқындар жиі болып тұрады. Тасқындар жолындағы тау беткейлерін бұзады, өзен арнасын өзгертеді, көпірлер мен құрылыстарды талқандап, халық шаруашылығына көп зиян келтіреді. 1963 жылғы 7 шілдеде болған жойқын сел әдемі Есік көлінің табиғи бөгетін бұзып, көлді жойып жіберді. Соңғы кезде селге қарсы күрес жұмыстары жүргізіліп, түрлі шаралар жүзеге асырылуда. Мысалы, тау беткейлерін бұзылудан сақтау үшін ағаш отырғызылып, шөп өсірілуде, бөгендер салынуда.
Алматыдан жоғары, Іле Алатауының Медеу шатқалында селге қарсы тосқауыл мақсатында зор қопарылыс арқылы 1966 жылдың күзінде Медеу бөгеті салынды. Оның биіктігі 100 м-ге, табанының ені 600 м-ге жуық. Ол Алматы қаласын 1973 жылғы шілдеде болған жойқын селден құтқарып қалды. Іле өзені Қытай шекарасына дейінгі бөлігінде кеме қатынасына қолайлы. Іле салаларының суы түгел дерлік егін суаруға пайдаланылады. Үлкен Алматы каналы Іле Алатауы етегінде ондаған мың гектар жерді суаруға мүмкіндік береді.
Іле өзенінде Қапшағай СЭС-і салынып, Қапшағай бөгені пайда болды. Мұның өзі суармалы жердің көлемін ұлғайтып, кеме қатынасын жақсартты. Қапшағай СЭС-і өнеркәсіптің әр түрлі саласын өркендетуге және ауыл шаруашылығын электрлендіруге мүмкіндік береді.



Көлдер мен бөгендер.
Қазақстанның кең байтақ аумағында ірілі- ұсақты 48 мыңнан көлдер және 3 мыңға жуық бөгендер бар. Климат жағдайына байланысты көлдердің көбі Қазақстанның солтүстігіне қарай орналасқан. Олардың ішінде Каспий теңізі, Арал теңізі және Балқаш, Зайсан, Алакөл сияқты ірі көлдерден басқа, көбі көлемі бір шаршы километрден кем шағын көлдер. Көлдердің барлық дерлік тұйық көлдер. Олардың деңгейі ауық-ауық өзгеріп лтырады. Көбінің суы тұзды, сондықтан тұнба тұзды болады, олардан тұз өндіріледі. Қазақстанда ауданы 100 шаршы километрден астам 21 көл бар. Олар республикадағы көлдердің бүкіл ауданының 60% - ын алып жатыр.

Қазақстан көлдері қазаншұңқырларының пайда болуына қарай бірнеше типке бөлінеді.
Тектоникалық көлдер. Төмен түскен ойыстар мен жарықтарда көл қазаншұңқырлары суға толып, көлдер пайда болады. Мұндай көлдер Қазақстанның оңтүстік-шығыс таулары мен Сарыарқада көбірек таралмаған. Зайсан, Марқакөл, Қарасор, Теңіз-Қорғалжың тобы, Көкшетау тобы, бұрынғы тектоникалық бөген Есік көлі т. б. су айдындары осы топқа жатады.
Реликті (қалдық) көлдер ертеде пайда болған жазықтарға, оның ішінде Каспий маңы ойпатына тән. Сонымен қатар Тұран ойпатының Торғай қолатындығы, Балқаш-Алакөл ойысындағы кейбір көлдер қалдық көлдерге жатады. Қазақстанның басты қалдық көлдері-Каспий мен Арал теңіздері. Бұлар жер қыртысының- майысқан бөлігінде тектоникалық көлдер болып қалыптасты.
Мұздық көлдер типі. Биік тауларда ежелгі мұз басқан аудандарда кездеседі. Оларға мореналық көлдер жатады. Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзеннің бастауы Үлкен Алматы көлі, Жоңғар Алатауының солтүстік беткейіндегі Лепсі өзені бастау алатын Жасылкөл және т. б. мұздық көлдері жатады.
Кар көлдері. Биік тауларда қар сызығы маңында аяздық үгілу нәтижесінде пайда болған шұңғымаларда таралған. Қар ойыстарының пішіні көбінесе дөңгелек болып келеді, олар суға толғанда қар көлдері құралады. Мұндай көлдер өте көп, бірақ олардың көлемі шағын болады.
Суффозиялық немесе борпылдақ жыныстардың шөгуі салдарынан пайда болған көлдер. Оларды дала табақшалары деп те атайды. Түбі тегіс ойыстар суға толып, шағын көлдерге айналады. Қазақстанның солтүстігінде, Батыс Сібір жазығында мұндай көлдер өте көп.
Ескі арна көлдері. Қазақстан өзендерінің ирелеңдеп ағу нәтижесінде негізгі арнадан бөлініп қалған көлдер. Өзен жайылымаларында орналасады.

Бөгендер.
Қазақстан аумағында жер беті ағындарын реттеу мақсатында өзен арналарын бөгеу арқылы жасалады. Егер көлемі кіші ойыстарды бөгейтін болса, оларды тоған деп атайды. Бөгендер негізінде халықтың қажетін өтеу үшін жасалады. Бөгендер су айдынның алып жатқан ауданына қарай келесі бөліктерге бөлінеді: дейін-кіші, дейін-орта, дейін-ірі, одан үлкендері-аса ірі бөгендер.
Қазақстанда қазір мыңдай бөгендер мен тоғандар бар. Алып жатқан ауданы мың км. Оларда км тұщы су жиналған. Республикада екі өте ірі, бір-ірі және алты орта бөгендер бар, қалғандары кіші бөгендер. Бөгендердің көбі Орталық, Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда шоғырланған. Олар: Бұқтырма, Қапшағай, Шардара, Самарқанд, Бөген, Ақкөл, Молодежное, Шерубай-Нұра, Кеңгір, Өскемен, т. б.

Бұқтырма бөгені

Қапшағай бөгені

Жер асты сулары- қатты, сұйық және газ күйінде жердің литосфера қабатында, тау жыныстарының арасындағы қуыстарда, кеуектерде, жарықтарда болатын су. Олар өзен, көл, теңіз және мұхит суларымен бірге жер шарының гидросфера қабатын құрайды. Жер асты сулары сол жердің орографиясына, климатына, тау жыныстарының сипатына қарай әр түрлі болады.
Жарықшақтық типті жер асты суы Тянь-Шань, Алтай, Жоңғар Алатауы және Сарыарқаның аласа тауларында тараған. Бұл сулар кристалды тау жыныстарының жарықтары мен жарықшақтарында кездеседі. Тектоникалық жарықтарда минеральды бұлақтар орналасқан.
Жарықшақтық қат - қабатты типті жер асты сулары Маңғыстау, Мұғалжар, Сарыарқа тауларындағы палеозой және мезозой жыныстарының қат -қабаттарында қалыптасады. Жер асты суының бұл типі таулы өңірлердің 800 мың км2 ауданында таралған.
Қат - қабатты жер асты сулар типі шөгінді жыныстардың арасында кеңінен таралған. Олар ірі ойыстардан Іле, Торғай, Зайсан және т. б. тереңдігі 100 метрден астам қабаттар арасында молынан іркілген. Тереңдік жағдайларына қарай жер асты сулары грунт суы және артезиан сулары деп бөлінеді.
Грунт (еспе) суы жер бетіне таяу орналасқан, бірінші су өткізбейтін қабаттың үстінде жатқан сулы қабаттағы жер асты суы. Оның қысымы жоқ, су деңгейі 1 жыл ішінде маусым сайын өзгеріп отырады. Жауын шашын көбейсе көтеріледі, жер беті тілімденсе төмендейді. Еспе суы 3-30 м тереңдікте таралған.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz